Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1573 "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 1/44 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 769 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 1/149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.03.01 N 1/149 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      IV сайланған Алматы қалалық мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 42 "Алматы қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1573 қаулысына (N 732 мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер Тізілімінде тіркеліп, 10 ақпан 2007 жылғы "Алматы Ақшамы" газетінде N 17 және 27 қаңтар 2007 жылы "Вечерний Алматы" газетінде N 20 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтағы "бір жарым" деген сөзі "екі" деген сөзге ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі                       И. Тасмағамбетов

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 30 декабря 2006 года N 8/1573 "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп"

Постановление акимата города Алматы от 16 января 2008 года N 1/44. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 14 февраля 2008 года N 769. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 1 марта 2012 года N 1/149

      Сноска. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 01.03.2012 N 1/149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с решением VI-ой сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года N 42 "О бюджете города Алматы на 2008 год", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Алматы "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп" от 30 декабря 2006 года N 8/1573 (зарегистрировано под N 732 в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов, опубликовано 10 февраля 2007 года в газете "Алматы Ақшамы" N 17 и 27 января 2007 года в газете "Вечерний Алматы" N 20) следующее изменение:
       в пункте 4 слово "полутора" заменить словом "двух".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя Акима города Алматы М.Мукашева.
       3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

       Аким города Алматы                 И.Тасмагамбетов