2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 Шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қаңтарда 87 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17 бабының 3 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
      1. "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Бекболатовқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен белгіленген тәртіппен, азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізілсін.
      5. "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Демесіновке (келісім бойынша), әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары  Қ. Садубаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң  күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімінің
      міндетін атқарушы                        Ә. Қилыбаев

      Келісілді:

      "Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
                                    М. Бекболатов
      22 желтоқсан 2008 ж.

      "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Байзақ
      аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
                                    C. Демесінов
      22 желтоқсан 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады