Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1975 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1525 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазандағы N 13-1-138 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1975 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-91, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      7 тармақтың 1) тармақшасындағы "жұмысшыларды" сөзі алынып тасталсын;
      12 тармақтағы "Құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы көшірмесімен бірге ұсынылады, одан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі" сөздері алынып тасталсын;
      18 тармақтың 3) тармақшасындағы "тоқсан сайын" сөздері "ай сайын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                 Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады