1992 жылы туған азаматтарды Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2009 жылы тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 18/08 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 09 желтоқсанда N 8-14-86 тіркелді. Қабылданған мерзімі бітуіне байланысты күші жойылды (Нұра ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 8-9/596 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімі бітуіне байланысты күші жойылды (Нұра ауданы әкімінің аппаратының 2011.07.20 № 8-9/596 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес 1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасы қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жассарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1992 жылы туған азаматтардың тіркеуі Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз  айларында жүргізілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес тіркеу бойынша аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы - келісім бойынша):
      1) 1992 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін әзірлесін;
      2) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дермек, құрал-жабдықтар және мүлікпен қамтамасыз етсін;
      3) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өткізуді қамтамсыз етсін;
      4) стационарда зерртеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.
      4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы – келісім бойынша):
      1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
      2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;
      3) өткізілетін шақырудың қорытындысы бойынша ақпаратты аудан әкімінің аппаратына 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.
      5. Нұра аудандық ішкі істер бөлімі (Әпеков Қанат Ісләмұлы – келісім бойынша):
      1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
      2) қорғаныс істер бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтарды ере жүруін және қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      6. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлсін.
      7. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.
      8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      9. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы "1991 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2008 жылы тіркеуді өткізу туралы" (Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет Басқармасында 2007 жылдың 21 желтоқсанында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-14-59, 2007 жылдың 29 желтоқсанында N 53 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 20/10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      КЕЛІСІЛДІ
      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      Қ.І. Әпеков
      18 қараша 2007 жыл

      КЕЛІСІЛДІ
      Аудандық қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      Қ.Ш. Жолболдин
      18 қараша 2007 жыл

Қосымша
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 18 қарашадағы
N 18/08 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Тіркеу бойынша аудандық комиссияның құрамы:

      1. Жолболдин Қайролла      - комиссия төрағасы,
         Шәріпұлы                  аудандық қорғаныс істер
                                   жөніндегі бөлімінің бастығы

      2. Гизатуллин Фаниль       - комиссия төрағасының орынбасары,
         Фанауиевич                аудан әкімі аппаратының азаматтық
                                   қорғаныс және төтенше жағдайлар
                                   жөніндегі бас маманы

      3. Сатемирова Бақытгүл     - комиссия хатшысы,
         Баймұратқызы              аудандық медициналық бірлестігінің
                                   жұмыскері (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

      4. Протасенко Константин   - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
         Викторович                бастығының орынбасары
                                   (келісім бойынша)

      5. Гизатуллина Лилия       - аудандық медициналық бірлестігінің
         Фанауиевна                дәрігер-терапевт (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады