Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі көріктендіру, жасал желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 6/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 26 мамырдағы N 13-7-84 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 28 мамырдағы N 4/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012.05.28 N 4/4 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 156 Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың         Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс VI сессиясының          хатшысы
            төрағасы
           Б.Оқасов                     Б.Мұсабаев

Жамбыл аудандық мәслихаты
сессиясының
2008 жылғы 21 сәуірдегі № 6/2 шешімімен
бекітілген

Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі көріктендіру,
жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-ші300-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғаудың тәртібі мен жағдайларын белгілейді.
      Ереже жеке және заңды тұлғалардың Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды және жауаптылықты реттейді.

2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі
ұғымдар мен анықтаулар

      2. Ауданның елді мекендерін көріктендіру – ауданның елді мекендері аумағында адамның қолайлы, салауатты және ыңғайлы тіршілік әрекетіне бағытталған элементтер мен жұмыстардың кешені.
      3. Аула ішіндегі аумақтар – шағын сәулетті нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік аялдамасын, сәндік құрылыстарды, үйге жүріс жолдар, аулаға кіретін жолдар орнату үшін пайдаланылатын жерлер.
      4. Бөлінген аумақ – жер пайдаланушыға (кәсіпорынға, мекемеге, жеке адамға және т.б.) иелігіне немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған құқықта уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес оған тиесілі объектілерді орналастыру үшін пайдалануға берілген жер учаскелері.
      5. Іргелес аумақ – ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының, сауда, жарнама және басқа да меншікте, иелікте, жалда тұрған объектілерге тікелей жақын шекаралардағы аумақтар (периметр бойынша 5 метр шекарада).
      6. Жер пайдаланушы – мақсаты мен меншік нысанына (кәсіпорын, ұйым, коммерциялық құрылым, кәсіпкерлер, жеке сектор үйлерін иеленушілер, пәтер меншігінің кооперативтері және басқалар) қарамастан аудандық, қалалық, селолық маңда жер учаскелерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға.
      7. Ортақ пайдаланатын жерлер – демалыс аймақтары (саябақтар, тынымбақтар), алаңдар, көлік тоқтайтын тұрақжайлар және т.б.
      8. Шағын сәулет нысандары – көлемі жағынан салыстырмалы кішігірім сәндік сипатымен қатар практикалық пайдаланылатын объектілер:
      сәндік құрылыстар – мүсіндер, бұрқақтар және сәндік су қоймалары, стеллалар, барельефтер, гүлдерге арналған құмыралар, флагштоктер және т.б;
      практикалық пайдаланыстағы құрылыстар – беседкалар, павильондар, киоскілер, телефон автоматтары, орындықтар, қоршаулар, урналар, көше, үй кестешелері, жарнамалар, пошта жәшіктері.
      9. Ғимарат – функционалдық мақсатына байланысты жерде міндетті тұйық көлемді құрайтын, конструкцияның бағандары мен қоршауларынан тұратын, адамдардың тұруы мен сонда болуы үшін, өндірістік үдерісті орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын сәндік құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      10. Құрылыс – табиғи немесе сәндік кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерісті орындауға, материалдық құндылықтарды сақтауға және адамдардың, жүктердің уақытша болуына (жүруіне), сондай-ақ жабдықтар мен коммуникациялардың (төселімдер, өткізбелер) орналасуына арналған сәндік-қолданбалы жасалған көлемді, жатық немесе түзу объекті (жер беті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс сондай да көркем-эстетикалық, сәндік-қол өнер не болмаса мемориалдық мақсатта болуы мүмкін.
      11. Жүретін бөлік, жүріс – көлік құралдарының тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және тағы басқа аудандық, қалалық, селолық құрылыс объектілеріне өтуді қамтамасыз ететін жолдар элементі.
      12. Тротуар - жүретін бөлікке жақын тұрған немесе одан көгалмен бөлінген, жолаушылардың қозғалысына арналған жолдар элементі.
      13. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде жолдардың, жол құрылыстарының көлік-пайдалану жағдайы сақталатын, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің талаптарына жауап беретін жұмыстар кешені.
      14. Аумақтарды тазарту – аумақтарды жинау, тұрмыс қалдықтарын, қоқысты, қарды жинау, шығару және жою (залалсыздандыру).
      15. Өндіріс және пайдаланған қалдықтар (әріде - қалдықтар) – өндіріс және пайдалану үдерісінде жиналған шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, өзге өнім немесе тағам қалдықтары, сондай-ақ өздерінің сұраныс қасиеттерінен айырылған тауарлар (өнімдер).
      16. Тұрмыстық қатты қалдықтар (әріде - ТҚҚ) – ұсақ тұрмыстық тұтыну қалдықтары.
      17. Ірі көлемді қоқыс (ІКҚ) - өздерінің тұтыныс қасиеттерінен айырылған тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыс техникасы, жиһаз және басқалар).
      18. Рұқсат етілмеген қоқыс төгілетін жер - өз еркімен (рұқсатталмаған) ТҚҚ, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, заңды және жеке тұлғалардың қызмет үдерісінде жиналған басқа қоқысты, қарды, мұзды төгу (орналастыру) немесе жинау.
      19. ТҚҚ, ІКҚ жинау және шығару – ТҚҚ контейнерлерден арнайы көлікке артумен, контейнерлерді тазалаумен, контейнер алаңдарын және ол жерге жүретін жолды шашылған қоқыстан тазартумен және оларды қоқыс жинау жерден кәдеге асыру объектісіне байланысты іс-шаралар кешені.
      20.Уәкілетті орган – «СҚО Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме.

3. Елді мекендердің аумағын күтіп ұстау

      21. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме және ұйым басшыларына және өзге шаруашылық субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге қажет:
      1) күн сайынғы жинау жүргізу, сондай-ақ ғимаратқа іргелес аумақтардан тұрмыс қоқыстары мен қалдықтарын шығару, саз, сұйық кір-коңыс, қар, мұз қиыршықтарын су құбыры құдықтарына, су қоймаларына, көгалдарға, ағаш түптеріне, жолдың жүретін бөлігіне, тротуарларға және аула аумақтарына тастамау;
      2) жер беті және асты суларын өткізуге арналған су ағызу жыралары, көпіршелер, құбырлар, сорғытуларды жинап тазалауды жүзеге асыру;
      3) ғимарат пен құрылыс қасбеттерін, қоршау, кіріс есіктерін, балкон мен лоджий экрандарын, су ағар құбырларын, шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау бойынша жұмыстардың уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету, әкімшілік және өндіріс ғимараттарының шыныларын, жайма сөрелері мен терезелерін жуу, көгалдар мен жасыл желектерді күту, арамшөптерді уақытылы жұлу;
      4) автокөлік пен ауыл шаруашылық техникасын сумен қамту объектілерінің маңында жумау;
      5) көшелерде, тротуарларда, көпірлерде, жүретін жолдарда, өткелдерде және басқа соған бөлінбеген жерлерде құрылыс материалдарын, топырақ, көмір, шөп, сабан, улы химикаттарды, ЖЖМ, минералдық тыңайтқыштар мен басқа материалдарды жиып қоймау;
      6) байқау құдықтарын, су құбыры, телефон және кабель желістерінің канализацияларын және басқа да жер асты коммуникацияларын ашық немесе жарамсыз люктарымен қалдырмау;
      7) жер асты құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеуде топырақты алумен, құрылыстың бастапқы кезеңін жүргізумен байланысты барлық жұмыс түрлерін құжаттар белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген соң жүргізу;
      8) санитарлық-эпидемилогияға қарсы ережелерді сақтау.
      22. Тұрғын үй (бір пәтерлі және көп қабатты) иелері мен пайдаланушыларына аула іші және іргелес аумақтарда қажет:
      1) учаскені тұрмыс қоқысы мен қалдықтарын күн сайын жинау арқылы тазалықта ұстау, оны арам шөптерден тазалау;
      2) қоқыс жинаушы контейнерлерді орналастыруға арналған алаңды көлікке ыңғайлы жақындай алатын жолымен жабдықтау және жарамды күйде ұстау;
      3) іргелес және аула ішіндегі аумақтардағы су ағызу жыра, көпірше, құбыр, сорғытулардың жиналуын және тазалануын қамтамасыз ету, көгалдарды тиісті дәрежеде ұстау, шөпті шабу, қуарған ағаштарды кесу, жолаушылар өтетін жолды, үйге сыртқы кірме сатыны қар мен мұздан тазалау, жол жиектерін ақтау, орындықтарды және тұрмыс-шаруашылық алаңдары жабдықтарын жөндеу.
      23. Қоғамдық көлік аялдамаларының иелері автопавильондарын, отыру алаңдарын, ондағы шағын сәулет нысандарын жинау, күтіп ұстау, жабдықтау мен ағымдағы жөндеуін қамтамасыз етеді.
      24. Тұрғын үй, ғимарат және құрылыс меншік иелері оларды бұзу кезінде олардың астында орналасқан, оларға іргелес аумақты құрылыс, тұрмыс қоқыстарынан және қалдықтарынан тазартуға міндетті.
      25. Тынымбақтарда, саябақтарда, алаңдарда, стадиондарда, жағажайларда және басқа да ортақ пайдаланатын жерлерде мал, құс бағуға жол берілмейді.

4. Сыртқы көріктендіру элементтерін күтіп ұстау

      26. Құрылыс алаңдарын және құрылысты ысыру орны жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін бар периметрінен белгіленген үлгідегі шарбақпен қоршалады. Құрылыс алаңдары, оларға жүретін жолдар көлік шыққан кезде ластануды болдырмайтындай қылып жайландырылады. Жұмыс жүргізу кезеңіне оған іргелес жол саз бен қоқыстан күнделікті тазалану үшін құрылыс ұйымының соңынан бекітіледі.
      27. Қоғамдық пайдаланатын жерлерде урналар қойылуға тиіс. Урналар иелерімен жарамды және таза қалпында ұсталып, қоқыс толған жағдайда тазартылып отырылуға тиіс.
      28. Шаруашылық жүргізуінде инженерлік желістер бар ұйым басшылары канализация, су құбыры және басқа құдықтардың қақпақтары жол жабуының деңгейінде және әрдайым жарамды қалыпта болуын үнемі бақылап отырады.
      29. Қатты отынмен істейтін от жағу иелері жер учаскелерін шлактан тазалану мен оны шығарылуды қамтамасыз етеді, отынды өртке қарсы қауіпсіздік нормаларының қамтамасыз етілуімен оған бөлінген жерге жиып қоюды қамтамасыз етеді.

5. Жасыл желектерді күзету және қорғау

      Жасыл желектер жалпы халықтық қазынасы, маңызды сауықтыру факторы және аудан, селоның көркі болып табылады. Оларды қорғау және күтіп ұстау - әр заңды және жеке тұлғаның міндеті.
      30. Жасыл желектердің ағымдағы күтіп ұсталуы, сақталуы және молықтырылуы сол аумақта бөлінген иелерге, жер пайдаланушыларға, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі.
      31. Құрылыс, жер асты коммуникациясы және инженерлік желістерді салу орнына түсетін жасыл желектерді ысыру және қайта отырғызу жасыл желектерді кесуге немесе тамырымен қопаруға рұқсат болу жағдайында жол беріледі.
      32. Жұмыс жүргізу барысында қажет:
      1) жасыл желектерді зақымданудан қоршау;
      2) аудандық, селолық жолдар, тротуарлар, жүретін жол, алаңдарды орнына келтіру асфальттау кезінде дің ұяларын диаметрінен кемінде 1 метрден қалдыру;
      3) жасыл желектерге күтім жүргізу, соның ішінде:
      қоқыс жинау, көгалдарды тырнауыштармен тырнау, қураған жапырақтарды жинау, арамшөп жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қырқу;
      ағаш діңдері ұяларын орнатумен топырақты қопсыту, ағаштарды әктеу;
      жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды суару;
      ағаштардың бөрікбастарын кесу, кепкен бұтақтарды, балғын бұтақшаларды, сынған бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұталарды жасарту (маманның кеңесі бойынша);
      ауру және қақсал ағаштардан тазарту (комиссия актісі бойынша);
      жасыл қорда бар ағаштарды, бұталарды жөндеп отырғызу;
      ауылшаруашылық зиянкестері және ауруларына, карантин арамшөптеріне қарсы өз күштерімен немесе өсімдікті қорғау станциясымен келісім бойынша жүйелі күрес жүргізу;
      көлік құралдарын көгалдарда, саябақтарда және басқа жасыл желек орындарына қоюға жол берілмейді;
      тұрғын құрылыс алаңдарында, саябақ пен тынымбақта жапырақ күйдіруге жол берілмейді.
      33. Жасыл желек аумағында рұқсат етілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көмір басқа да заттарды жиып қоюға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, дің ұяларын ластауға;
      3) көгалдармен жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыруға және майыстыруға, басқа да механикалық зақым келтіруге;
      4) өз еркімен ағаштар мен бұталарды қырқуды жүзеге асыруға;
      5) қоршаулар орнатуға, гүлдерді жұлуға, көпжылдық гүлдердің түйнектерін, пиязшықтарын қазып алуға;
      6) көгалдар мен гүлзарларда автокөлік қоюға;
      7) жапырақ күйдіруге, көгалдарда жеміс өсіруге, ағаштарға сым, өткізбелер, әткеншектер, жіп, жарнама және кестешелер байлап бекітуге;
      8) мал, құс бағуға, иттерді серуендетуге;
      9) көгалдарда және гүлзарларда цемент ерітіндісін немесе бетон дайындауға.

6. Жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзуына жауаптылықтары

      34. Осы Ережелердің бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңына және Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жауаптылыққа тартылады. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңға сәйкес әкімшілік жауаптылық шараларын қолдану бұзушыны онымен келтірілген материалдық нұқсанның орнын өтеу міндетінен және жіберілген бұзушылықты жоюдан босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады