Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы N 5-52 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 28 наурызында N 2-19-56 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының (5-2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға, меншік түріне қарамастан, жұмыс орнының жалпы санының үш пайыз ретінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін

      2. Кәсіпорындар мен ұйым басшылары мүгедектердің шектеулі мүгедектігіне орай, жеке ерекшелігіне сай келетін қажетті жұмыс орнын қамтамасыз етсін.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсунжанға:

      1) жұмысқа орналастыру туралы көмек сұраған мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарын пайдаланып, жұмысқа орналастыру;

      2) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      

      Аудан әкімі                                К. Омаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады