Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N 126 "а" қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 маусымдағы N 10-65 шешімі. Алматы облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 18 шілдеде N 2013 тіркелген

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол селолық округке ең жуық елді мекендерді құрамына енгізілсін:
      1) Алакөл ауданы бойынша:
      Қамысқала селолық округінің Ұялы ауылы, тұрғындары Қамысқала ауылының құрамына.
      2) Балқаш ауданы бойынша:
      Жиделі селолық округінің Айнакөл ауылы, тұрғындары Жиделі ауылының құрамына;
      Миялы селолық округінің Құланбасы ауылы, тұрғындары Миялы ауылының құрамына.
      3) Сарқан ауданы бойынша:
      Аманбөктер селолық округінің Үштөбе ауылы, тұрғындары Аманбөктер ауылының құрамына.
      4) Талғар ауданы бойынша:
      Бесқайнар селолық кругінің Алматау ауылы, тұрғындары Бесқайнар ауылының құрамына;
      Бесағаш селолық округінің Алмалы ауылы, тұрғындары Бесағаш ауылының құрамына енгізілсін.
       2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
       3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Баталовқа жүктелсін.
       4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының
      әкімі                                      С. Үмбетов

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       К. Нүсіпов

      Алматы облыстық
       мәслихатының хатшысы                      А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады