Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу және әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 29 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 наурызда N 13-9-69 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 3 қазандағы N 02.06-05-05/843 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011.10.03 N 02.06-05-05/843 хаты)

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде ауданның  кәсіпорындарына, мекемелеріне, ұйымдарына әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін.
      2. 2008 жылға арналған әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Қалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы арнайы жария көрген күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін, іс әрекетке енеді.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Аудан әкімінің 2008 жылғы № 29
«Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу
және әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді
жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тізбесін
бекіту туралы» қаулысына 1-қосымша

2008 жылғы «Әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа алу квотасы орнатылған мекеме, ұйым, кәсіпорындар тізбесі»

      1. Жауапкершілігі шектеулі жолдастық «Чистовское»
      2. Ашық акционерлік қоғам «Писаревка»
      3. «Кедр» Шаруашылығы
      4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Үлгі»
      5. Жауапкершілігі шектеулі жолдастық «Қара-яз»
      6. «Қара қоға» шаруашылығы
      7. Жауапкершілігі шектеулі жолдастық «Возвышенко элеваторы»
      8. Жауапкершілігі шектеулі жолдастық «Агротех»
      9. ЖК «Шлендик»
      10. ЖК «Обухов»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады