Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарға тіркеу өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 8-15-97 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасының, 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" қаулысының 13 тармағына, 2006 жылғы 31 наурыздағы N 226 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы" қаулысының 3 бөліміне сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелерінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Көбжанов Нүркен Сайфиддинұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   О. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады