Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" N 140/6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 15 шілдедегі N 194/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 30 шілдеде N 3120 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 338/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 31.10.2014 № 338/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған VII кезектен тыс сессиясы) 2008 жылғы 1 шілдедегі "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған ІII сессиясы) 2007 жылғы 14 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 110/7 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" N 140/6 қаулысына (Павлодар облысы әділет департаментінің тізілімінде 2008 жылғы 24 маусымдағы N 3116 тіркелген, 2008 жылғы 28 маусымда N 71 "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағында "200" деген сандар "2000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6,72%" деген сандардан кейін ", ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта бөлінген 200 млн. теңгеге" деген сөздермен және сандармен, мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
      "ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта қосымша бөлінген 1800 млн. теңгеге соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,6%-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 7,1%". 

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Облыс әкімі                                Қ.Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады