Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы N 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 қазанда N 11-1-96 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 116-бабының 5 тармағына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 7 қазандағы "Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 3/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 8/108 шешіміне сәйкес, қалалық      мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-72 болып тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 18 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы " 2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 6/49 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-78 болып тіркелген, 2008 жылы 15 наурыздағы N 43 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 22 мамырдағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9/88 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-83 болып тіркелген, 2008 жылы 7 маусымдағы N 88 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 16 шілдедегі "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 10/99 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-88 болып тіркелген, 2008 жылы 29 шілдедегі N 116 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 12/115 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-93 болып тіркелген, 2008 жылы 30 қыркүйектегі N 151 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2008 жылға арналған қалалық бюджет" 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде жазылсын:
      1) кірістер – 10 489 249 мың теңге, соның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша – 7 858 360 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша – 242 263 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 149 700 мың теңге;
      трансферттердің түсімдері бойынша – 1 238 926 мың теңге;
      2) шығындар – 10 705 194 мың теңге;
      3) операциялық сальдо – 215 945 мың теңге;
      4) таза бюджеттік кредит беру – 0 теңге;
      5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 192 318 мың теңге, соның ішінде қаржы активтерiн сатып алуға – 192 318 мың теңге;
      6) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 408 263 мың теңге;
      7) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 408 263 мың теңге".
      2 тармақтағы бірінші абзацтағы "20,6" саны "24,2" санымен ауыстырылсын.
      5-тармақтағы "28 576" саны "5 559" санымен ауыстырылсын.
      7-тармақтағы 2-қосымша осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сессия төрағасы                  Ә. Ванов

      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін
      атқарушы                         С. Кутепов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" ММ бастығы
      __________ А.Н. Ким
      15 қазан 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады