2009 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 6/1019 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 ақпанда N 809 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2009 жылға арналған ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң ұсынылған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы қала бюджетiнiң 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуді жүзеге асырсын;
      қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi деңгейдегі банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.
      4. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы "2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы" N 10/1245 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 765 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 10 санында, "Вечерний Алматы" газетінің 2008 жылғы 14 ақпандағы  N 20-21 санында жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсiн.
      7. Осы қаулы ресми түрде бірінші жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.

       Алматы қаласының әкiмi            А. Есімов

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 6/1019 қаулысымен бекітілген

Алматы қаласындағы ұйымдардың,
қоғамдық жұмыс көлемдерi мен түрлерiнiң 2009 жылғы
ТIЗБЕСI*

N

Жұмыс түрлерi

Жұмыс істейтiн адам саны

Ұйымдар

1.

Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық ұйымдарына  аумақтарын жинауға көмек беру

1487

Алматы қаласы Алатау, Медеу аудандарының әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі, "Алтын қада" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Iсмер" үй-жай  иелері кооперативтерiнің ассоциациясы, Алматы қаласы Әуезов, Бостандық, Түрксіб аудандарының әкімі аппаратының көріктендіру бөлімдері, Алматы қаласының үй-жай иелері кооперативтерiнің ассоциациясы, "Туран" пәтерлер меншік иелері кооперативiнің қауымдастығы, "Жетісу" үй-жай меншік иелері кооперативтерiнің қауымдастығы  және тағы басқалар.

2.

Құрылыс және жол жөндеу

97

Жол пайдалану учаскелерi және тағы басқалар.

3.

Өңірлік экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

144

"Жасылжелек құрылыс" акционерлiк қоғамы, "Тәртiп" акционерлiк қоғамы және тағы басқалар.

4.

Өңірлік қоғамдық  науқандарды ұйымдастыруға көмек көрсету

1173

"Қазақ тiлi" қоғамдық бірлестігі, "Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы аудандарының әділет басқармалары, құқық қорғау органдары мен ерiктi халық жасақшыларына жәрдемдесу қоғамдық қоры, жергілікті өзiн-өзi басқару комитеттерi, Алматы қаласы аудандарының көші-қон полиция басқармалары, "Правопорядок-Т" қоғамдық қоры және тағы басқалар.

5.

Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен жұмыс жасау және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу 

850

"Алматы қаласы "Алатау" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі, Жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі "Намыс", Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек биржасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, Алматы қаласы әкімдігі жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, "ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасындағы Алматы филиалы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мемлекеттік мекемесі, "Көмектес" көз мүгедектігі бойынша қоғамдық қайырымдылық қоры, "Арман" бос уақытты тиімді өткізу орталығы, "Дана" отбасын әлеуметтік қолдау орталығы, "Доверие плюс" қоғамдық қоры, "Ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры, "Эльдани" балалар қайырымдылық қоры, Түрксіб аудандық "Мүгедектер ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігі, "Қазақтың соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қазақ соқырлар қоғамының қоғамдық бірлестігінің Алматы оқу – өндірістік  кәсіпорны N 2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, Түрксіб ауданы Көпбалалы отбасылар одағы және тағы басқалар.

6.

Басқалар

249

 

 

БАРЛЫҒЫ

4000

 

      * Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2009 жылы қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңнамасының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады