Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданынан басқа) электр желілерін болашақта дамыту жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімиятының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 291/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 желтоқсанда N 3129 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 110/8 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 110/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" N 588 Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" N 1044 қаулысының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" N 147-ө өкіміне , "Павлодартехэнерго" ЖШС орындаған Павлодар облысының электр желілерін дамыту жоспарын бағалау нәтижелеріне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Павлодартехэнерго" ЖШС-тің сараптамалық бағалауын ескере отырып, "Павлодар облысының (Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданынан басқа) электр желілерін болашақта дамыту жоспары" бекітілсін.
      2. Қосылатын электр қуатының бірлігі (1 кВт) үшін төлем мөлшері 26273 (жиырма алты мың екі жүз жетпіс үш) теңге сомасында бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыс ә кімі                                   Б. Са ғ ынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады