Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 119 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 тамызда N 781 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесі бекітілсін, қоса беріліп отыр.

      2. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІ сессиясының "Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 314 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде 2007 жылғы 26 қаңтарда N 735 рет санымен тіркелді, 2007 жылғы 29 наурызда - "Алматы ақшамы" газетінде N 67, 2007 жылғы 17 ақпанда - "Вечерний Алматы" газетінде N 37 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә. Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Сманқұловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХI сессиясының
төрағасы
Т. Есполов
      ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХІ сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 119 шешімімен бекітілген

Алматы қаласындағы жасыл желектерді
күту және қорғау ережелері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы жасыл желектерді күту және қорғау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау және күту тәртібін белгілейді.

      2. Жасыл желектер мәселелері бойынша табиғатты пайдалануды басқару және реттеу заңнамаға сәйкес табиғи (оның ішінде өсімдік) ресурстарды табиғат пайдалануға беруге уәкілетті Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті органы) жүктеледі.

      Жасыл желектерді күту және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру аудандық әкімдіктерге, ал жасыл желектерді қорғау жөніндегі шараларды жүргізу иеліктерінде жасыл желектері бар, бағдарламалардың әкімгерлеріне және табиғат пайдаланушыларға жүктеледі.

      3. Осы ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ведомстволық нұсқаулық - қала әкімдігінің уәкілетті органы бекітетін, қала аумағындағы жасыл желектерді құру, күту және қорғауға қатысты техникалық қадағалау, түгендеу мен олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу және тағы басқа мәселелерді реттейтін құжат;

      2) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуға жататын ағаштарды кесу;

      3) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отыра ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;

      4) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

      5) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га. кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

      6) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;

      7) жасыл құрылыс - қалада, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы едәуір учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырма мен оның техникалық жобасы негізінде жүргізіледі;

      8) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыру мақсатындағы өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту трубалары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;

      9) жасыл желектерді түгендеу - (бұрынғысынша, тал басын санау) жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;

      10) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі - НЖК) - кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жәй-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;

      11) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретін және ағаш сапасын жақсарту үшін ағаштар мен бұталарды кесу;

      12) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының бар-жоғын, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында таз ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің 50% астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады.

      13) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

      14) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және т.б. орналасатын жер учаскесі;

      15) жасыл желектерді күту мен қорғаудың осы ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;

      16) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде соқтасымен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы соқтасы бар (10 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;

      17) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;

      18) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;

      19) Алматы қаласы жасыл желектерінің тізілімі - Алматы қаласының аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы, туралы мәліметтердің жиыны;

      20) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;

      21) санитарлық қырқу - авариялық жағдай жасайтын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;

      22) іріктемелік санитарлық кесу - құрғаған, өлген, желден құлайтын, қардан құлайтын, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;

      23) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40% астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;

      24) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, жасыл желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;

      25) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетін, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;

      26)арнайы мамандандырылған ұйым - Жарғысында жасыл желектерді күту мен қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті барлық материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;

      27) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;

      28) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;

      29) күту - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту және т.б.);

      30) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту".

      4. Алматы қаласының аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсіп тұрған жасыл желектерді, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріндегі өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.

      5. Жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады.

      6. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс. Егер учаскеде 10-нан аса ағаш өсіп тұрса, бекітілген ведомствалық нұсқаулыққа сәйкес түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізу қажет.

      7. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХІV сессиясының 2006 жылдың 26 қыркүйегіндегі N 268 шешімімен бекітілген "Қала аумағына құрылыс салу ережесінің" 46 тармағына сәйкес нысандарды жобалау және салу кезінде нысан құрылысын салуға бөлінген жер телімінің кем дегенде 20 % аумағын көгалдандыруды қарастыру қажет.

      8. Қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар, белгіленген тәртіппен келісілген қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.

      9. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде, көгалдандыру жағынан қала құрылысы нормасын сақтай отырып, әкімдіктің уәкілетті органының келісіміне сәйкес жүргізіледі.

      10. Жасыл желектерді амалсыз кесуге заңда белгіленген тәртіпте, қаланы дамытудың бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.

2. Жасыл желектер мәселелері бойынша
табиғатты пайдалануды реттеу және басқару жөніндегі
әкімдіктің уәкілетті органының құзыреті

      11. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

      1) жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:

      Тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады;

      Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға актілерді рәсімдеу мен рұқсаттарды беру, тексеру жүргізу, рұқсат материалдарын дайындауды жүзеге асырады (№ 1, № 2, № 3 қосымшалар);

      1) тармақшадағы талаптар Осы ережелердің 44, 45, 46 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды;

      2) одан әрі көгалдандыруды жүргізу және жоспарлау үшін учаскелерді анықтау және зерттеу, жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) жасыл желектерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласында, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласында, орман шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдармен бірлесіп әрекет ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

      4) көгалдандыру мәселелерінде (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, көшет егу, әсемдік-гүлді безендіру және т.б.) техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

      5) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының жасыл желектерін түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

      6) кепілді өтемдік отырғызу және жасыл желектерді күту жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2009.06.25 N 220 шешімімен.

3. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту

      12. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады.

      Алматы қаласында жасыл желектерді есепке алу белгіленген нысанға сәйкес (4 қосымша) тізілімге енгізіліп есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      13. Жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу жән орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары және уәкілетті орган бекіткен, ведомствалық нұсқаулық негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрожоспар) болып табылады.

      14. Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді тендер негізінде арнайы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

      Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарының көшірмесін уәкілетті орган жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудан әкімдіктеріне жібереді.

      Ескерту. 14 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2009.06.25 N 220 шешімімен .

      15. Амалсыз кесуге жататын және 10-нан астам ағашы бар учаскелер шегінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет. Оны тапсырысшы осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша жүргізеді.

      16. Жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:

      1) Алматы қаласының аумағында жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;

      2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;

      3) халықты, билік пен басқару органдарын қаладағы жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

      17. Жасыл желектер тізілімін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары табиғат қорғау қаражаты есебінен жүргізіледі.

      18. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күту мен қорғауды мына жағдайларды қоспағанда бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер жүзеге асырады:

      1) арнайы саябақтарда меншік иелеріне немесе меншік иесі өкілеттеген адамға;

      2) тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне;

      3) өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақтарда және санитарлық-қорғау аймақтарында - иелеріне немесе осы нысандарды пайдаланушыларға;

      4) құрылыс үшін бөлінген аумақтарда - тапсырысшыға жүктеледі.

      Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2009.06.25 N 220 шешімімен.

      19. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді күту мен қорғау жұмыстарын арнайы ұйымдар тендерлік негізде жүргізеді.

      20. Әкімдіктің уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 2,0 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі.

      Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (қалалық сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жүргізіледі.

      Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда әкімдіктің уәкілетті органы одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін белгіленген тәртіппен келісілген арнайы учаскелерді анықтайды.

      Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күту және ұстау, көгалдандыруды жүргізетін мамандандырылған ұйымдар (келісім-шарт негізінде) жүзеге асырады.

      Көшеттерді отырғызу жөніндегі жұмыстарды орындау әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен қалада жасыл желектерді егу жөнінде ведомствалық нұсқаулықтың негізінде жасалады.

      21. Объект жағдайының коэффициенті (НЖК) бойынша 4 және 5 сыныптағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе әкімдіктің уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді кепілді өтемдік отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады.

      22. Апаттық ахуалдың пайда болуын - ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауіп төндіретін және т.б), қураған ағаштардың, қатты піскен (тіршілігі қысқа мерзімді, жылдам өсетін: жасы 40-тан асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50- ден асқан аласа шегіршін, вавилон қара шілігі) және басқа да ағаш түрлерінің өздігінен құлауын болдырмау үшін желектің сапалық жағдайына қарамастан сұлбасы, жапырағы, діңгегі 4 және 5 санаттағы НЖК-ны қолдана отырып, алдын ала зерттеу жүргізудің (оның ішінде аудандардағы жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу нәтижесіне сәйкес ИЖК қолдана отырып көшеттердің жоспарланған өтемдік отырғызылуын ескеру, апатты (қартайған және т.б. сол сияқты) ағаштарды құлату жөнінде бағдарлама әкімгерлерінің, жасыл желектерге қызмет ету үшін тендерді ұтып алған арнайы ұйымдардың, Алматы қаласы құтқару қызметі, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ағаштарды амалсыз кесуге немесе санитарлық кесуге рұқсатнама беріледі.

      23. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумақ қарайтын мекемелерге немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға жүктеледі.

      24. Жасыл желектерді күту жөніндегі бағдарламалардың әкімгерлері (аудан әкімдерінің аппараттары) көгалдандыру мәселелері бойынша табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде әкімдіктің уәкілетті органына апатты ағаштарды санитарлық кесу немесе амалсыз кесу жүргізілген орындарға ірі көлемде отырғызылатын көшеттердің саны мен түрі нақты көрсетілген, қаланың жасыл қорын қалпына келтіру жөніндегі өтемдік жұмыстарды жүргізуге қаржыны ұйымдастыруға тапсырыс береді.

      25. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 м қашықтықта өсіп тұрған ағаштың бөрікбасы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат 3.01-01-2002 Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу (НЖК бойынша 4 және 5 санаттары) ретінде беріледі.

      26. Жасыл желектерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 2 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе көлемінде отырғызу жолымен (N5 қосымшаны ескере отырып) жүргізіледі. Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1.3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Заңсыз кесу жүргізілген аумақта ағаш отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда әкімдіктің уәкілетті органы өтемдік отырғызуды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен арнайы учаскелерді белгілейді.

      27. Жасыл желектер заңсыз кесілген жағдайда өтемдік қалпына келтіру жұмыстары заң бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

      28. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді жеке тұлғалар дербес меншік аумақтарында, ал заңды тұлғалар жасыл желектерді оларды одан әрі күтудің (оның ішінде екі жыл бойы күтіп-баптау жұмыстары) міндетті шарттарын сақтай отырып арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша жүргізеді. Жалпы пайдаланудағы жерлерде көшеттерді өтемдік отырғызуда қаладағы жасыл желектерді құруға техникалық қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мамандандырылған мекемелерді қатыстырумен жүзеге асырылады. Жасыл желектерді отырғызу технологиясына техникалық қадағалау жүргізу әкімдіктің уәкілетті органы бекіткен, қалада жасыл желектерді құру жөнінде техникалық қадағалауды жүргізу нұсқаулығы негізінде орындалады.

      29. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.

      30. Қатты өскен немесе зақымдалған жасыл желек өздігінен құлаған кезде, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

      31. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлі тараптар осы Ережелердің 26, 27 тармағына сәйкес зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін жүргізеді.

      32. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға немесе мамандандырылған ұйым (әрекеттегі кепілді міндеттеменің келісім-шарты бойынша) жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтілуін қамтамасыз етеді.

      33. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі. Отырғызуды қалпына келтіру, уәкілетті органмен келісілген, мерзімі көрсетілген өтемдік қалпына келтіру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      34. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен (ағаш-бұта өсімдігі діңінің, көшеттің, көкжелектердің, гүлзарлардың айналасына, қажетті жағдайда бөрікбастарды қорғау) механикалық және өзге зақымдалулардан қорғалуға тиіс.

4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау

      35. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі және жасыл желектер өсіп тұрған жер учаскесіне жер пайдалану құқығын айғақтайтын құжаттарды және өзге қажетті құжаттарды міндетті көрсетуі бойынша немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен бекітілген бағдарлама әкімгерлерінің табиғат қорғау шаралары жоспарына сәйкес әкімдіктің уәкілетті органының ресми рұқсатымен ғана ресімделеді.

      36. Жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, сүңгегін тазалау және санитарлық қырқу жыл бойында жүргізіледі.

      37. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде әкімдіктің уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты тұқымдылардың дұрыс құтаюы мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

      38. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету тозаңдану басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.

      39. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңғыртуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде әкімдіктің уәкілетті органының ресми рұқсаты бойынша жүргізіледі.

      40. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жасыл желектері бар аумақтарды күту жөніндегі бағдарламалар әкімгерлері, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібін сақтай отырып химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

      41. Осы Ережелердің 40 тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулерді жүргізуі, жасыл желектерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және аудандық әкімдіктерге жүктеледі, ал жүргізілген жұмыстарға бақылау жасау өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жүктеледі.

      42. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды осы Ережелердегі 40 тармақта көрсетілген жағдайлары қоспағанда, міндетті түрде әкімдіктің уәкілетті органы рұқсатын алдын ала ресімдеу арқылы, сол жер учаскесінде қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.

      43. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      44. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша уәкілетті органға хабарланады.

      45. Шеткі өткізгіштер жолының екі жағында да тұрған электр тораптарының күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1000 В-қа дейінгі және 1000 В-дан артық электр тораптарын және жылу тораптарын қорғау ережелері туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 1436 қаулысына сәйкес 15 метрден бастап 55 метрге дейінгі аралықты құрайды. Бұл аумақтарда тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Қорғалатын және санитарлық - қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз кесу, санитарлық қырқу, бөрікбастарды қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз, бірақ әкімдіктің уәкілетті органына жалпы пайдаланатын аталған жер учаскесінде қызмет көрсететін мамандандырылған мекемені және көрсетілген аумақты күту жөніндегі бағдарламаның әкімгеріне, ескерту арқылы (72 сағаттың ішінде жүргізілетін жұмыс түрлерінің кестесін ұсынып) желілері ведомстваға қарайтын мамандандырылған қызметтер жүргізеді. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерін орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.

      46. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша 72 (жетпіс екі) сағаттың бойында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарланады.

      47. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, бөрікбастар және т.б.) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға рұқсат етілмейді. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.

      Ескерту. 47 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      48. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуі керек.

      Ескерту. 48 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      49. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшін жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:

      а. Жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезінде заңды тұлғалар үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;

      2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғынүй құрылысы (бұдан әрі ЖТҚ) үшін жер учаскесін бөлген кездегі);

      3) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);

      5) қайта салынатын нысандар үшін Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;

      6) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі (және егер құрылыс жүргізілетін жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын);

      7) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;

      8) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;

      9) Осы Ереженің 20, 27, 28, 31 тармақтары ескерілген, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісі-шарт.

      б. бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;

      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;

      3) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі (және егер құрылыс жүргізілетін жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын);

      4) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;

      5) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;

      6) Осы Ереженің 20, 28, 29, 32, 33 тармақтары ескерілген, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісі-шарт;

      Жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;

      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі.

      3) жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай- жоспары;

      4) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.

      49-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер бюджет қаржысына жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

      1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;

      2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;

      3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.

      Жасыл желектердің санын, тұқымдық құрамын, сапасын Ережелердің 19 тармағына сәйкес анықталған, арнайы мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, бағдарламалардың әкімгерлері өз бетінше анықтайды.

      Ескерту. 49-1 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 2009.06.25 N 220 шешімімен.

      50. Қайта салынатын нысандар үшін жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді кесуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған кезде, олар осы Ереженің 49 тармағы а) тармақшасына сәйкес құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет.

      51. Өтініш уәкілетті орган маманының сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.

      52. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және сүңгектерін қалыптастыруға түсетін (қаралатын учаскедегі) желектің 10 бірліктен артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтінішке қоса белгіленген тәртіппен түгендеу және орман ауруларына бейімділік деңгейін зерттеу материалдарын тапсырады.

      53. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты , алайда ағымдағы күнтізбелік жыл айының соңғы күнінен кешіктірмей әкімдіктің уәкілетті органы дербес анықтайды.

      53–1. Рұқсатпен бірге осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгідегі, қалпына келтірілуге және өтемдік отырғызуға, кесілуге жататын жасыл желектердің саны, жүргізілген кесу мен өтемдік отырғызудың жүргізілгені туралы белгісімен рұқсаттың қайтару талоны беріледі. Өтемдік отырғызу біткеннен кейін рұқсаттың қайтару талоны өкілетті органға қайтарылып беріледі.

      Ескерту. 53-1 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      54. Көгалдандырылған аумақтарға осы ережелермен мыналарға рұқсат етілмейді:

      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;

      2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;

      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;

      4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;

      5) автокөлік құралдарының, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;

      6) автокөлік құралдарын жууға;

      7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;

      8) мал жаюға;

      9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;

      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамсыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;

      11) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер жасауға және шарасыздық танытуға.

      Ескерту. 54 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      55. Осы Ереженің күші жеке тұрғын үй мен азаматтардың саяжай учаскелеріне, қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тарамайды.

      Жасыл желектерді санитарлық және амалсыз кесуді, қайта отырғызуды, бөрікбастарды қалыптастыруды, санитарлық қырқуды, ландшафтық кесуді, сүңгегін тазалауды олар қолданыстағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңмен реттелетін, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, өздерінің қарауынша жалпы табиғатты пайдалану тәртібімен рұқсатсыз жүзеге асырылады.

5. Жасыл желектерді қорғау мен күту саласындағы
құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

      56. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.

      57. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережелердің қағидаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  "Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 1 қосымша

Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ 200___ ж. "____" ____________

      Көше_______________________________________________________

      ___________________________________________________________

      аудан________________________________________ Алматы қаласы

      Бiздер, төменде қол қоюшылар,______________________________

      атқарушы органның

      ___________________________________________________________

      лауазымды тұлғасы (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      және тапсырыс берушiнiң өкiлi

      ___________________________________________________________

      түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      Нәтижесiнде анықталды:

N

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Кесілетін

Қайта отырғызу

Көлем

дм

Көлем

дм

1






2






3






4






5






6






7






8






9






10







      Кестенің жалғасы

N

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Сақталады

Сапалық (нақты) жағдайы

Көлем

дм

Жақсы

Қанағат.

Қанағат емес

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10








      Осы акт _____ дана болып жасалды.

      Ескертпе: Тексеру актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.

      Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.

      атқарушы органның

      лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.

  "Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 2 қосымша

Жасыл желектердi кесуге, амалсыз кесуге,
қайта отырғызуға берілген
РҰҚСАТ

      1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      3. Сұралған учаскенің мақсаты

      4. Орналасқан жерi

      5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме

      6. Жер учаскесінiң меншiк түрi (N , күнi)

      7. Уәкiлеттi органның жасыл желектерді зерттеу актiсi

      8. Алматы қаласы жасыл желек қорын өтемдiк қалпына келтiру жөніндегі мiндеттеме (кепiлдiк хат)

      9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесудi келiсiеді:

      "- ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет".

      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:

      1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.

      2. Жасыл желектердi қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.

      3. Рұқсат күшінің мерзімі

      4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.

      Қосымша: ____________

      Ескертпе:____________

      Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.

  "Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 3 қосымша

Жасыл желектердi
Пішіндемелік қырқуға (жасартуға),
санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТ

      1. Кәсiпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      3. Сұралған учаскенің мақсаты

      4. Орналасқан жерi

      5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме

      6. Жер учаскесінiң меншiк нысаны (N, күнi)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес келіседі:

      - жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды).

      Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:

      1. Жасыл желектердi күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.

      2. Рұқсат күшінің мерзімі.

      3. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.

      Ескертпе: ____________

      Атқарушы органның

      басшысы А.Ж.Т.

  "Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 4 қосымша

200___ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi
Алматы қаласы жасыл желектерiнiң
тiзілімi

      Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңын жер санаты,

      өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты

      бойынша бөлу

      Алматы қаласы

      Әкiмшiлiк аудан: (код)________________________________

      Жауапты иесі: _________________________________________

      Жасыл желектер тізілімі

N р/н,

инвен-тарлық N,

жасыл желек төл-құжаты

Жердің функ-

цио-

налдық мақса-ты,

(жасыл желек-тер сана-

ты)

жік-те-

ме-

лік код

Ағаш өсімдігі

Жеке-

леген ағаш-

тар, дана

Топ-

тар, курти-налар

Тоғай-

лар, алқап-

тар, бақтар га

Бағытты көшет-

тер, дана

НЖК

Барлығы:

дана




















      Кестенің жалғасы

N р/н,инвен-тарлық N,

жасыл желек төл-құжаты

Жердің функ-

цио-

налдық мақса-ты,

(жасыл желек-тер сана-

ты)

жік-те-

ме-

лік код

Бұта өсімдіктері

Жеке-

леген дана

Жасыл қор-

шау, дана

Қатар-лық көшет-тер, дана

Топтық отырғы-

зулар,

дана

НЖК

Барлығы:

қума метр/

дана




















      Кестенің жалғасы

Ашық кеңістік

Гүлзарлар

Бір жылдық МІ

Көпжыл-

дық, МІ/дана

Контей-

нерлік, дана

Вазон, МІ

Альпинарий, рокарий, МІ

НЖК

Барлығы:

МІ/дана
















      Кестенің жалғасы

Ашық кеңістік

Көкжелектер

Партерлік, МІ

Кәдімгі, МІ

Топырақ беті жамылғысы, МІ

НЖК

Барлығы:

МІ/дана











  "Алматы қаласындағы жасыл
желектерді қорғау мен күту
Ережесіне" N 5 қосымша

      Ескерту. 5 қосымша толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

РҰҚСАТТЫҢ ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ

      берілген рұқсатқа сәйкес жасыл желектерді

      кесу жұмыстарының жүргізілуіне бақылау туралы

      Тапсырушы:_______________________________________, берілген рұқсаттың уақыты және нөмірі _____________________________________






Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын жасыл желектердің орналасқан орны

Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын ағаштардың тұқымдық құрамы

Саны (дана)

Нақты кесілген жасыл желектер

Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын жасыл желектердің орналасқан орны












      кестенің жалғасы





Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын ағаштардың тұқымдық құрамы

Саны (дана)

Нақты отырғы

зылған жасыл желектер

Ескертулер









      Рұқсаттың қайтару талоны 201__ жылы "____" __________ берілген. Мерзімі өткен соң және өтемдік отырғызулар жоспары орындалғаннан кейін осы рұқсаттың қайтару талоны Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қайтарылуға жатады.

      Табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бастығы __________.

      Ор. ___________, тел.____________.

      __ жылы "____"_________Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бас маманы қабылдап алды ____________, _______. (қолы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады