2009 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған ер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 13 шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 желтоқсанда 74 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери  міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Ивасик (келісімі бойынша ұсынылсын) әскери шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған ер азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізілсін.
      2. Селолық және ауылдық округ әкімдері "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы 1992 жылы туылған ер азаматтарды хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Жамбыл ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жұмабаева "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған ер азаматтарды шақыру пунктіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл аудандық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Г. Құлмағанбетова (келісімі бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.
      5. "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ашималивке (келісімі бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіріп және ұстау өз құзыреті шегінде ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
      Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің  бастығы
      С. Ашималиев
      25 қараша 2008 ж.

      "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      О. Ивасик
      25 қараша 2008 ж.

      "Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау
      басқармасының Жамбыл аудандық орталық
      емханасы" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      Г. Құлмағанбетова
      25 қараша 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады