Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N 15-2 шешімі және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 шілдедегі N 2712 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбешіқазақ ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 18 тамызда N 2-8-96 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылғы 10-шілдедегі N 7-2/900 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы көлемі 9649,38 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.
      Есік қалалық аумағы - 1300,0 га;
      Бөлек ауылдық аумағы - 226,0 га;
      Көктөбе ауылдық аумағы - 266,06 га;
      Түрген ауылдық аумағы - 303,44 га;
      Қаракемер ауылдық аумағы - 215,0 га;
      Маловодный ауылдық аумағы - 486,66 га;
      Ақши ауылдық аумағы - 301,0 га;
      Балтабай ауылдық аумағы - 1557,63 га;
      Қырбалтабай ауылдық аумағы - 256,0 га;
      Ташкенсаз ауылдық аумағы - 331,88 га;
      Саймасай ауылдық аумағы - 474,8 га;
      Ават ауылдық аумағы - 140,0 га;
      Жанашар ауылдық аумағы - 305,0 га;
      Бәйтерек ауылдық аумағы - 588,7 га;
      Рахат ауылдық аумағы - 407,23 га;
      Шелек ауылдық аумағы - 179,4 га;
      Асы ауылдық аумағы - 385,56 га;
      Қаражота ауылдық аумағы - 308,1 га;
      Қазақстан ауылдық аумағы - 107,18 га;
      Масақ ауылдық аумағы - 157,0 га;
      Тескенсу ауылдық аумағы - 153,2 га;
      Нұра ауылдық аумағы - 159,0 га;
      Қаратұрық ауылдық аумағы - 507,28 га;
      Қорам ауылдық аумағы - 151,75 га;
      Октябрь ауылдық аумағы - 381,51 га.
       2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 9649,38 га кеңейтілсін.
       3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлім тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
       4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       5. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      15-сессияның төрағасы                      Ш. Бөлтаева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқанбаев

      Еңбекшіқазақ ауданының
      әкімі                                      Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады