Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік затты қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының XI сессиясының 2008 жылғы 04 қазандағы N 161 шешімі. Қарағанды облысының Әділет епартаментінде 2008 жылғы 10 қазанда N 1854 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 29.09.2016 № 92 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар қосымша берілсін:
      азаматтарға бауырды ауыстырып салғаннан кейін дәрілік зат Такролимус, 0,5 мг, 1 мг. капсула (рецепт бойынша).
      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Әдекенов С.М.).
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
С. Мартынов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Жұмабеков
Келісілді:
 
Қазақстан Республикасы
 
денсаулық сақтау министрі
А. Дерновой

      
      04 қазан 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады