2009 жылы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі шараларды жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 51/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-3-69 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 34/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009.08.27 N 34/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін, денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейін және мамандығын анықтау, әскерге шақырылушының алдын-ала қайда баратынын белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2009 жылдың қаңтар-наурызында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1992 жылы туған азаматтарды Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында тіркеуді жүргізсін.
      2. Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу комиссияның дербес құрамы бекітілсін (1-қосымша).
      3. Тіркеу комиссиясы жұмысын 2009 жылдың қаңтар-наурызында жүргізсін.
      4. Тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін "Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдігі (келісім бойынша):
      1) "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жасаған медициналық қызметке төлеу жөніндегі шарттарға сәйкес 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу комиссияны жүргізу есебі бойынша дәрігер - мамандар мен орта медициналық персонал бөлсін (2-қосымша);
      2) "Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес медициналық комиссияны қажетті құрал-сайманмен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен қамтамасыз етсін;
      3) тіркеу комиссиясы жіберген 1992 жылы туған азаматтарды кезектен тыс тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу кезеңіне 2009 жылдың қаңтар-наурызында 1992 жылы туған азаматтарды хабардар ету және жеке істерін ресімдеу үшін "Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 15 техникалық жұмысшы бөлсін.
      6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссия мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналдарының шақыру учаскелерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілгендердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталынады.
      7. Ұйымдар, мекемелер, оқу орындары басшыларына 1992 жылы туған азаматтарды іссапарлардан, демалыстардан шақырып алу, оларды хабардар ету және дер кезінде шақыру учаскесіне келуін ұйымдастыру ұсынылсын.
      8. "Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін атқарудан жалтарған адамдарды іздестіруді, ұстауды және жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу жөніндегі шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырсын.
      10. "Теміртау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды хабардар ету және олардың дер кезінде шақыру учаскелеріне келулеріне бақылау жасасын.
      11. "Қарағанды облысы Теміртау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру учаскесіне апару кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеткізу ұсынылсын.
      12. "Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі тіркеудің қорытындысы туралы ақпаратты Теміртау қаласының әкіміне 2009 жылдың 10 сәуірінде ұсынсын.
      13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      14. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қарағанды облысы Теміртау
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін уақытша атқарушы                  Т. Орманбетов
      15 желтоқсан 2008 ж.

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қарағанды облысы ішкі істер
      департаментінің Теміртау қаласы
      ішкі істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          Б. Бимендин
      15 желтоқсан 2008 ж.

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қарағанды облысы денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің Теміртау аймақтық
      өкілдік бөлімінің бастығы                  С. Кенжебаев
      15 желтоқсан 2008 ж.

Теміртау қаласы әкімдігінің
18 желтоқсан 2008 жылғы
N 51/1 қаулысына
1-қосымша

Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы

      Талғат Болатұлы           "Қарағанды облысы Теміртау қаласының
      Орманбетов                қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
                                мемлекеттік мекемесі бастығының
                                міндетін уақытша атқарушы,
                                подполковник, комиссия төрағасы
                                (келісім бойынша)

      Захида Бамат-Гиреевна     "Теміртау қаласы әкімінің аппараты"
      Парижева                  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік
                                бағдарламалар және жұмыспен қамту
                                мониторингі бөлімінің бастығы,
                                комиссия төрағасының орынбасары

      Төлеутай Дәрменұлы        "Қарағанды облысы ішкі істер
      Кенжекеев                 департаментінің Теміртау қаласы ішкі
                                істер басқармасы" мемлекеттік
                                мекемесі бастығының орынбасары,
                                полиция подполковнигі (келісім
                                бойынша)

      Таисия Николаевна         "N 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік
      Петрухина                 қазыналық кәсіпорынның дәрігер -
                                терапевті, медициналық комиссияның
                                төрағасы (келісім бойынша)

      Нонна Николаевна          "N 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік
      Заброда                   қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі,
                                комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Теміртау қаласы әкімдігінің
18 желтоқсан 2008 жылғы
N 51/1 қаулысына
2-қосымша

Медициналық тіркеу жөніндегі комиссияны жүргізу үшін бөлінетін дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналдардың есебі

Медициналық мекеменің атауы

Медициналық қызметкерлердің мамандығы

Медициналық қызметкерлердің саны

"N 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Окулист

1

Отоларинголог

1

Терапевт

1

Мейірбике

3

"N 3 қалалық аурухана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Хирург

1

"Ботан" мемлекеттік емес мекеме

Стоматолог

1

"Теміртау қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Мейірбике

1

Қарағанды облысы әкім жанындағы "Теміртау қаласының тері-жұқпалы аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Дерматовенеролог

1

"Психиатриялық диспансер" мемлекеттік мекемесі

Психиатр

1

Мейірбике

1

"N 1 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Невропотолог

1

Мейірбике

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады