Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 119 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылы 06 маусымда 1691 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 қыркүйектегі № 254 Қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.09.02 № 254 Қаулысымен.    

       Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 1 , 9-1 , 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 , 2007 жылғы 30 маусымдағы Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы N 561 қаулыларына сәйкес, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса берілген стандарттары бекітілсін:
      1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
      2) тұрғын үй көмегін тағайындау.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б. Иманәлиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                         Б. Жексембин

Жамбыл облысы әкімиятының
2008 жылғы 25 сәуір N 119
қаулысымен бекітілген

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет: аталған стандарт 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша      мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негіздемесі болып мыналар табылады: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі жүзеге асырудың кейбір шаралар туралы" N 1092 Қаулысы.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекемелер осы Стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту болып табылады.
      6. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет жан басына шаққандағы айлық табысы облыста тиісті кезеңге белгіленген азық-түлік себетін құнынан төмен отбасыларына көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

      7. Қызмет көрсету мерзімі:
      1) қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 30 минут;
      3) хабарлама алған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 10 минут.
      8. Қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат ақпараттың ресми көздерінде орналасады: облыстық "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде, сондай-ақ аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің күту залдарында орналасқан стенділерде, сондай-ақ http://sobes.zhambyl.kz/ веб-сайтында.
      10. Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыс кестесі: демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетілген түрде ресімдеу көзделмеген.
      11. Күту залы мен құжаттарды қабылдайтын және консультативтік қызмет көрсететін мамандардың кабинеттерінде жәрдемақы алуға үміткерлер үшін қажетті жағдайлар жасалған; анықтамалық-диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, толтыратын құжаттардың үлгісі мен әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы ақпарат қойылған тағандар бар, күту шарттарын құру мақсатында күтетін азаматтар үшін орындықтар қойылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды алу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:
      Балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш;
      Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
      Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      Отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      Белгіленген нысан бойынша отбасының құрамы туралы мәлімет;
      Өтініш иесі отбасы мүшелерінің көрсетілген табыстарды растайтын құжаттарымен бірге (жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы туралы және тағы басқа) тапқан табыстары туралы берілген нысан бойынша және жеке қосалқы шаруа қожалығының бар-жоғы туралы белгіленген нысандағы мәлімет.
      13. Қажетті құжаттардың нысаны аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беріледі.
      14. Өтініш нысандары мен толтырылған бланкілер аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің тиісті кабинеттеріне тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып өтініш бланкісінен алынған қабылдау мерзімі мен құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі көрсетілген түбіршек табылады.
      16. Жәрдемақы тағайындау бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің тиісті кабинеттерінде қолма-қол беріледі немесе поштамен жіберіледі.
      17. Өтініш иесі мемлекеттік мемлекеттік балалар жәрдемақысын алу құқығын жоғалтатын деректің анықталуы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады:
      1) қажетті құжаттардың болмауы;
      2) табыстың асып кетуі;
      3) жәрдемақы тағайындауға қажетті мәліметтерді толық емес түрде және жалған мәліметтер беру.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жәрдемақы алуға үміткерлерге қатысты төмендегідей қағидаттарды басшылыққа алулары тиіс: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес көрсетілетін сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді мыналар жүзеге асырады:
      Тиісті аудандар мен Тараз қаласының әкімияттары.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
      Тиісті аудандар мен Тараз қаласының әкімияттары.
      23. Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Арыз-шағымдар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртібі мен мерзімімде қаралады.

       Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 қаулысымен.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім басшыларының байланыс деректері (сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, телефоны) Стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      Жоғары тұрған органдар:
      1) Осы Стандарттың N 3 қосымшасына сәйкес тиісті аудандар мен Тараз қаласы әкімияттары;
      2) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Қарахан көшесінің 1, телефон 459713, e-mail: taraz@enbek.kz.
      Күн сайын сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін. Бастықтың қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін. Бастық орынбасарының қабылдау күндері: күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін.
      25. Тұтынушыға басқа қажетті ақпараты http://sobes.zhambyl.kz/ ресми сайтында орналасқан.

Стандарттың N 1 қосымша

Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Атауы

Меңгерушінің аты-жөні, жұмыс және қабылдау кестесі

Мекен жай, кабинетінің нөмірі

Байланыс телефондар, электрондық пошта

1

"Тараз қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай ММ)

Сейдалина Қосайкул Сатыбалдықызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 кабинеті N 201

8-7262-345124, 342879 sobes-taraz@mail.ru

2

"Байзақ ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Абдрахманова Бақыткүл Ешенқұлқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 кабинеті N 102

8-72637-21971, 22338 utzszn_baizak@topmail.kz

3

"Меркі ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Абылқасымов Шорман Төреханұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 157 кабинеті N 104

8-72632-22551, 21666 mozsp@mail.kz

4

"Т.Рысқұлов ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Қосалов Шардарбек Амреқұлұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 83 2 қабат кабинеті N 204

8-72631-21281, 21644 TRS2008@ topmail.kz

5

"Қордай ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Қарамолдаева Баян Назкейқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3 кабинеті N 105

8-72636-21281, 21249 utzsnkorday@mail.kz

6

"Шу ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Оңласын Мейірбек Қалмырзаұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі 189 кабинеті N 104 

8-72638-31096, 31637 shuozsp@ topmail.kz

7

"Талас ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Тұралиева Роза Тұралықызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 кабинеті N 106

8-72644-61306, 61522 otzsp_karatau@mail.ru

8

"Сарысу ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Усембаев Болат Базарбайұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Жанатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 53 кабинеті N 102

8-72634-62806, 61680 dkz@mail.kz

9

"Жуалы ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Құрмашев Кәрібай, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 кабинеті N 105

8-72635-22276, 22150 juali_sobes@mail.ru

10

"Жамбыл ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Несіпбеков Нұрлан Құдербайұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Аса ауылы, Абай көшесі, 123 кабинеті N 201

8-72633-21756, 21182 asa_sobes@mail.ru

11

"Мойынқұм ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Даниярова Жақсыгүл Мырзабайқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 кабинеті N 103 

8-72642-24721, 24893 ozsp_moinkum@ topmail.kz

Стандарттың N 2 қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

99

100

99

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

98

100

98

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

100

99

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

100

99

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

5

10

5

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

2

0

2

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

3

0

3

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

100

99

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

98

100

98

Стандарттың N 3 қосымша

Аудандар мен Тараз қаласының әкімияттарының байланыс деректері

Атауы

Мекен жай

Байланыс телефондар және сайт (электрондық пошта)

1

Тараз қаласы әкімияты

Тараз қаласы, Достық алаңы, 3

8-7262-454814 430846 www.gorakim.kz

2

Байзақ ауданының әкімияты

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 107

8-72637-21096 21582 baizak_akimat@mail.ru

3

Меркі ауданының әкімияты

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169

8-72632-21689 21361 mozsp@mail.kz www.zhambul.kz

4

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімияты

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75

8-72631-21600 22342 www.T-Ryckulov.kz

5

Қордай ауданының әкімияты

Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106

8-72636-21240 21360 www.akimatkorday.kz

6

Шу ауданының әкімияты

Төле би ауылы, Төле би көшесі, 272

8-72638-32198 31955 www.zhambulshu.kz

7

Талас ауданының әкімияты

Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1

8-72644-62407 60105 ekonomkaratau@mail.ru

8

Сарысу ауданының әкімияты

Жанатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1

8-72634-61437 63281 www.sarysu.ku

9

Жуалы ауданының әкімияты

Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 12

8-72635-21500 21573 www.new.zhualy.kz Jua_fin@tarnet.kz

10

Жамбыл ауданының әкімияты

Аса ауылы, Абай көшесі, 123

8-72633-22328 211535 www.zhambyl.kz marxraiy@mail.ru

11

Мойынқұм ауданының әкімияты

Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 147

8-72642-24155 24487 Moinkum_ akimat@mail.ru

Жамбыл облысы әкімиятының
2008 жылғы 25 сәуір N 119
қаулысымен бекітілген

Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет: аталған стандарт тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы табылады.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеме болып осы Стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері табылады.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет аталған жерде тұрақты тұрып жатқан және тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушысы (жалға алушысы) болып табылатын адамдарға көрсетіледі.
      7. Қызмет көрсету мерзімі:
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 30 минут;
      3) хабарлама алған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 10 минут.
      8. Қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат ақпараттың ресми көздерінде орналасады: облыстық "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде, сондай-ақ аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің күту залдарында орналасқан стенділерде, сондай-ақ http://sobes.zhambyl.kz/ веб-сайтында.
      10. Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыс кестесі: демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетілген түрде ресімдеу көзделмеген.
      11. Күту залы мен құжаттарды қабылдайтын және консультативтік қызмет көрсететін мамандардың кабинеттерінде тұрғын үй көмегін алуға үміткерлер үшін қажетті жағдайлар жасалған; анықтамалық-диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, толтыратын құжаттардың үлгісі мен тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ақпарат қойылған тағандар бар, күту шарттарын құру мақсатында күтетін азаматтар үшін орындықтар қойылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін алу үшін тоқсан сайын мына құжаттарды тапсыру қажет:
      Белгіленген үлгідегі өтініш;
      Тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесімен (тіркеу кітабы) расталатын отбасы құрамы туралы мәлімет;
      өтініш иесі отбасы мүшелерінің көрсетілген табыстарды растайтын құжаттарымен бірге (жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы туралы және тағы басқа) тапқан табыстары туралы берілген нысан бойынша мәлімет және басқа да ұсынылған табыстар.
      Жеке қосалқы шаруа қожалығының бар-жоғы туралы мәлімет;
      Тұрғын алаңын иемдену құқығын немесе тұрғын үйді жалға алу дерегін растайтын құжаттар;
      Отбасының коммуналдық қызметтерге төлемінің шығыстарын растайтын құжаттар.
      13. Қажетті құжаттардың нысаны аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беріледі.
      14. Өтініш нысандары мен толтырылған бланкілер аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің тиісті кабинеттеріне тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып өтініш бланкісінен алынған қабылдау мерзімі мен құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі көрсетілген түбіршек табылады.
      16. Жәрдемақы тағайындау бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің тиісті кабинеттерінде қолма-қол беріледі немесе поштамен жіберіледі.
      17. Өтініш иесі тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтатын деректердің анықталуы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады:
      қажетті құжаттарды тапсырмау;
      табыстың асып кетуі;
      табысты жасыру дерегінің анықталуы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тұрғын үй күмегін алуға үміткерлерге қатысты төмендегідей қағидаттарды басшылыққа алулары тиіс: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес көрсетілетін сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
      Тиісті аудандар мен Тараз қаласының әкімияттары.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
      Тиісті аудандар мен Тараз қаласының әкімияттары.
      23. Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Арыз-шағымдар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртібі мен мерзімімде қаралады.

       Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды, Жамбыл облысы әкімиятының 25.09.2008 жылғы № 305 қаулысымен.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім басшыларының байланыс деректері (сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, телефоны) Стандартты N 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      Жоғары тұрған органдар:
      1) Осы Стандарттың N 3 қосымшасына сәйкес тиісті аудандар мен Тараз қаласы әкімияттары;
      2) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Қарахан көшесінің 1, телефон 459713, e-mail: taraz@enbek.kz.
      Күн сайын сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін. Бастықтың қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін. Бастық орынбасарының қабылдау күндері: күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін.
      25. Тұтынушыға басқа қажетті ақпараты http://sobes.zhambyl.kz/ ресми сайтында орналасқан.

Стандарттың N 1 қосымша

Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Атауы

Меңгерушінің аты-жөні, жұмыс және қабылдау кестесі

Мекен жай, кабинетінің нөмірі

Байланыс телефондар, электрондық пошта

1

"Тараз қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай ММ)

Сейдалина Қосайкүл Сатыбалдықызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 кабинеті N 201

8-7262-345124, 342879 sobes-taraz@mail.ru

2

"Байзақ ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Абдрахманова Бақыткүл Ешенқұлқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 кабинеті N 102

8-72637-21971, 22338 utzszn_baizak@topmail.kz

3

"Меркі ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Абылқасымов Шорман Төреханұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 157 кабинеті N 104

8-72632-22551, 21666 mozsp@mail.kz

4

"Т.Рысқұлов ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Қосалов Шардарбек Амреқұлұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 83 2 қабат кабинеті N 204

8-72631-21281, 21644 TRS2008@ topmail.kz

5

"Қордай ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Қарамолдаева Баян Назкейқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3 кабинеті N 105

8-72636-21281, 21249 utzsnkorday@mail.kz

6

"Шу ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Оңласын Мейірбек Қалмырзаұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі 189 кабинеті N 104

8-72638-31096, 31637 shuozsp@ topmail.kz

7

"Талас ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Тұралиева Роза Тұралықызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 кабинеті N 106

8-72644-61306, 61522 otzsp_karatau@mail.ru

8

"Сарысу ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Усембаев Болат Базарбайұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Жанатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 53 кабинеті N 102

8-72634-62806, 61680 dkz@mail.kz

9

"Жуалы ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Құрмашев Кәрібай, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 кабинеті N 105

8-72635-22276, 22150 juali_sobes@mail.ru

10

"Жамбыл ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Несіпбеков Нұрлан Құдербайұлы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Аса ауылы, Абай көшесі, 123 кабинеті N 201

8-72633-21756, 21182 asa_sobes@mail.ru

11

"Мойынқұм ауданының әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Даниярова Жақсыгүл Мырзабайқызы, жұмыс және қабылдау кестесі: күн сайын (демалыс күндерін қоспағанда) сағат 09 00 -ден 18 00 -ге, түскі үзіліс сағат 13 00 -ден 14 00 -ге.

Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 кабинеті N 103

8-72642-24721, 24893 ozsp_moinkum@ topmail.kz

Стандарттың N 2 қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

98

100

98

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесі)

98

100

98

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

97

100

97

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

98

100

98

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

2

5

2

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

5

0

5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

5

0

5

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

100

99

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

98

100

98

Стандарттың N 3 қосымша

Аудандар мен Тараз қаласының әкімияттарының байланыс деректері

Атауы

Мекен жай

Байланыс телефондар және сайт (электрондық пошта)

1

Тараз қаласы әкімияты

Тараз қаласы, Достық алаңы, 3

8-7262-454814 430846 www.gorakim.kz

2

Байзақ ауданының әкімияты

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 107

8-72637-21096 21582 baizak_akimat@mail.ru

3

Меркі ауданының әкімияты

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169

8-72632-21689 21361 mozsp@mail.kz www.zhambul.kz

4

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімияты

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75

8-72631-21600 22342 www.T-Ryckulov.kz

5

Қордай ауданының әкімияты

Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106

8-72636-21240 21360 www.akimatkorday.kz

6

Шу ауданының әкімияты

Төле би ауылы, Төле би көшесі, 272

8-72638-32198 31955 www.zhambulshu.kz

7

Талас ауданының әкімияты

Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1

8-72644-62407 60105 ekonomkaratau@mail.ru

8

Сарысу ауданының әкімияты

Жанатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1

8-72634-61437 63281 www.sarysu.ku

9

Жуалы ауданының әкімияты

Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 12

8-72635-21500 21573 www.new.zhualy.kz Jua_fin@tarnet.kz

10

Жамбыл ауданының әкімияты

Аса ауылы, Абай көшесі, 123

8-72633-22328 211535 www.zhambyl.kz marxraiy@mail.ru

11

Мойынқұм ауданының әкімияты

Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 147

8-72642-24155 24487 Moinkum_ akimat@mail.ru

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады