Cәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының ХІІІ сессиясының 2008 жылғы 31 қазандағы N 150 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 қарашада N 8-6-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 31.03.2014 № 222 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қаласының келесі санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің түрлері анықталсын:
      1) қалалық жолаушылар тасымалдау көліктерінде жол жүру үшін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен белгіленген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде тылда жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде алты ай болып белгіленген адамдарға;
      зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген күнкөріс мөлшерінің 1,25 коэффициентінен аспайтын жасына байланысты және қызмет өткерген жылдарына байланысты зейнеткерлерге;
      бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта жалпы білім беру, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналарға (анасы не әкесі болмаған жағдайда әкесі немесе оны алмастыратын адамға) балалары кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін, бірақ 23 жастан аспағанша;
      2) мерзімді баспасөзге бір жылға жазылуға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      көп балалы аналарға;
      3) коммуналдық және өзге қызметтерге ақы төлеу:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға:
      Қоршау кезеңіндегі Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
      1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға;
      4) түберкүлез ауруымен ауыратын азаматтарға 5 ай бойы амбулаторлық емделу кезеңінде тамақтануы және жол жүруі үшін берілетін ай сайынғы материалдық көмек ретінде;
      5) мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтықтары және мерекелік түстіктер ретінде:
      жаңа жыл мерекесіне – он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ата-анасының екеуінен де айырылған және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын балаларға;
      жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегіне тең немесе жетпейтін аз қамтылған отбасыларға (бұдан әрі - аз қамтылған отбасылар);
      Кеңес әскерлері шектеулі контитнгентінің Ауғанстаннан шығарылған күніне – Ауғанстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне - көп балалы аналарға;
      Наурыз мейрамына – көмекті қажет ететін зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және жетім балаларға;
      Чернобыль атом электростансасында болған апаттың құрбандарын еске алу күніне - Чернобыль атом электростансасында болған апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
      Қазақстан халықтары бірлігі күніне – аз қамтылған отбасыларына;
      Жеңіс күніне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға;
      Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына;
      Астана күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне – аз қамтылған отбасыларына;
      Қарттар күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге және жалғызылікті қарт азаматтарға;
      Мүгедектер күніне - мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      Республика күніне - зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына;
      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге.
      6) біржолғы ақшалай төлемдер ретінде:
      отбасылары дүлей апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, қатерлі ауру түрлері және өзге де себептер салдарынан ауыр материалдық жағдайға тап болған азаматтарға өтінімдік нысан бойынша;
      зейнет жасына жетпеген немесе мүгедектігі жоқ қайтыс болған (жұмыс істемеген) адамды жерлеу үшін;
      құжаттарды қалпына келтіру үшін біржолғы материалдық көмек;
      мерекелік және айтулы күндерге:
      8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта жалпы білім беру, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесі немесе оны алмастыратын адамға) балалары кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін 23 жастан аспағанша;
      Жеңіс күніне орай - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға келесі санаттар бойынша:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, фашизм тұтқындарына;
      қаза болған (қайтыс болған, іс-түссіз жоғалған) Ұлы Отан соғысы әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68 баптарымен белгіленген тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22-маусымынан бастап 1945 жылдың 9-мамырына дейінгі кезеңде тылда жұмыс істеген еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдарға;
      Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне – саяси қуғын-сүргін құрбаны санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар, саяси қуғын-сүргіндердің зардабынан мүгедек болғандарға және зейнеткерлерге;
      балаларды қорғау күніне – он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      қарттар күніне - жетпіс және одан жоғары жастағы жасына байланысты зейнеткерлерге;
      мүгедектер күніне – мүгедек санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға;
      азық-түліктің қымбаттауына байланысты;
      жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) (атаулы әлеуметтік көмек алушылар);
      жан басына шаққандағы орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан аспайтын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) (мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатындар);
      аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) және мүгедектердің өтініштері негізінде (тексеру актісі бойынша).
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 364 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмек қалалық бюджетте тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегінде Сәтбаев қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетілетіні белгіленсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ә. Қоңырова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун

Об определении видов оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Сатпаев

Решение ХІІІ сессии Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 31 октября 2008 года N 150. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сатпаев Карагандинской области 12 ноября 2008 года N 8-6-70. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 31 марта 2014 года № 222

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 31.03.2014 № 222 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года, Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить виды оказания социальной помощи следующим категориям нуждающихся граждан города Сатпаев:
      1) для проезда на маршрутах городского пассажирского транспорта:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, и лицам, приравненным к ним, статус которых определен статьями 5-8 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, которым установлен стаж работы в тылу не менее шести месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года;
      пенсионерам по возрасту и по выслуге лет, если размер пенсии не превышает 1,25 коэффициента прожиточного минимума, устанавливаемого законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;
      инвалидам первой, второй и третьей группы и детям инвалидам до 18 лет;
      получателям пенсий силовых структур (Министерство обороны, Министерство внутренних дел, Министерство юстиции, Комитет национальной безопасности, Служба охраны Президента Республики Казахстан, Республиканская гвардия);
      многодетным матерям (в случае отсутствия матери или отца, лицу, его заменяющему), имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся в средних общеобразовательных, в высших и средних профессиональных учебных заведениях очной формы обучения, после достижения ими совершеннолетия – до времени окончания ими учебных заведений, но не более 23-летнего возраста;
      2) на годовую подписку на периодические издания:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      многодетным матерям;
      3) на оплату коммунальных и иных услуг:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным к участникам Великой Отечественной войны;
      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда";
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак;
      лицам, принимавшим участие в боевых действиях на территории других государств;
      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствии катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1989 годах;
      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия;
      лицам, награжденным орденами и медалями за самоотверженный труд в годы Великой Отечественной войны;
      4) в виде ежемесячной материальной помощи на питание и проезд лицам, больным туберкулезом, в период амбулаторного лечения в течение пяти месяцев;
      5) в виде продуктовых наборов и праздничных обедов к праздничным и знаменательным датам:
      к празднованию Нового года – детям-инвалидам до восемнадцати лет и детям, потерявшим обоих родителей и получающим государственное социальное пособие по случаю потери кормильца,
      малообеспеченным семьям, имеющим среднедушевой совокупный доход, равный или ниже черты бедности (далее – малообеспеченные семьи);
      ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Афганистана – участникам и инвалидам войны в Афганистане;
      к Международному женскому дню 8 марта – многодетным матерям;
      к празднику Наурыз мейрамы – нуждающимся пенсионерам, многодетным матерям и детям-сиротам;
      ко Дню памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции – лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции;
      ко Дню единства народов Казахстана – малообеспеченным семьям;
      ко Дню Победы – участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним;
      ко Дню памяти жертв политических репрессий – жертвам политических репрессий;
      ко Дню Астаны - нуждающимся пенсионерам и малообеспеченным семьям;
      ко Дню Конституции Республики Казахстан - малообеспеченным семьям;
      ко Дню пожилых людей – нуждающимся пенсионерам и одиноким престарелым гражданам;
      ко Дню инвалидов – инвалидам и детям-инвалидам до восемнадцати лет;
      ко Дню Республики – пенсионерам и малообеспеченным семьям;
      ко Дню Независимости Республики Казахстан – нуждающимся пенсионерам;
      6) в виде единовременной денежной выплаты:
      гражданам по заявительной форме, чьи семьи находятся в тяжелых материальных условиях в результате стихийных бедствий, пожаров, несчастных случаев, тяжелых форм заболеваний и других причин;
      на погребение умершего (не работавшего), не достигшего пенсионного возраста или не являющегося инвалидом;
      на материальную помощь на восстановление документов;
      к праздничным и знаменательным датам:
      к Международному женскому дню 8 марта – многодетным матерям (в случае отсутствия матери, отцу либо лицу, его заменяющему), имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся в средних общеобразовательных, в высших и средних профессиональных учебных заведениях очной формы обучения, после достижения ими совершеннолетия, до времени окончания ими учебных заведений, но не более 23 летнего возраста;
      ко Дню Победы - получателям специальных государственных пособий по категориям:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, узникам фашизма;
      не вступившим в повторный брак вдовам погибших (умерших, пропавших без вести) военнослужащих в Великой Отечественной войне;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, статус которых определен статьями 68 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, которым установлен стаж работы в тылу не менее шести месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года;
      ко Дню памяти жертв политических репрессий - гражданам, получателям специальных государственных пособий по категории жертвы политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами;
      ко Дню защиты детей – детям-инвалидам до восемнадцати лет;
      ко Дню пожилых людей - пенсионерам по возрасту, достигшим семидесяти и более лет;
      ко Дню инвалидов - получателям специальных государственных пособий по категории инвалиды;
      в связи с подорожанием продуктов питания:
      малообеспеченным семьям (граждане), среднедушевой доход которых не превышает черты бедности (получатели адресной социальной помощи);
      малообеспеченным семьям (граждане), среднедушевой доход которых не превышает стоимости продовольственной корзины (получатели государственных детских пособий);
      малообеспеченным семьям (граждане) и инвалидам по заявительной форме (по акту обследования).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 14.09.2010 N 364 (порядок введения в действие см. в пункте 3).
      2. Установить, что социальная помощь предоставляется гражданам, зарегистрированным и постоянно проживающим в городе Сатпаев, в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на данные цели на соответствующий финансовый год.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социальной сферы, правопорядка и социальной защиты населения (председатель Конурова Алия Мешитбаевна).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        А. Конурова

      Секретарь городского маслихата             М. Ковтун