"Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 241 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 239 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 қыркүйекте N 1684 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 45 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталаудың ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 241 қаулысына (2005 жылғы 15 қараша Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1603 тіркелді, 2005 жылғы 25 қараша "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2005 жылғы 25 қараша "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақта "департамент" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4 тармақта "облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы. Омаровқа" деген сөздер "облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталау ережесінде:
      9 тармақта "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      11 тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                  С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады