Көшелерді қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 198 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-76 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "кент", "кенттік", "кентінің", "кентіне" сөздері "ауыл", "ауылдық", "ауылының", "ауылына" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімінің 22.02.2017 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік– аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімінің 22.02.2017 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Шұбарқұдық ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Шұбарқұдық ауылының кейбір көшелері қайта аталсын:
      1) "Бақшалы тұйық" көшесі мұнай салалсына көп жылдар еңбегі сіңген, Лениндік сыйлығынының лауреаты, мұнай өнеркәсібінің үздігі Нарен Имашевтің есімімен;
      2) "Базар" көшесі Шұбарқұдық ауылына көп жылдар бойы еңбегі сіңген, соғыс және еңбек ардагері Ізтлеу Балмұханбедов есімімен.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі: Н.Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады