Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық колікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 12/87 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 13-6-109 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 24/149 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 24/149 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 6-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2009 жылға жалпы білім беретін оқу орындары Явленка   селосының 1-4 сыныптар оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулеріне құқық берілсін.
      2. Аудан бюджетінен «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» 602464008 бағдарламасы бойынша, «Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша қоғамдық көліктің барлық түрлеріне (таксиден басқа) жүруге  жеңілдіктер» 100 кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік классификациясы бойынша 300 мың теңге сомада қаражаттардың бөлінуі қамтамасыз етілсін.
      3. Есіл ауданының әкімдігіне осы шешімнің іске асырылуы бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ионов Н.А.).
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде  қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                             Г. Макаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады