Ауданның елді мекендерін көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты ұстаудың ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 25/5 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 1 сәуірде N 50 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 67 шешімімен

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 67 шешімімен.

      Қазақстан Республикасынының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы" Кодексіна, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіна, ауданның елді мекендерін көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты ұстаудың саласында құқықты мен заңды тұлғалар қатынасын реттейді және 2001 жылғы 27 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық игілігі туралы" Қазақстан Республикасындағы Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ауданның елді мекендерін көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты ұстаудың ережелері бекітілсін (бұдан әрі-Ереже).
      2. Успен аудандық мәслихатының 2005 жылғы 19 мамырдағы (ІІІ шақырылым ХVІ сессия) "Ауданда көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты сақтаудың, ұйымдардың аумағын тазалаудың және үй жануарларын ұстаудың ережелері туралы" N 102/16 (2005 жылғы 2 шілдедегі "Сельские будни" N 26 газетінде басылған,, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-12-4 тіркелген); 2005 жылғы 14 қарашадағы (ІІІ шақырылым ХХ сессия) "Успен аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 19 мамырдағы (ХVІ сессия, ІІІ шақырылым) "Ауданда көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты сақтаудың, ұйымдардың аумағын тазалаудың және үй жануарларын ұстаудың ережелері туралы" N 102/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 121/20 (2005 жылғы 17 желтоқсанындағы "Сельские будни" N 50 газетінде басылған,нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-12-12 тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Шешімнің жүзеге асыруды бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың ІV сайланған
      V сессия төрағасы                          Ф. Малаева

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Успен аудандық мәслихатының
2008 жылғы 6 наурыздағы
IV сайланған V сессиясының
N 25/5 шешімімен бекітіледі

Ауданның елді мекендерін көріктендірудің,
санитарлық тазалаудың, тазалықты ұстаудың ережелері

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы   "Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы" Кодексiне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жергiлiктi басқару туралы", 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы туралы" Заңдарына сәйкес, ауданда көрiктендiрудiң, санитарлық тазалаудың, тазалықты сақтаудың, ұйымдардың аумағын тазалаудың және заңды және жеке тұлғалардың қатынасын реттеу мақсатында әзiрлендi.
      2. Табиғат және оның байлығы Қазақстан Республикасы халқының табиғи тiрегi, олардың тұрақты әлеуметтiк – экономикалық дамуының және хал-ахуалының артуының негiзi болғандықтан осы ереженiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) азаматардың экологиялық, санитарлық–эпидемиологиялық жағдайына және радиациялық қауiпсiздiгiне конституциялық құқын жүзеге асыру;
      2) бүгiнгi және келер ұрпақтың денсаулығына жайсыз әсер етпейтiн қоршаған ортаны сақтау және тұрғындарды санитарлық–эпидемиологиялық жағдайын мемлекеттiң қамтамасыз ету принципiн жүзеге асыру;
      3) тұрғындарды денсаулығын және санитарлық–эпимиологиялық жағдайын қорғау;
      4) әрбiр азаматтың санитарлық–эпидемиологиялық жағдай туралы толық ақпарат алуына, осы шешiмдердiң жүзеге асуы тұрғындардың денсаулығын және санитарлық–эпидимиологиялық жағдайын мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдайтын шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауға және талқылауға, әзiрлеуге қатысуға.
      3. Осы ереженiң мақсаты ауылдық аумақтарды жазғы және қысқы мерзiмде тазалау тәртiбiн анықтау, көлiк қозғалысының қауіпсіз болуы үшiн тиiстi жағдай және тазалықты қамтамасыз ететiн жұмыстарды орындау барысына талап қоюды, қалалық аумақтарды көлiктендiру және санитарлық күтiп ұстауды бұзуға жауапкершiлiктi, сыртқы жарнама объектiлерiнiң, егiлген ағаштардың, ауылдық инфрақұрылым объектiлерiнiң және ғимараттардың жағдайын анықтау.
      4. Ереже Успен ауданының аумағында орналасқан барлық ведомостволарға, кәсiпорындарға және ұйымдарға, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi болып табылатын жалға алушыларға мiндеттi.

1. Жалпы ережелер

      5. Осы ережеде қолданылатын түсiнiктер:
      қалдықтар – өндiру және қолдану процессiнде пайда болған шикi зат, материал, жартылай фабрикат қалдықтары және сонымен қатар өзiнiң тұтынушылық қасиетiн жоғалтқан тауарлар;
      қатты тұрмысты қалдықтар (ҚТҚ) – тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пайда болатын қалдықтар (тұрғын үйлердi ағымдық жөндеуден пайда болатын қалдықтар қоса алғанда), от жағу орындарында от жағатын құрылғылардан түсетiн қалдықтар, түскен жапырақтар және үй шаруашылығының iрi құралдары;
      санитарлық тазалау – қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, қайта өндеу және көму;
      қалдықтарды шығару – қалдықтарды арнайы бөлiнген жерге апару;
      аумақты көріктендіру – ауданның әкімшілік аумағында адамның жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін жасалған элементтер мен жұмыстар жиынтығы;
      инженерлік жүйе және құрылғылар, байланыс-инженерлік көріктендіру тұрғындармен кәсіпорындарды жылумен сумен, электрмен, байланыспен қамтамасыз етудің, сонымен қатар аудан аумағындағы беткі қабаттардағы судан тазартудың басты элементі;
      көк шалғындар – сәулет ландшафтық әсемдеу және көріктендіру деңгейін көтеру және санитарлық гигеналық жағдайды жақсатрудың жоспарлық шешімінің элементі ( гүлзарлар, ағаштар газондар);
      жер жұмыстары - қазу, қайта көму, шұңқырлар қазу істерімен байланысты жұмыстар;
      жерді пайдаланушы - аудан аумағында жерді пайдалану құқы бар немесе жеке меншік жер учаскесі бар жеке немесе заңды тұлға;
      аумақ бөлу - жергілікті мемлекеттік органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының меншігіне обьекті орнату (ғимарат, құрылыс, транспорт магистралі және т.б) үшін берілген жер учаскесі;
      қалдықтарды залалсыздандыру қалдықтарды өндеу, соның iшiнде қалдықтарды адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды ісерiне жол бермеу мақсатында арнаулы учаскелерде оларды өртеу және залалсыздандыру;
      қоқыс шығару – мамандандырылған ұйым көрсететiн коммуналдық қызмет, қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру, қайта өңдеу және көму;
      мамандандырылған ұйым – арнаулы көлiгi бар және қоқыс шығару саласында кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
      қоқыс шығаруға арналған тариф-қызмет көрсетуге қажеттi шыққан шығынды толығымен қайтаруды және кiрiс алу мүмкiндiгiң ескеретiн, мамандандырылған ұйымның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган бекiткен қызмет бағасы;
      қоқыс төгетiн орын, қоқыстарды көметiн және жинауға арналған жалпы пайдалану үшiн арнаулы орын;
      үй жай – тұрғын үйлер (үй – пәтер) және тұрғын үй емес (әкiмшiлiк, сауда, өнеркәсiптiк, мәдениет тұрмыстық және тағы басқа бағыттағы) ғимарат;
      өкiлеттi орган – құқықтық қатынастар саласында өкiлеттiлiк берiлген мемлекеттiк орган.
      6. Аудан аумағын тазарту және жинау жүйесi аудан аумағында жиналған көше қоқысын және басқа тұрмыстық қалдықтарды жылдам жинау, экономикалық тиiмдi тұрмыстық қалдықтарды тиiмдi пайдалану, залалсыздандыруды (шаруашылық-тұрмыстық, соның iшiнде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, сауда кәсiпорындарынан, қоғамдық тамақ-тандыру және мәдени тұрмыстық бағыттағы) қарастырады және үй-жайларды және жалпы пайдаланылатын аумақтарды жазғы және қысқы мерзiмде күтiп ұстауды қоса алады.
      7. Ауыл аумақтарының санитарлық жағдайын өз деңгейiнде қамтамасыз ету үшiн санитарлық тазалау жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру жүйелi – жоспарлы және өтiнiш тәртiбiнде мемлекеттiк коммуналды шаруашылық және жеке сектордың арнаулы көлiгiмен жүзеге асырылуы тиiс.
      8. Жоспарлы жүйенi және қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру санитарлық–эпидемиологиялық қызметтiң келесiмi бойынша өкiлеттi органмен анықталады.
      9. Жалпы пайдалану орындарын тазалау шарт негiзiнде арнаулы кәсiпорынға жүктеледi. Бөлiнген учаскелер аумағын жинауға субъектiлердi бекiту нақты жердi пайдалану шекарасында немесе атқарушы органмен шарт жасау негiзiнде бекiтiледi.
      10. Тұрғын үйлерге кiреберiс жолдарды, аула аумақтарын тазалау жеке үй иелерiне жүктеледi, көшелер, үй арасындағы жолдар, егiлген ағаштар мамандандырылған ұйымдарға, аумақтармен тротуарлар осы араға орналасқан шекаралас ұйымдарға, кәсiпорындарға, басқармаларға жүктеледi.
      11. Жанар – жағар май құю станциялары (ЖМС) орналасқан 15 метр радиустағы аумақты тазалықта күтiп үстау және тазалауды ЖМС қызметкерлерi жүзеге асырады.
      12. Сауда нүктелерi орналасқан 5 метр радиустағы аумақтарды жинау және тазалау жөнiндегi жұмысты меншiктiң барлық түрiндегi сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етедi.
      13. Кәсiпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, баздардың, оларға кiреберiс аумақтарды тазалау осы ұйымдардың немесе мамандарылған ұйымдардың құралдарының күшiмен жүзеге асырылады.
      14. Ауылдық аумақтардың басқа учаскелерiн (стадиондар, базарлар, жәрменке өткiзу орындары, ашық автомобиль тұрақтары, ауыл шаруашылық жерлерi) тазалықта ұстау тиісті жердi пайдаланушыларға жіктеледi.
      15. Құрылыс, күрделi және ағымдағы жөндеу объектiлерiне тақау аумақтарды тазалықта ұстау жауапкершiлiгi осы жұмыстарды орындайтын құрылыс–жөндеу ұйымдарына жүктеледi.
      16. Ойпаң жердегi учаскелер аумағының жауын суы немесе тасқын су басып кету қауыпының алдын алу мақсатында су құбырлар жүйесiн тазалау осы құрылыстар балансында тұрған тиiстi қызметтер кемiнде екi рет тазалайды.
      17. Қатты және сұйық қалдықтарды залалсыздандыру үю және көму арнаулы бөлiнген учаскелерде өткiзiледi.
      18. Қалдықтарды арнаулы бөлінбеген жерге апарып төгуге және ауыл шаруашылығы алаңдарына апарып көмуге тиым салынады.
      19. Көрiктендiру және аумақтарды тазалау жөнiндегi жұмыс қысқы және жазғы болып бөлiнедi, ол жүйелi, мерзiмдi түрде және апат кезiнде жүргiзiледi.
      20. Жүйелi түрге сыпыру, жуу, су құю, қар күреу және мұздан тазарту жатады.
      21. Мерзiмдi түрге түскен жапырақтарды жинау, су құбырын тазалау, жол бойындағы шөптердi шабу жатады.
      22. Апат кезiндегi түрге (қар жауғанда, көк тайғақта, боран болғанда) жолдарға құм-тұз, хлорид және басқа да реагенттер себу, қарды күреу және жинау, жол қиылыстарын қардан тазалау т.б.

2. Жалпы пайдаланылатын орындарды
күтiп ұстау және тазалау

      23. Парктердi, көпшiлiк демалатын және басқа да жалпы пайдаланылатын орындардың аумағы осы ереженiң бiрiншi бөлiмiнде бекiтiлген талаптарға сәйкес ұсталады.
      24. Барлық алаңдар мен көшелерде, басқа жерлерде де жеткiлiктi түрде урна қойылуы тиiс.
      25. Урналарды тазалау олар толысымен жүйелi түрде өткiзiледi.
      26. Урналарды таза ұстауға жауапкершiлiк өзiне бекiтiлген аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдарға, кәсiпорындарға және мекемелерге жүктеледi.
      27. Сауда ғимараттарында, офистерде, үй жайларда иелерi урнаны кiре берiске қояды.
      28. Урна таза ұсталуы тиiс, толысымен тазартылады, кем дегенде жылына екi рет сырланады.
      29. Бос жәшiктердi және тауар қорын дүңгершектер мен дүкендер жанында жинауға, сондай–ақ маңайдағы аумақты қойма ретiнде пайдалануға тиым салынады.
      30. Егiлген ағаштар ведомствалық иесiне қарамастан мемлекеттiк қор болып табылады және қатаң түрде заңмен қорғалады.
      31. Заңды және жеке тұлғаларға бекiтiліп берілген аумақта ұсынылсын:
      1) егiлген ағаштардың сақталуын қамтамасыз ету, ол үшiн толық агротехникалық шаралар кешенiн өткiзуге, атап айтқанда: суғару, отау, құрғақ бұтақтарын кесу, ағаш дiңiн тазалау, түбiршектерiн алып тастау, тыңайтқыш салу, кесiлген жерлерiн дизинфекциялау, сондай-ақ арам шөптердi жою үшiн механикалық өңдеу жүргiзуге;
      2) жүйелiк түрде ауыл шаруашылығының зиянкестерiмен, арам шөптермен өз күшiмен күрес жүргiзуді өткізу;
      3) жапырақ түсетiн мерзiмде түскен жапырақтарды жинау, жиналған жапырақтарды арнаулы бөлiнген учаскеге апаруға, жапырақтарды түрғын үйлер аумағында және парктерде өртеуге тиым салынады;
      4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіна сәйкес жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      32. Жердiң жоғарғы қабатын бұзу мен байланысты өндiрiстiк және құрылыс ұйымдары меншiк түрiне қарамастан жердiң жоғарғы құнарлы қабатын сақтап, пайдалануға сондай–ақ жұмыс барысында бүлiнген жер учаскелерiн құрылыс аяқталысымен өз есебiнен қалпына келтiреді.

3. Көшелер мен жол құрылыстарын күтіп ұстау тәртібі

      33. Көшелер, жолдар және жол құрылымдары жалпы пайдалануға арналған мемлекеттік меншік болып табылады және.
      34. Көлікпен тасымалданатын көшелерді ластайтын жүктер көшелерді ластамау үшін дұрыс жабылуы тиіс.
      35. Көшелерді пайдаланушылар көліктерді кедергісіз өтуге жағдай  жасайды.
      36. Тиым салынады:
      1) көк шалғындарды, жол қозғалысын реттейтін құралдарды, белгілерді, жол құрылғыларын және жолдар мен көшелерді бұзуға;
      2) көшелер, жолдар, құрылыстар және ғимараттарға кіре беріс жолдар мен сонымен қатар өрт су көздері қоршауға.
      37. "Успен ауданы автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын-коммуналдық бөлімі" ( бұдан әрі -ТКШ бөлімі) мемлекеттік мекемесі берген жолдарды бұзуға байланысты жазбаша рұқсат (ордер) бар болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар жер жұмыстарын жүргізе алады.

4. Үй жайларды күтiп ұстау және тазалау

      38. Үй жайларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүйелi тұрде жоспар бойынша өткiзiледi.
      39. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көлiкпен шығарылады, сұйық қалдықтар ассенизатор көлiгiмен шығарылады.
      40. Меншiк иесiнiң қолында мамандарылған ұйыммен қоқыс және тұрмыстық қалдықтарын шығару қызметiне, шығару кестесiне шарты, орындалатыны жұмысқа төлемақы болса қоқыстың өз уақытында шыға рылмауына жауапкершiлiктi шарт жасалған мамандандырылған ұйым көтередi.

5. Ғимраттардың алды мен аумақтарын көріктендіру туралы

      41. Ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды сәулет келбетін сақтау үшін, оларға сауда орындарын орналастыру кезінде, осы обьектілерді пайдаланушылар құрылыс және сәулет органдарымен келісілген және дайындалған жобаға байланысты ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды көріктендіру шараларын орындау қажет.
      42. Шаралар келесі жұмыстардың орындалуымен қоса жобада қарастырылған көлемемде:
      1) ғимараттардың алдын әрлеу (сырлау, ақтау);
      2) орнатылған күнқағарлар ғимараттың жалпы келбетіне сәйкес болуы тиіс;
      3) аумақты көріктендіру жұмыстары бойынша тротуарлар жасау, көліктері тұрағы және кіре беріс жолдарын, көк шалғындар, газондар жасау;
      4) көріктендірудің эленеттері орнату - көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағында орындықтар, балалар ойнайтын алаң, қоршаулар, урналар, орындықтар орналастыру;
      5) көшеге жарық беру шамдарын орнату (түрлi түстi жарнамалар) маңындағы ғимарат аумағын жарықтандыруға жеткілікті;
      6) бірыңғай сәулеттік стильге сай маңдайшаларды бекіту керек.
      43. Кәсіпорындарға, мекемелерге, үй қырылысының иелеріне ұсынылсын:
      1) ғимараттың техникалық қауіпсіздігін, шаруашылық және тұрмыстық құрылыстардың, олардың сыртқы келбетін дұрыс ұстау, жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілуі керек;
      2) ғимаратта көше фонары, көшенің атау мен нөмері көрсетілген болуы керек;
      3) құрылыс және сәулет органдарының жобалары бойынша көк шалғындар отырғызу, арам шөптерді жүйелі түде жойып отыру қажет.

6. Инженерлік құрылыстарды және коммуникацияларды
тазадау және күтіп ұстау тәртібі

      44. Құрылыстар мен коммуникациялардың жобасын әзірлеу барысында жобалау ұйымдары:
      1) құрылыс учаскесіндегі ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру тәртібін әзірлеуге;
      2) құрылыс жұмысының сметасында қалпына келтірудің төлем ақысы, егер ағаштар қайта отырғызылған жағдайда ағаштарды қайта егу жұмысының қосымша төлем ақысын қарастыруға міндетті.
      45. Құрылыс жүргізілетін мерзімге құрылыс ұйымына негізгі магистрал бойымен салынып жатқан құрылыстан 600 м ұзындықпен күн сайын тазалау үшін жол учаскесі бекітіледі.
      46. Бұзылған құрылыс орнындағы құрылыс аландары құрылысты бұзу басталғанға дейін пераметр бойынша толық қоршалуы тиіс.
      47. Шектелген жерде көлік саны аз болуы керек.
      48.Аудан ауылдарының аумағындағы көшелердегі, магистральдардағы, ауыл ішіндегі жер және құрылыс жұмыстарын заңды және жеке тұлғалар осындай жұмыстарды атқару құқына рұқсат беретін өкілетті органның келісімімен бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      49. Сусымалы және көшелерді ластайтын басқа да жүктер көшелерді ластамау үшін ұқыпты жабылуы тиіс.

7. Елді мекендер аумағын санитарлық күтіп ұстау
қызметі мен өкілетті органдардың құзіреті

      50. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының негізінде қала аумағын және аулаларды, сондай-ақ қоғамдық пайдалану органдарын күтіп ұстаудың санитарлық санитарлық ережелерінің сақталуына қадағалауды ішкі істер органдары санитарлық қадағалау органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады.
      51. Мыналарды жергілікті атқарушы органдар бекітеді:
      1) механикаландырылған жинауға жататын алаңдар мен өтетін жер, көшелердің титулдық тізімі, сондай-ақ оларды жылдың жазғы және қысқы мерзімінде тазалау кезегін;
      2) айналадағы қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи байлықтарды сақтау жөніндегі шараларды;
      3) парктердің, скверлердің, қызметтік-техникалық ғимараттардың,  құрылыс алаңдарының, сауда мекемелерінің санитарлық жағдайына жауапты ұйымдарды;
      4) санитарлық тазалау мен жинаудың бас нобайын;
      5) қалдықтарды үю және көму орындарын.
      52. Үй иелері тұрмыстық қалдықтарды өз уақытында өздері шығаруға немесе шығартуға шарт жасауға міндетті.
      53. Жинап тазалайтын кәсіпорын:
      1) кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, үйлердің аумақтарынан (шартқа сәйкес) қоқысты өз уақытында шығаруды жүзеге асыруға;
      2) аптасына екі рет қатты қоқысты тазалаудың жүйелі-жоспарын жүзеге асыруға міндетті.
      54. Мына іс-әрекеттер ұсынылады:
      1) көшеде, тротуарға, үй жанындағы газондарға құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, шөп, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, миниралдық тыңайтқыштар және басқа да материалдар үюге;
      2) көшенің көлік және жаяу адамдар жүретін бөлігін, ағаш егілген аумақтарды, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын орындарды қоқыспен (темекі қалдықтары, бөтелкелер, қағаз т.б.) және тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      3) жолдың көлік жүретін бөлігінде және тротуарларда қоршалмаған канализация, су құбырлары және басқа да құдықтарды ашық қалдыруға;
      4) бөлінбеген жерде мал айдауға және жаюға;
      5) сусымалы және сұйық заттарды жабдықталмаған кузовтармен тасуға;
      6) жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенде құрылыстарды бұзуға (жолдарды, бордюрлерді, құдық қақпақтарын т.б.), сондай-ақ оларды топырақпен жабуға;
      7) канализация мен су құбырларындағы апат салдарын жөндегенде тротуарларға, газондарға, көшенің көлік жүретін бөлігіне су жіберуге;
      8) кәсіпорындар, ұйымдар аумағында, көшелерде, тұрғын үй аласында, жеке учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
      9) ағаштарды электр желісін, сымдарды тартуға, алтыбақан орнату үшін пайдалануға тиым салынады.

8. Тұрғылықты пункіттер аумағындағы
құрылыстарды бұзу және сұрыптау

      55. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдылықты қамтамасыз етілгеннен кейін тозығы жеткен құрылыстардан аумақты тазарту жұмыстары жүргізіледі.
      56. Осы жұмыстар кажетті машиналар мен механизмдердің және осы жұмысты атқара алатын жұмысшыларды тарту мен атқарылады.
      57. Ғимарттардың үш метрден асатын жер асты шыңқырлары мен траншеялар көмілуі тиіс.
      58. Бұзу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер учаскесі рекультивациялануы керек.
      59. Заңды және жеке тұлғалардың осы ережені бұзуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады