Қызылорда қаласындағы аймақтардың шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы № 83 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 тамызда № 4207 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 28.09.2016 № 58 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы аймақтардың шекаралары 1-қосымшаға сәйкес және аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Қызылорда қаласы шегіндегі жеке меншікке берілген жер учаскелерін бағалаудың базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекараларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2002 жылғы 25 маусымдағы N 99 шешімі жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      VII сессиясының төрағасы Қ. Баймаханов
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов

Қызылорда қаласындағы аймақтық шекараларының сипаттамасы

АймақN
Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі бағалық аймақтардың шекаралары
Нысаналы мақсаты
Аймақ көлемі, га
І.
Солтүстікте аймақ шекарасы Д.Қонаев көшесі мен О.Сүлейменов көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай оңтүстік бағытта О.Сүлейменов көшесінің бойымен А.Байтұрсынов көшесіне өтіп, Ғ.Мұратбаев көшесіне жетеді. Әрі қарай Ғ.Мұратбаев көшесімен батыс бағытта Сырдария өзенінің жағасына дейін келеді. Одан әрі Сырдария өзенінің бойымен Әбілхайыр хан көшесіне жетеді. Әбілхайыр хан көшесінен солтүстік бағытта Қазыбек би көшесінің бойымен Д.Қонаев көшесі мен О.Сүлейменов көшесінің қиылысына дейін барады.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
313,17
ІІ.
Солтүстікте аймақ шекарасы Шымбай көшесі мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай С.Сейфуллин көшесінің бойымен шығыс бағытта Егізбаев көшесіне дейін, әрі қарай темір жол бойымен Ә.Бөкейхан көшесіне жетеді, одан әрі Ә.Бөкейхан көшесінің бойымен Мұстафа Шоқай көшесіне келеді, одан әрі Мұстафа Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Астана даңғылына жетеді, Астана даңғылы бойымен оңтүстік бағытта Жібек жолы көшесіне келеді, одан әрі Жібек жолы көшесінің бойымен Мостовая көшесіне дейін келеді.
Одан әрі Мостовая көшесінің бойымен оңтүстік батыс бағытта Сырдария өзенінің жағалауына, одан әрі Сырдария өзенінің жағалауымен Ғ.Мұратбаев көшесіне жетеді, одан әрі Ғ.Мұратбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа А.Байтұрсынов көшесіне дейін келеді, А.Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстік батысқа О.Сүлейменов көшесіне өтіп, Д.Қонаев көшесіне келеді, одан әрі Д.Қонаев көшесінің бойымен оңтүстікке Қазыбек би көшесіне өтіп Сырдария өзенінің жағалауына келеді, одан әрі Сырдария өзенінің жағалауымен солтүстік батысқа Т.Шевченко көшесіне дейін келеді, одан әрі Т.Шевченко көшесінің бойымен солтүстік батысқа Шымбай көшесіне өтіп С.Сейфуллин көшесіне жетеді.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, стадион, ипподром, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
1899,32
ІІІ.
Аймақ шекарасы Қаратоғай көшесінің бірінші айналма қиылысынан басталып, әрі қарай солтүстік-батыс бағытта V аймақтың шекарасымен бірінші сақиналы қиылысына дейін;
Аймақ шекарасы Журба көшесі мен М.Саламатов көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай Журба көшесімен солтүстік-шығысқа, солтүстік-шығыстан М.Саламатов көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы М.Көкенов көшесі мен Шораяқтың Омары көшесінің қиылысынан басталып, М.Көкенов көшесімен солтүстік-шығысқа Хон Бен До көшесіне дейін, әрі қарай Хон Бен До көшесінен С.Торайғыров көшесіне дейін. Шекараның жалғасы С.Торайғыров көшесімен Чижа Сан Тин көшесіне дейін, Чижа Сан Тин көшесімен И.Исаев көшесіне дейін, И.Исаев көшесімен С.Лапин көшесіне дейін, С.Лапин көшесінен Ә.Қайнарбаев көшесіне дейін, Ә.Қайнарбаев көшесінен 2-Киняев көшесіне дейін, содан кейін бейіттің солтүстік жағымен Ешнияз Сал көшесіне дейін, әрі қарай Ешнияз Сал көшесімен Шораяқтың Омары көшесіне дейін, Шораяқтың Омары көшесінен М.Көкенов көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы солтүстік темір жол өткелінен басталып, Хон Бен До көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бейіттің оңтүстігіне дейін. Оңтүстік-шығыс бағытта 1-Киняев көшесіне дейін, 1-Киняев көшесімен шығысқа қарай Егізбаев көшесіне дейін барады. Шекараның жалғасы Егізбаев көшесімен батыс бағытта С.Сейфуллин көшесіне дейін, С.Сейфуллин көшесінен Қыдыров көшесіне, әрі қарай Қыдыров көшесінің бойымен солтүстік темір жол өткеліне дейін;
Аймақ шекарасы Тохтаров көшесі мен Б.Майлин көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай Б.Майлин көшесімен Тохтаров көшесіне дейін барады. Шекараның жалғасы Тохтаров көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесінің бойымен А.Сағымбаев көшесіне, А.Сағымбаев көшесінің бойымен Б.Майлин көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы ІІ аймақ шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы ІV және ІІ аймақтардың шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы ІV және V аймақтардың шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы V аймақ шекарасы бойымен өтеді.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
1921,09
ІV.
Аймақ шекарасы солтүстік темір жол өткелінен басталып ІІІ аймақтың шекарасы бойымен Шымбай көшесіне дейін, Шымбай көшесінен Т.Щевченко көшесіне дейін барады. Аймақ шекарасының жалғасы Т.Щевченко көшесінің бойымен Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзенінің бойымен ІІІ аймақтың шекарасына дейін, ІІІ аймақтың шекарасы бойымен солтүстік темір жол өткеліне дейін;
Аймақ шекарасы Ә.Бөкейхан көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшесінің қиылысынан басталып Мостовая көшесіне дейін, жалғасы Мостовая көшесінің бойымен оңтүстік-батыс бағытта Жібек жолы көшесіне, Жібек жолы көшесінің бойымен солтүстік-батыс бағытта Астана даңғылына дейін, әрі қарай Астана даңғылы бойымен солтүстік-батыс бағытта Мұстафа Шоқай көшесіне, Мұстафа Шоқай көшесі бойымен солтүстік-батыс бағытта А.Бөкейхан көшесіне дейін, А.Бөкейхан көшесі бойымен солтүстік-шығыс бағытта Қожа Ахмет Яссауи көшесіне дейін;
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
1216,66
V.
Аймақ шекарасы ІІІ-аймақ шекарасы бойымен Мостовая көшесіне, әрі қарай Мостовая көшесінен Мұстафа Шоқай көшесінің қиылысына дейін, Мостовая көшесі мен Мұстафа Шоқай көшесінің қиылысынан басталып, оңтүстік-шығыс бағытта "Оңжағалық магистралды каналға" дейін. Әрі қарай "Оңжағалық магистралды каналдың" жағалауымен Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзенінің бойымен Мостовая көшесіне дейін;
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
3161,54

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2008 жылғы 27 маусымдағы
N 83 шешіміне 1-қосымша

Қызылорда қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері мен бағалық аймақ шекараларының сызбасы

      РҚАО ескертуі: сызбаны қағаз нұсқасына қараңыз.

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2008 жылғы 27 маусымдағы
N 83 шешіміне 2-қосымша

Қызылорда қаласындағы аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ
N
Аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
І
2,0
ІІ
1,5
ІІІ
1,0
ІV
0,7
V
0,5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады