Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 қаңтарда № 9-1-95 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.01.22 № 101 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына, Қостанай қалалық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-93 2007 жылғы 26 желтоқсандағы) шешіміне сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер" және "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері бекітілсін:
       1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз пайыз есе көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
       2) мүгедек-балаларды және тұрмысы төмен отбасы балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде қаралудың бағасынан жүз пайыз көлемінде әлеуметтік көмек;
       3) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек-балаларға оқу жылы мерзіміне тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
       4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      мүгедек балаларға және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша арнайы білім ұйымдарында оқитын балаларға;
      қант диабетімен ауыратын, он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
       5) қала көлігімен жүруге Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын немесе бұрын зейнетақы алған зейнеткерлерге, "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға және жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақыға қоса дербес үстеме алған зейнеткерлерге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 60 пайызы көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
       6) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
       7) Қостанай қаласында тұратын "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма сегіз есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
       8) Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын немесе бұрын зейнетақы алған зейнеткерлерге және жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақыға қоса дербес үстеме алған зейнеткерлерге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма сегіз есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
       9) оқу ақысы көлемінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу өткізу бойынша комиссия шешімінің негізінде жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу үшін оқу құны көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
       10) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде әлеуметтік көмек;
       11) қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ, "Алтын қыран", "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаhарманы" атағына ие болған, Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының, Қостанай қаласының құрметті азаматы деген атақтарына ие болған азаматтарды жерлеу үшін (бұдан әрі - марапатталған қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде әлеуметтік көмек;
       12) жұмыс істемеген және дәлелді себептер бойынша (тиісті құжаттармен расталған) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
       13) айына орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрмысы жағынан аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) және белгілі бір жағдайларда, (тиісті құжаттармен расталған) табысқа қарамастан шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек. Әр нақты жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі - комиссия) белгіленеді, бірақ тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген елу есе айлық есептік көрсеткіштен аспау керек;
       14) комиссияның шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік, есте қаларлық және айрықша мәнді күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек. Әр нақты күнге азаматтардың санаттары және біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері комиссиямен белгіленеді, бірақ тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспау керек.
       15) айына орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті жылытатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға, сондай-ақ айына орташа жан басына шаққандағы табысы он бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз тілікті тұратын азаматтарға, қатты отын сатып алу үшін табысқа қарамастан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2008.04.11 № 921 қаулысымен.
       2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
       3. Мыналар белгіленсін:
       1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қабылдайды;
       2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне арыз берген айдан бастап тұрмыстық мұқтаждыққа ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанға немесе оның Қостанай қаласының аумағынан тыс жерге кеткеніне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
       3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне, ал тұрмысы төмен отбасы балаларына отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
       4) үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек-балаларға арыз берген айдан бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын негізінде әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және төленеді. Мүгедек-балалардың интернат-үйлерінде немесе санаторлық мектептерінде тұрған мерзіміне әлеуметтік көмек төлеу жүргізілмейді;
       5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша балаларға және арнайы білім ұйымдарында оқитын мүгедек-балаларға тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1 маусымына дейін оқу жылы мерзіміне арыз берген айдан бастапай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалады. Жоғары оқу сыныптардың балалары үшін оқу аяқталатын мерзімі жөнінде растайтын құжаттар тапсырғанда төлем уақыты ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы қажет.
      Қант диабетімен ауыратын балаларға құжаттарды тапсырған айдан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады;
       6) қалалық қоғамдық көлігімен тегін жүру құқы бар тұлғаларға қалалық қоғамдық көлігімен жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек төленбейді:
       7) осы қаулының 1-тармағы 7) және 8)-тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға, әлеуметтік көмек тек қана бір негіз бойынша олардың таңдауы бойынша төленеді;
       8) жоғары оқу орындарында және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу үшін әр оқу жылына оқу ақысы мөлшері жөнінде оқу орнының анықтамасы негізінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді;
       9) кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және өтініш, адам қайтыс болған уақыттан алты айға дейін жасалған жағдайда, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады;
       10) қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады;
       11) қайтыс болған жұмыссыздарды және марапатталған адамдарды жерлеуге, егер өтініш, адам қайтыс болған уақыттан алты айға дейін жасалса, қайтқан адамның отбасы мүшелеріне немесе өзге жерлеуші адамдарға әлеуметтік көмек төленеді;
       12) жұмыс істемеген және дәлелді себептермен халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген азаматтарды жерлеуге, егер өтініш, адам қайтыс болған уақыттан алты айға дейін жасалса, қайтқан адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға әлеуметтік көмек төленеді;
       12-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағы 5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері - "Халық қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтардың құқығы бар;
       13) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) отбасының материалдық жағдайын тексергеннен кейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өтініш беруші табысы жөніндегі мәліметтерді өз бетінше тапсырады және олардың дұрыстығына жауап береді. Заңды тұлғалар жеке тұлғалардың мүддесінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қолдау хатпен өтініш жасауға құқылы;
       14) азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік, есте қаларлық және айрықша мәнді күндеріне уәкілетті органның, сондай-ақ ардагерлер ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің деректер қоры негізінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады;
       15) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ 12-1) тармақшамен толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2008.04.11 № 921 қаулысымен.
       4. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қоса беріліп отырған қажет құжаттардың тізімдемесі бекітілсін.
       5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
       6. Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 86 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-68, 2007 жылғы 21 ақпандағы) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
       7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2008.04.11 № 921 қаулысымен.
       8. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.

      Қала әкімі

      КЕЛІСІЛГЕН

Қостанай қаласы әкімдігінің 
2007 жылғы 3 қаңтардағы    
№ 1 қаулысымен бекітілген  

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар
тізімдемесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2008.04.11 № 921 қаулысымен.

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:әлеуметтік көмекке өтініш еткен адамның арызы:
      өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
      кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін - көрсетілген мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесі;
       1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тұрмыстық мұқтаждыққа:
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі және қатысушысы куәлігінің көшірмесі;
       2) балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге:
      баланы компьютерлік томографпен қарау үшін емдеу мекемесінің жолдамасы;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      балаға (мүгедек-балаға) мүгедектігін белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі;
      қаралу үшін қолма-қол есептесуді куәландыратын кассалық чегі;
      қаралған емдеу мекемесімен берілген, қаралуға байланысты шығындарды өтеуге төлеу үшін есебі;
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысы жөнінде мәліметтер (тұрмысы төмен отбасы балалары үшін);
       3) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмекке:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясымен берілген, үйде оқыту қажеттігі туралы анықтамасы;
      оқу орнымен берілген, үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы (тоқсан сайын тапсырылады);
       4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша балаларға және арнаулы білім ұйымдарында оқитын, мүгедек балаларға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмекке:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі (мүгедек-балалар үшін);
      арнаулы білім ұйымдарында баланы оқыту қажеттігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      оқу орнын растайтын құжат;
      ауруы бар туралы емдеу мекемесімен берілген анықтама (қант диабетімен ауыратын балалар үшін);
       5) қала көлігімен жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек және біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекке:
      Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған тұлғалар үшін:
      құрметті атаққа ие болғандығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегіне арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын немесе бұрын зейнетақы алған тұлғалар үшін:
      Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегіне арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі немесе көрсетілген зейнетақы тағайындау туралы шешімнен алынған үзіндісі;
      "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдар үшін:
      атақ берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын ерекше сіңірген еңбегіне зейнетақыға қоса дербес үстеме алған тұлғалар үшін:
      зейнетақыға қоса дербес үстеме тағайындау туралы шешімнің немесе белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі көшірмесі;
       6) туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      аурудың амбулаторлық емделіп жатқанын растайтын емделу мекемесінен анықтама;
       7) "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмекке:
      атақ берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
       8) оқуға төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
      әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу өткізу бойынша комиссия шешімінің көшірмесі;
      оқу орнын және оқу жылына оқуға төлеу мөлшерін растайтын құжат;        9) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
      баланың туу туралы актілік жазбасынан алынған үзіндісі;
      әкесінің (ұл асырап алушысының, қыз асырап алушысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органынан анықтама;
       10) қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
      қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органынан анықтама;
       11) қайтыс болған марапатталған адамдарды жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
      наградаға куәліктің көшірмесі немесе атақ беру туралы куәліктің көшірмесі.
       Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылған болса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жерленбеген болса, өтініш беруші жерлеу жасау қызметінен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
       12) жұмыс істемеген азаматтарды және дәлелді себептер бойынша жұмыссыз ретінде тіркелмегендерді жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
      қайтқан азаматтың еңбек кітапшасының көшірмесі;
      қайтқан азаматтың тұратын жерін растайтын құжат;
      қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелмегені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органының анықтамасы;
       13) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға:
      өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар табысын, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді жазбаша түрде тапсырады;
      осы санаттағы азаматтар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы куәлігінің көшірмесі.
       2. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іс түзеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады