"Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 104 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 12 наурызда № 3611 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің         
2008 жылғы 30 қаңтардағы 
№ 104 қаулысымен бекітілген

"Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне
және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік
қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу, оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық қызметтерді көрсету, әлеуметтік бейімдеу және оңалту өткізу мақсатымен жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы ;
      2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө "Әлеуметтік қызмет көрсету Үлгі Ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу № 3985 Тізілімінде тіркелген) бекітілген үйде әлеуметтік қызмет көрсету Үлгі Ережелерінің 3, 5, 10 , 33, 36, 37-тармақтары негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері арқылы көрсетіледі. Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеуді жүзеге асыратын жұмыс органдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) болып табылады. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тарту туралы хабардар ету болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мынадай жеке тұлғалардың (бұдан әрі - өтініш берушілер) санаттарына көрсетіледі:
      1) заңнама бойынша оларды күту мен оларға қамқорлық жасауға міндетті жақын кәмелетке толған жұмысқа жарамды туыстары жоқ, сондай-ақ объективтік себептер бойынша оларға үнемі көмек пен күтім қамтамасыз ете алмайтын (ұлғайған жасына орай бірінші, екінші топ мүгедектігі, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру жерлерінде, немесе мемлекеттен тыс жерге тұрғылықты тұруға кеткен) жақын туыстары бар денсаулық жағдайы бойынша өзге адамның үнемі күтімі мен медициналық қызмет түрлеріне мұқтаж жалғызілікті сондай-ақ және бірінші және екінші топтағы жалғыз тұратын мүгедектерге.
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары (бұдан әрі - ҰОС), сондай-ақ соларға теңестірілген тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетуге бірінші кезекте қабылданады;
      2) денсаулық жағдайы бойынша өзге адамның үнемі күтімі мен медициналық қызмет көрсетуіне мұқтаж мүгедек балаларға.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі:
      1) өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 15 күнтізбелік күннен аспау;
      2) өтініш беруші тапсыратын қажетті құжаттарды тіркеген кезде кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспау;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде қажетті құжаттарды алғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспау.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар тапсыру қажет:
      1) жалғызілікті, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы жалғыз тұратын мүгедектер үшін:
      өтініш (белгіленген нысан бойынша);
      жеке куәлік;
      тұратын жерінен анықтама;
      медициналық карта (белгіленген нысан бойынша);
      материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі;
      зейнеткерлік куәлік (зейнеткерлік жастағы тұлғалар үшін);
      ҰОС мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген тұлғалар (ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғалар үшін) мәртебесін дәлелдейтін куәлік.
      мүгедектер үшін қосымша - мүгедектік туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі;
      2) мүгедек балалар үшін:
      қызмет көрсету үшін балалардың ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші (еркін түрде);
      өзге адамның күтімінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      емдеу-профилактикалық мекеме толтыратын бала денсаулығының жағдайы туралы медициналық карта;
      мүгедектік туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған мүгедек балалар үшін), жеке куәлік (16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін);
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
      13. Жалғызілікті, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы жалғыз тұратын мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін толтыруға қажет өтініштің және медициналық картаның нысаны өтініш берушілердің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдер береді.
      14. Өтініш беруші толтырған арыз барлық қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімге тапсырылады. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, тіркеу күні мен уақыты көрсетілген талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылу мүмкін жағдайлар:
      1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының қолдану мерзімі аяқталуы;
      2) үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін өтініш берушіде медициналық қарсы көрсеткіштері болуы;
      3) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттарының біреуі болмауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бөлім қызметі:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;

      6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
      Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
      2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
      25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
      Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.

"Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның
күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек  
балаларға үйде әлеуметтік қызмет        
көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" 
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына  
1-қосымша                

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері

Бөлімдердің атауы

Заңды мекенжайы, телефондардың нөмірлері және Бөлімдердің
бастықтары мен олардың
орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Веб-Сайт

Электрон-
дық
пошта

1

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі"  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

110101, Алтынсарин ауданы,
Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-20, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін, бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден12.00-ге дейін

http://
altynsar.
kostanay.
kz/rus/

sobes_
ubagan-
skoe
@gcvp.kz

2

"Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Майлин көшесі, 18, телефон нөмірі 8-(71440)-21-5-92, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың
орынбасарының азаматтарды
қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
amangeldy.
kostanay.
kz/

Sobes_
amаngeldy
@gcvp.kz

3

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110400, Әулиекөл ауданы,
Әулиекөл селосы, Октябрьский көшесі, 24, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-76, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін бастықтың
орынбасарының азаматтарды
қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://
auliekol.
kostanai.
kz/

aulsots
@mail.ru

4

"Жангелдин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Амангелді көшесі, 38, телефон нөмірі 8-(71439)-21-5-60, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың
орынбасарының азаматтарды
қабылдау кестесі: жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

http://
jangeldy.
kostanay.
kz/

djansots
@mail.ru

5

"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: жұма сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
denisovka.
kostanay.
kz/

densots
@mail.ru

6

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев көшесі, 51, телефон нөмірі 8 (71435)-2-33-70, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың
орынбасарының азаматтарды
қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
zhitikara.
kostanai.
kz/

jitsots
@mail.ru

7

"Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
www.
kamysti.
kostanai.
kz/

kamsots
@mail.ru

8

"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті,  Космонавтов көшесі, 16, телефон нөмірі 8 (71441)-3-29-48, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
karabalyk.
kostanai.
kz/

karasots
@mail.ru

9

"Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 68, телефон нөмірі 8 (71452)-21-0-59, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://
karasu.
kostanai.
kz/

karusots
@mail.ru

10

"Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 7.30-ға дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: жұма сағат 14.00-ден 17.30-ға дейін

http://
www.
kostregion
.kz/

Sobes_
zatobolsk
@gcvp.kz

11

"Мендіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://
mendikara.
kostanay.
kz/

Sobes_
borovskoi
@gcvp.kz

12

"Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Абай көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71454)-2-17-87 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

http://
naurzum.
kostanay.
kz/

sobes_
karamendy
@gcvp.kz

13

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://
sarykol.
kostanay.
kz/

sarsots
@yandex.ru

14

"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге  дейін

http://
taran.kz/

zagita
@mail.ru

15

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Абылайхан көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71444)-2-16-33 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және бейсенбі сағат  14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://
uzunkol.
kostanay.
kz/

sobes_
uzunkol
@gcvp.kz

16

"Федоров аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі,  53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

http://
fedorovka.
kostanay.
kz/

fedsots
@mail.ru

17

"Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды
қабылдау кестесі: сәрсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

http://
www.
arkalyk.
kz/

sobes_
arkalyk
@gcvp.kz

18

"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 36, телефон нөмірі  8-(7142)-50-08-26, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
kostanay.
info/

gorsob
@mail.ru

19

"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А үй, телефон нөмірі 8-(71433)-3-21-71, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.lsk.
kz/

lissoc
@mail.ru

20

"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімі" ММ

111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі, 21, телефон нөмірі  8-(71431)-4-40-75, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://
www.
rudny.kz/

rudsots
@mail.ru

"Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның
күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек  
балаларға үйде әлеуметтік қызмет        
көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" 
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына  
2-қосымша               

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік маңызы

Келесі жылы көрсеткіштің нысаналы маңызы

Есептік жылы көрсеткіштің ағымдағы
маңызы

1

2

3

4

1. Уақытылылық

1.1. Құжат
тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайы

90

95

90

1.2. Кезекте 40 минуттан аспай
қызмет көрсетілуін күткен тұтынушы-
лардың % (үлесі)

80

85

81

2. Сапа

2.1. Тұтынушылар
қызмет көрсету процесінің сапа-
сына қанағат ету % (үлесі)

89

90

89

2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру  (жасалған есептеу, есеп айырысу және
тағы басқа)
жағдайлар % (үлесі)

85

90

85

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен
қанағаттанған  тұтынушылар %
(үлесі)

80

85

80

3.2. Тұтынушының
құжаттарды дұрыс  толтыру және бірден тапсыру жағдайының
% (үлесі)

80

85

79

3.3. Интернет арқылы
қол жететін ақпарат беру қызметінің % (үлесі)

40

45

30

4. Шағым беру үдерісі

4.1. Осы қызмет
түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтыну-
шылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі)

0,5

0,2

0,1

4.2.Белгіленген мерзімде қаралып,  қанағаттандырылған  дәлелді шағмдар % (үлесі)

89

95

89

4.3. Тұтынушылардың
қолданыстағы шағым беру тәртібіне
қанағат ету % (үлесі)

90

95

85

4.4. Тұтынушылар
шағым беру мерзіміне
қанағат ету % (үлесі)

88

90

89

5. Сыпайылық

5.1. Тұтынушылардың
персоналдың сыпайылығына
қанағат ету % (үлесі)

89

90

88

"Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның
күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек  
балаларға үйде әлеуметтік қызмет        
көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" 
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына  
3-қосымша                 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің  байланыс деректері

Аудандар-
дың  (облыстық маңызы бар қалалар-
дың) әкімдік-
терінің атауы

Орналасқан жері мен
телефондардың
нөмірлері

Веб-Сайт

Электрон-
дық пошта

1

Алтынсарин ауданының әкімдігі

110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-78

http://
altynsar.
kostanay.
kz/rus/

altynsar
@kostanay.
kz

2

Амангелді ауданының әкімдігі

110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 19, телефон нөмірі 8-(71440)-21-4-00

http://
amangeldy.
kostanay.
kz/

amangeldy
@kostanay.
kz

3

Әулиекөл ауданының әкімдігі

110400, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл селосы, 1 Май көшесі, 44 үй, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-33

http://
auliekol.
kostanai.
kz/

auliekol
@kostanay.
kz

4

Жангелдин ауданының әкімдігі

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71439)-21-1-07

http://
jangeldy.
kostanay.
kz/

jangeldy
@kostanay.
kz

5

Денисов ауданының әкімдігі

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01

http://
denisovka.
kostanay.
kz/

denisovka
@kostanay.
kz

6

Жітіқара ауданының әкімдігі

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02

http://
zhitikara.
kostanai.
kz/

zhitikara
@kostanay.
kz

7

Қамысты ауданының әкімдігі

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 61 үй, телефон нөмірі 8-(71437)-21-7-44

http://
www.
kamysti.
kostanai.
kz/

kamysty
@kostanay.
kz

8

Қарабалық ауданының әкімдігі

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31, телефон нөмірі 8 (71441)-3-35-70

http://
www.
karabalyk.
kostanai.
kz/

karabalyk
@kostanay.
kz

9

Қарасу ауданының әкімдігі

111000, Қарасу ауданы, Қарасу  селосы, А. Исаков көшесі, 73, телефон нөмірі 8(71452)-21-2-80

http://
karasu.
kostanai.
kz/

karasu
@kostanay.
kz

10

Қостанай ауданының әкімдігі

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05

http://
www.
kost-
region.kz/

kost_
region
@kostanay.
kz

11

Мендіқара ауданының әкімдігі

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71443)-2-16-06

http://
mendikara.
kostanay.
kz/

mendikara
@kostanay.
kz

12

Науырзым ауданының әкімдігі

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Жәнібек көшесі, 1, телефон нөмірі 8-(71454)-2-14-85

http://
naurzum.
kostanay.
kz/

naurzum
@kostanay.
kz

13

Сарыкөл ауданының әкімдігі

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90

http://
sarykol.
kostanay.
kz/

sarykol
@kostanay.
kz

14

Таран ауданының әкімдігі

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45

http://
taran.kz/

taranovka
@kostanay.
kz

15

Ұзынкөл ауданының әкімдігі

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Мүсірепов көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71444)-2-13-90

http://
uzunkol.
kostanay.
kz/

uzunkol
@kostanay.
kz

16

Федоров ауданының әкімдігі

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04

http://
fedorovka.
kostanay.
kz/

fedorovka
@kostanay.
kz

17

Арқалық қаласының әкімдігі

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон нөмірі 8-(71430)-7-12-00

http://
www.
arkalyk.
kz/

arkalyk
@kostanay.
kz

18

Қостанай қаласының әкімдігі

110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, телефон нөмірі 8-(7142)-57-57-65

http://
www.
kostanay.
info/

gorakimat
@kostanay.
kz

19

Лисаков қаласының әкімдігі

111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76 

http://
www.lsk.
kz/

lisakovsk
@kostanay.
kz

20

Рудный қаласының әкімдігі

111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31

http://
www.rudny.
kz/

rudny
@kostanay.
kz

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады