"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 94 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әдідет департаментінде 2008 жылғы 5 мамырда N 1674 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы N 312 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.11.23 N 312 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қоса берілген "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К.Мырзалинға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның бірінші ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің 2008 жылғы
8 сәуір N 94 қаулысымен 
бекітілді        

"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты

Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті айқындау:
      "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою"

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны:
      автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы N 451 Заңы 4-4 бабы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінің 3 тармағы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Ереже).

      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе өзге субъектілердің атауы:
      "Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент);
      мемлекеттік қызмет көрсетілетін орын:
      Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;
      веб-сайт:
      Солтүстік Қазақстан облысының www.sko.kz ресми сайты, "Ішкі саясат" веб-парақ.

      5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:
      Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама).

      6. Берілген мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын оның меншік иесімен, басып шығарушымен немесе өзге заңды негіздегі шарт бойынша өнімдерін таратуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету уақытының шектелу мерзімі:
      мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған сәттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      15 күн ішінде:
      тиісті құжат тапсырудағы кезекте күтіп тұруға кететін ең көп уақыт - 20 минут;
      құжатты аларда кезекте күтіп тұруға кететін ең көп уақыт - 20 минут;

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Солтүстік Қазақстан облысының www.sko.kz ресми сайтында орналасқан, "Ішкі саясат" веб-парақ.
      Мемлекеттік қызмет көрсететін орынның мекенжайы:
      Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын ала жазылуға болмайды. Жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

      11. Азаматтарды қабылдау бөлмесі тұтынушылармен жұмыс істеуге лайықталған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, күту және қажетті құжаттарды әзірлеу үшін жағдай қарастырылған. Өртке қарсы талаптар сақталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы өтініш (бұдан әрі - БАҚ), мұнда көрсетілуі тиіс:
      өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы, таратушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (Тегі, аты-жөні), орналасқан жері (тұрғылықты жері), Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-ның толық атауының тізбесі, шетелдік БАҚ-ның таратылу аумағы, таратылатын шетелдік БАҚ-ның тілі (тілдері), таратылатын шетелдік БАҚ-ның негізгі тақырыптық бағыты, шетелдік БАҚ-ның хабарлар ретрансляциясының көлемі, мерзімді баспа басылымдарының таратылатын даналарының жорамалды саны, шетелдік БАҚ-ның хабарлар ретрансляциясының көлемі;
      2) жеке тұлға-таратушы үшін - кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану құқығын бекітетін құжаттың көшірмесі;
      3) заңды тұлға-таратушы үшін (филиал немесе өкілдіктің) - заңды тұлғаның (филиал немесе өкілдіктің) мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі.

      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін нысаны Департаментте, мына мекенжайда берілетін өтініш толтыру керек: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін толтырылған өтініш және өзге тиісті құжаттар мына мекенжайға тапсырылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.

      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушының барлық тиісті құжаттарды тапсырғанын растайтын қандай қызмет көрсетілуін сұрағаны, қоса берілген құжаттар атауы, мемлекеттік қызмет тұтынушыдан құжаттың қабылданған күні, құжатты алған күні туралы қолына қолхат беріледі.

      16. Анықтаманы тұтынушы Департаментте, мына мекенжайдан өзі алады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.

      17. Мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартуға негіз болатын жағдайлар:
      1) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілгендей құжаттардағы барлық тиісті құжаттардың берілмеуі;
      2) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілгендей құжаттардағы ақпараттың жеткіліксіз немесе толық еместігін көрсету;
      3) шетелдік БАҚ конституциялық құрылымның күштеп өзгеруін үгіттеу немесе насихаттау, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, соғыс, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, әлеуметтік, сословиелік, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық үстемдіктер, табыну қатаңдығы, зорлық және порнографиялық материалдар болса;
      4) осы қызметтің түрімен шұғылдануға тыйым салатын таратушыға қатысты сот шешімінің болуы;
      5) Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салынғаны туралы шетелдік БАҚ-ның өніміне қатысты сот шешімінің болуы.

3. Жұмыс ұстанымдары

      18. Сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету, құжаттардың тұтынушының қолына берілгенге дейін сақталуын қамтамасыз ету тұтынушыға қатысты жұмыс ұстанымдары болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшаларына сәйкес қол жетімділік пен сапа көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме жұмыстарының бағалануы бойынша мемлекет көрсететін қызметтің қол жетімділігі мен сапа көрсеткіштерінің мақсатты маңызы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағым беру тәртібі

      21. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым беруді әзірлесу Департаментте, мына мекенжайда жүргізіледі: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.

      22. Шағым Департаментте, мына мекенжайда жазылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.

      23. Тұтынушыға шағымының қабылданғанын растайтын шағымның берілген күні, қарастыру мерзімі және берілген шағымға жауап беретін орны көрсетілген қолхат беріледі.
      Шағымның қарастырылу барысы туралы ақпаратты Департаментте мына мекенжайда алуға болады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 419 кабинет.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасары және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері:
      1) Департамент бастығы: электронды мекенжайы: dvp@skо.kz , телефон: 463133, әр айдың 2 және 4 сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 421 кабинет;
      2) Департамент бастығының орынбасары: әр айдың 1 және 3 жұмасы, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, N 420 кабинет, телефон: 463133;
      3) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, сайт www.sko.kz, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша      

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
маңызы

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
мақсатты
маңызы

Көрсеткіштің
есеп беру
жылындағы
күнделікті
маңызы

1

2

3

4

1. Мерзімділік

1.1. Құжат тапсырған
сәттен белгіленген
мерзімде қызмет
көрсету жағдайының %
(үлесі)

90

90

85

1.2. 40 минут
шамасында қызмет
көрсетілу үшін кезекте
тұрған тұтынушылар %
(үлесі)

85

85

80

2. Сапа

2.1. Көрсетілген
қызмет сапасына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)

90

90

90

2.2. Лауазымды
тұлғаның құжаттарды
дұрыс ресімдеу
(аудару, есеп айырысу,
т.б.) жағдайы %(үлесі)

100

95

95

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету
тәртібі туралы
ақпараттың сапасына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)

90

85

80

3.2. Бірінші реттен
құжаттарды дұрыс
толтырып тапсырған
тұтынушылар % (үлесі)

80

75

70

3.3. Интернет арқылы
білуге болатын ақпарат
қызметтерінің %(үлесі)

10

10

0,1

4. Ша ғ ым беру үрдісі

4.1. Берілген қызмет
көрсету түрі бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына шаққандағы
негізі бар шағымдар %
(үлесі)

0,5

0,1

0,1

4.2. Белгіленген
мерзімде қарастырылып,
қанағаттандырылған
негізі бар шағымдар %
(үлесі)

95

0,1

0,1

4.3. Қолданыстағы
шағым беру тәртібіне
қанағаттанатын
тұтынушылар % (үлесі)

85

85

90

4.4. Шағым беру
мерзіміне
қанағаттанатын
тұтынушылар % (үлесі)

90

90

87

5. Сыпайылық

5.1. Қызметшілердің
сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады