Шет ауданы аумағында тұратын 1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 01 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 8-17-70 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 8-4/474 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011.04.12 N 8-4/474 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын іске асыруда, Қазақстан Республикаcы Үкіметінің 2006 жылдың 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1992 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2009 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
      2. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Н. Әбдікешевке:
      1) Аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
      2) Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.

      Шет ауданы әкімінің                        Бекқожин Юржан
      міндетін атқарушы                          Асанұлы

      Келісілді:

      Шет ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы      Н.Н. Әбдікешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады