Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша Нұсқауды және тізбені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 92/4 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 52 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкмідігінің 2012 жылғы 04 мамырдағы N 188/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.04 N 188/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, мүгедектерді кәсіптік және еңбекпен оңалту сұрақтарын дамыту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша қосымша беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.
      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталанған жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 наурыздағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 97/3 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-38 нөмірмен тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2007 жылғы 25 наурыздағы 14 нөмірінде жарияланған);
      аудан әкімдігінің 2007 жылғы 1 шілдедегі "2007 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота бекіту туралы" N 185/6 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-41 нөмірмен тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2007 жылғы 16 маусымдағы 24 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау және Нұсқауды жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

     Аудан әкімі                                 М. Көбенов

Железин ауданы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 25 наурыздағы N 92/4
қаулысымен бекiтiлдi

Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн
жұмыс орындарын квоталау бойынша
Нұсқау

      Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі  Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы"  Заңдарына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектердiң жұмыспен қамтылуына және жұмысқа қабылдануына қолдау жасау мақсатында квоталанатын жұмыс орындарының ең төменгi мөлшерi белгiлендi.
      2. Нұсқауда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      квоталандырылатын жұмыс орындары (квота) – кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы, жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердiң жұмыс орындарындағы үлесi (бөлiгi);
      жұмыс берушi – аудан аумағында қызметiн атқаратын, барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарынан басқалары), жеке тұлғалар;
      жұмыспен қамту мәселесi бойынша өкiлеттi орган - аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге қолдау жасайтын, жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын атқарушы орган.

2. Квоталар белгiлеудiң талаптары және тәртібі

      3. Квота туралы нақты ұсыныстарды жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi орган – жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектердiң санын талдау негiзiнде, сұранысты және аймаққа қажеттi жұмыс күшiн болжамдау бойынша әзiрлейдi.
      4. Жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде аудан әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес аудан аумағында орналасқан кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға мүгедектердi жұмысқа қабылдау үшiн жұмыс орындарына квота және оны ендiру мерзiмiн белгiлейдi.
      Квотаны белгiлеген кезде мүгедектердiң жыныстық-жастық құрамы, кәсiби және бiлiктiлiк деңгейi, дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптамалық ұсыныстар, сондай-ақ қызмет түрi, жұмыс тәртiбi, кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы жұмыс сипаттамасы және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдай ескерiледi.
      5. Қабылданған шешiм туралы жұмыс берушiлер ақпараттандырылады.
      6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңына сәйкес жыл сайын бiр жылдан кем емес мерзiмге барлық жұмыс орнының үш  пайызы мөлшерiнде квота белгiленедi.
      7. Жұмыс берушiлер белгiленген квотаға сәйкес, мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жұмыс орындарын құрады немесе бөледi.
      8. Жұмыс орындарына орналастыру, жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi орган жолдамасының негiзiнде жүргiзiледі.

3. Мүгедектердi жұмыспен қамтамасыз етудегi жұмыс
берушiлердiң мiндеттерi мен жауапкершіліктері

      9. Мүгедектер үшiн белгiленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi органның жолдамасы негiзiнде жұмыс берушiлер азаматтарды жұмысқа қабылдауға мiндеттi.
      10. Жұмыс берушiлер кәсiпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкес босаған жұмыс орындары немесе құрылған жұмыс орындары жөнiнде үш күндiк мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi органға ақпарат беруге мiндеттi.
      11. Жұмыс берушiлер квота есебiне бөлiнген жұмыс орындарының толығуы туралы ай сайын жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi органға ақпарат бередi.
      12. Квота есебiне бөлiнген жұмыс орындарының толығуына бақылауды жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өкiлеттi орган және мемлекеттiк еңбек инспекциясының органы жүргiзедi.

Железин аудан әкімдігінің
2008 жылғы 25 наурыз N 92/4 қаулысына
қосымша

Мүгедектерді 2008 жылы жұмысқа қабылдау
үшін квоталанған жұмыс орындарының
тізбесі

Р/с N

Аумақтық бірліктің атауы

Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер

Маман-дығы

Квотаны енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Железин селолық  округі

Үрілітүп орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі (келісім бойынша)

Күзетші

Мамыр

"Қазпошта" акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

От жағушы

Тамыз

2.

Еңбекші селолық округі

Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

Вахтер

Қыркүйек

3.

Михайлов селолық округі

Михайловка жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

Гардеробшы

Қыркүйек


Сыпырушы

Қараша

4.

Башмачин селолық округі

Башмачин жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

Еден жуушы

Қыркүйек


Вахтер

Қазан

5.

Прииртышск селолық округі

Прииртышск жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

Вахтер

Қыркүйек


Күзетші

Мамыр

6.

Лесной селолық округі

Лесной жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

От жағушы

Қазан


От жағушы

Қазан

7.

Озерный селолық округі

Озерный жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

От жағушы

Қазан

8.

Уәлиханов селолық округі

Уәлиханов жалпы білім беру орта мектебі (келісім бойынша)

Гардеробшы

Қыркүйек


Барлығы аудан бойынша:


13 адам


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады