Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 8 сессиясының 2008 жылғы 09 қазандағы N 162 шешімі. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 қазанда N 8-7-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009 жылғы 23 шілдедегі N 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009.07.23 N 282 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне (2007 жылы 10 ақпандағы N 6 "Ваша газета" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі – 8–7-36) Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 4 қыркүйектегі 1 сессиясында "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы N 27 шешімімен толықтырулар мен өзгертулер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8–7-49) 2007 жылғы 6 қазандағы N 40 "Ваша газета" газетінде жарияланған, Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазан айындағы 2 сессиясындағы "2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы N 36 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8-7-51) 2007 жылғы 1 желтоқсанда N 48 "Ваша газета" газетінде келесі өзгерістер жарияланды:
      "Тұрғын үй жәрдемақысын көрсету нормативін анықтау" 2 бөлімнің 3 тармағы, 1 тармақшасындағы "өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларымен бірдей, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін әлеуметтік нормасы – 30 шаршы метр" сөзін "2008 жылдың 1 қазан айынан өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларымен бірдей, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті зейнеткерлер мен жалғызілікті мүгедек азаматтар үшін әлеуметтік нормасы – 40 шаршы метр" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға байланысты таратылады.

      Сессия төрағасы                            Д. Ахмадуллин

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады