Аудан әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 686 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасының 2009 жылы 08 қаңтарда N 10-8-80 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.12.22 N 532 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға
әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 қаулысының (аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 21 қазанында N 10-8-73 санымен тіркелген, 2008 жылғы 25 қазанда аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің N 86-87 санында жарияланған) 1-қосымшасының 2 бөлігіндегі бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлерінен "канализация" қызмет түрі алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 С. Тәуіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады