Мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековті есте қалдыру туралы

Жаңа

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 127 бірлескен шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 3/556 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 779 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13-бабы 4 тармағына   сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Новая көшесі (Ж.Омарова көшесінен Рубинштейн көшесіне дейін, Медеу ауданы, 1200 метр) Өзбекәлі Жәнібеков көшесі болып өзгертілсін.
      2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
      3. Медеу ауданының әкімі М.Бейдәліге, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
      4. Медеу ауданының әкімі М. Бейдәлі осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/1241 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 49 шешімдерімен бекітілген ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІ сессиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің "Мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековті есте қалдыру туралы" бірлескен шешімінің күші жойылсын.
      6. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
      7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі                        А. Есімов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХІ сессиясының
      төрағасы                                   Т. Есполов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады