Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 мамырда N 13-5-61 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 117 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31-бабы 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша бойынша жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы көлемінде жұмыс берушілер мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасы белгіленсін.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 208 қаулысы күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі М. Тасмағанбетов

  Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылғы 28 наурызда
№ 73 қаулысына қосымша


Кәсіпорын атауы
Жұмысшылардың
жалпы саны
Барлық жұмыс
орнының үш
пайызы
1
"Жарық-2005"
Жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
148
4
2
"Раисовское"
Жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
170
5
3
"Алиби-Ишим"
Жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
100
3
4
"Айса" Жекеменшік
шаруашылығы
3
1
5
Солтүстік
Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов
атындағы аудан
әкімдігінің
шаруашылық
жүргізу
құқығындығы
"Еңбек"
Мемлекеттік
коммуналдық мекемесі
51
2
 
БАРЛЫҒЫ:
472
15

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады