Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Павлодар облыстық әкімиятының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 219/8 қаулысы. Павлодар облыстың әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қыркүйекте N 3124 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 19-1/446 бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 29.01.2015 N 25/1 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2015 № 313/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Павлодар облысы шекараларындағы бекітілген жобалау құжаттаманың негізінде Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағының аумағында шаруашылық қызметтің арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шек қойылған шаруашылық қызмет режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын мемлекеттік жер кадастрына есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік уәкілетті органдарға тапсырсын.

      4. Ақсу қаласы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар аудандарының әкімдері осы қаулыны барлық мүдделі ұйымдар мен азаматтардың назарына жеткізсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Бастеновке жүктелсін.

      Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов
      Келісілді:
      Ертіс бассейіндік су
      шаруашылығы басқармасы
      бастығының міндетін атқарушы М. Вагапова
      Облыс мемлекеттік санитарлык
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы А. Темербаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
"Павлодар облысы
шекараларындағы Ертіс
өзенінің су қорғау аймақтары
мен белдеулерін белгілеу
туралы" N 219/8 қаулысына
1-қосымша

Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің
су қорғау аймақтары мен белдеулері

Р/с N

Аудандардың атаулары

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекара ұзындығы, (км)

Ауданы (га)

Ені (м)

Шекара ұзындығы, (км)

Ауданы (га)

Ені (м)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ақтоғай

88,4

64649

600-
11500

351,2

17654

40-150

2

Железин

68,2

17928

300-
7000

92,2

5349

20-120

3

Ертіс

101,9

51266

400-
7300

147,3

12599

30-120

4

Качиры

84,0

39348

300-
10500

168,2

8974

20-140

5

Лебяжі

107,3

47793

400-
12000

223,6

11108

30-100

6

Май

116,5

88600

600-
14000

172,2

16596

20-100

7

Павлодар

129,6

62379

800-
9000

256,0

15596

40-130

8

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

105,4

81015

3000-13000

227,2

19761

40-130

  Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
"Павлодар облысы
шекараларындағы Ертіс өзенінің
су қорғау аймақтары
мен белдеулерін белгілеу
туралы" N 219/8 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің
су қорғау аймақтары мен белдеулерінің
аумақтарында шаруашылық қызмет режимі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.03.2017 № 63-1/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ертіс өзенінің су қорғау белдеулерінің шегіне:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді.

      2. Ертіс өзенінің су қорғау аймақтарының шегіне:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) рұқсат етілмейді.

Об установлении водоохранных зон и полос реки Иртыш в границах Павлодарской области

Постановление акимата Павлодарской области от 20 августа 2008 года № 219/8. Зарегистрировано департаментом юстиции Павлодарской области 11 сентября 2008 года за № 3124. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 11 июля 2022 года № 197/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Павлодарской области от 11.07.2022 № 197/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 39, 116 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 мая 2015 года № 19-1/446 "Об утверждении Правил установления водоохранных зон и полос" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлениями акимата Павлодарской области от 29.01.2015 N 25/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 10.11.2015 № 313/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      1. Установить водоохранные зоны и полосы реки Иртыш на основании утвержденной проектной документации в границах Павлодарской области согласно приложению 1.

      2. Установить специальный режим хозяйственной деятельности на территории водоохранных зон и режим ограниченной хозяйственной деятельности на территории водоохранных полос реки Иртыш в границах Павлодарской области согласно приложению 2.

      3. Управлению природных ресурсов и регулирования природопользования области передать уполномоченным государственным органам проект водоохранных зон и полос реки Иртыш в границах Павлодарской области для учета в государственном земельном кадастре и осуществления государственного контроля за использованием и охраной водного фонда и земельных ресурсов.

      4. Акимам города Аксу, Актогайского, Железинского, Иртышского, Качирского, Лебяжинского, Майского, Павлодарского районов довести до сведения всех заинтересованных организаций и граждан данное постановление.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бастенова Т. К.

      Аким области К. Нурпеисов
      Согласовано:
      Исполняющий обязанности
      начальника Иртышского
      бассейнового водохозяйственного
      управления М. Вагапова
      Начальник управления
      государственного
      санитарно-эпидемиологического
      надзора области А. Темербаев

  Приложение 1
к постановлению акимата
Павлодарской области
от 20 августа 2008 года № 219/8
"Об установлении
водоохранных зон
и полос реки Иртыш в границах
Павлодарской области"

Водоохранные зоны и полосы реки Иртыш
в границах Павлодарской области

№ п/п

Наименование районов

Водоохранная зона

Водоохранная полоса

Протяженность границ (км)

Площадь (га) 

Ширина(м)
 

Протяженность
границ (км)

Площадь
(га) 

Ширина
(м) 

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Актогайский

88,4

64649

600 - 11500

351,2

17654

40 - 150

2

Железинский

68,2

17928

300 - 7000

92,2

5349

20 - 120

3

Иртышский

101,9

51266

400 - 7300

147,3

12599

30 - 120

4

Качирский

84,0

39348

300 - 10500

168,2

8974

20 - 140

5

Лебяжинский

107,3

47793

400 - 12000

223,6

11108

30 - 100

6

Майский

116,5

88600

600 - 14000

172,2

16596

20-100

7

Павлодарский

129,6

62379

800 - 9000

256,0

15596

40-130

8

Сельская зона города Аксу

105,4

81015

3000 - 13000

227,2

19761

40-130

  Приложение 2
к постановлению акимата
Павлодарской области
от 20 августа 2008 года № 219/8
"Об установлении
водоохранных зон
и полос реки Иртыш в границах
Павлодарской области"

Режим хозяйственной деятельности
на территории водоохранных зон и полос
реки Иртыш в границах Павлодарской области

      Сноска. Приложение 2 - в редакции постановления акимата Павлодарской области от 17.03.2017 № 63-1/2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. В пределах водоохранных полос реки Иртыш не допускается:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов удобрений.

      2. В пределах водоохранных зон реки Иртыш не допускается:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, уполномоченным органом, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами, уполномоченными органами в области энергоснабжения и санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, ядохимикатов и нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами и ядохимикатами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки ядохимикатами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических ядохимикатов.

      Кроме этого, в водоохранных зонах и полосах не допускается строительство (реконструкция, капитальный ремонт) предприятий, зданий, сооружений и коммуникаций без наличия проектов, согласованных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, и получивших положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства (технико-экономических обоснований, проектно-сметной документации), включающей выводы отраслевых экспертиз.