Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер телімдерінің жеке меншікте болуы мүмкін ең аз мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 10-48 шешімі және Балқаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 6-9 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Балқаш ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 21 шілдеде N 2-6-47 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 12-13 шешімімен және Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 25-128 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2009.12.10 N 12-13 шешімімен және Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2009.12.01 N 25-128 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасында, 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Балқаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жеке меншікте болу ең аз мөлшері ауданымыздағы бір жан басына берілу нормасына сәйкес, барлығы 3 га жер, оның ішінде суармалы егістік 3 га болып белгіленсін.
       2. Бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Агроөнеркәсіптік шағын, және орта кәсіпкерлікті дамыту, экология жөніндегі" тұрақты комиссияның төрағасы М. Ноғайбайға және аудан әкімінің бірінші орынбасары М. Қамаубаевқа жүктелсін.
       3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданының мәслихат          Балқаш ауданының
      хатшысы                            әкімі
      Қ.Ақылбеков                        Е.Қошанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады