Тимирязев ауданының елді мекенін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 6/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 мамырда N 13-12-63 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы N 4/14 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 4/14 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармақ 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданын көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      VI сессиясының төрағасы                    хатшысы
      С.Жүкеев                                   А.Анненков

2008 жылғы 29 сәуірдегі № 6/1
аудандық мәслихат сессиясының
шешімімен бекітілді

Тимирязев ауданының елді мекенін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі

1. Жалпы жағдай.

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3300-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару» Заңының 6-бабы және басқа да нормативті-құқықтық актілер мен жасыл желектерді қорғау және иттерді ұстау, көркейту тәртібін бекітеді.
      Ереже ауданның елді мекендерінде ішкі құрылым нысандарын қорғау  және ұстау, жасыл желектерді қорғау, көркейту саласында заңды және жеке тұлғалар жауапкершілігін белгілеп, қарым-қатынасын реттейді.

Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар және анықтамалар

      2. Ауданның елді мекендерін көркейту – ауданның елді мекен аумағында адамның тіршілік әрекетіне сау және ыңғайлы, қолайлы жағдай жасауға бағытталған, жұмыс және кешен элементтері.
      3. Ішкі аула аумақтары деп - аулаға кіру, сәндік өсімдіктерді  орнату, автокөліктер тұрағын, балалар, сәулет өнерлер нысандары, контейнерлік алаңдарды бекітуге пайдаланылатын жерлер танылады.
      4. Бөлінген аумақ - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өкілетті органдар шешіміне сәйкес қолдану, иелікке немесе жер пайдаланушыға (кәсіпорын, мекеме, жеке тұлғаға және т.б.) оған тиісті нысандарын орнату үшін берілген жер участкісі.
      5. Жататын аумақ - меншіктікке жататын, иелікке, жалға алу, жарнама және басқа да нысандар, сауда нысандарына, құрылыс алаңы, қоршау, ғимарат шекарасына жақын (шекарада 5 шаршы периметр бойынша) аумақ.
      6. Жер пайдаланушы – меншік түрі және мақсатынан тәуелсіз (кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық құрылым, кәсіпкерлер, жеке сектордағы үй иелері және басқалар) елді мекендер шегінде жер учаскелер пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар.
      7. Жалпы пайдалынатын орын – демалу аймағы (саябақ, гүл алаңы), алаңдар, автокөлік тұрақ алаңы және т.б.
      8. Шағын сәулет түрлері – сәндік түр ретінде, қолайлы қолдану түрінде – нысан көлемі бойынша шағын нысандар.
      сәндік құрылыстар – мүсіндер, фонтан және сәндік су айдыны, стеллалар, барельефтер, гүлсауыт, флагшток және т.б);
      қолайлы пайдаланатын құрылыс – күрке, павильондар, киосктар, телефон автоматы, орындықтар, қоршаулар, урналар, үй, көше
маңдайшалары, жарнама, пошталық жәшіктер және т.б.
      9. Ғимарат – көтергіш және қоршаулы үлесімнен тұратын, міндетті түрде жердегі тұйық көлемді құрайтын, функционалдық міндетіне байланысты адамдардың болуына және тұруы үшін, өндірістік процестерін орындауына, және материалдық құндылықтарды сақтауға және орналастыру үшін жасанды құрылыс. Ғимаратта жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      10. Ғимарат - көлемді, жазықтық немесе ұзындық (жер үстінде, су үстіндегі және (немесе) жер астындағы, су астындағы), жасанды немесе жасанды Кеңістік шекаралары және өндірістік процестерді орындау үшін арналған, материалдық құндылықты сақтау және орналастыру немесе
уақытша адамдардың, жүктің болуына (алмасуына), және де жабдықтар мен коммуникация (төсемдер, өткізбе сым) орналастыру нысаны. Ғимарат және де көркем-эстетикалық, сәнді-қолданбалы немесе мемориалды түрде.
      11. Жүретін жол бөлігі, өтетін жол – елді мекен ішінде тұрғын үй және кәсіпорынға, мекемеге, қоғамдық ғимараттарға көлік құралдарына жете берісті қамтамасыз ететін жол элементі.
      12. Тротуар (жүретін жол бөлігі) - жүретін жол бөлігіне жататын немесе көгал алаңмен бөлінген, жолаушылар қозғалуы үшін арналған жол элементі.
      13. Жолдарды ұстау – авто көлік жолдарымен пайдалану талабына жататын, жол құрылыстары, нәтижесінде жол жағдайының көліктік – пайдалану жағдайын қолдайтын жұмыс кешені.
      14. Аумақты тазалау – қызыл су мұзын, қарды, қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, ескі-құсқы (зиян келтірмеуін) жинау, аумақты тазалау.
      15. Өндіріс және тұтыныс қалдықтары (ары қарай - қалдықтар) – өндіріс процесінде немесе тұтыныс процесінде, және де тауарлар (өнімдер), өздерінің тұтынушылық қасиетін жоғалтқан өнімдер, шикізат қалдықтары.
      16. Қатты тұрмыстық қалдықтар – тұтынушы ұсақ тұрмыстық қалдықтар.
      17. Ірі көлемді қоқыс – шаруашылық қызмет және тұтыныс қалдығы (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалар) өздерінің тұтынушылық қасиетін жоғалтқан.
      18. Рұқсат берілмеген қоқыс төгетін жер – заңды және жеке тұлғалар қызметі кезінде пайда болған өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыс, қар, мұзды өз еркімен (рұқсатсыз) тұрақты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қоқысты жинау немесе тастау.
      19. Тұрақты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қоқыстарды тасып шығару және жинау – арнайы көлік контейнерінен ТТҚ–ты түсіруіне байланысты, контейнерді тазалау, контейнер аландарын тазарту және кіре берістерді төгілген қоқыстан тазарту, және қоқыс жинайтын орнына ескі-құсқы нысанына тасымалдау.
      20. Уәкілетті орган - «СҚО Тимирязев ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Елді мекен аумақтарын ұстау

      21. Кәсіпорындардың, мекемелердің және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың басшылары және басқа шаруашылық субъектілер,жеке кәсіпкерлерге қажет:
      1) күн сайын үй-жай аумағына жататын аумақтарды тазартуы қамтамасыз етілсін, қалдық коқталарды және қалған қоқыстарды  жинасын;
      2) су жырақаларын, көпірлерді,тұрбаларды, жер астындағы және үстіндегі суды әкетуге жасалған дренаждарды тазарту қамтамасыз ету керек;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды, шартақтарды, шығыс есіктерді, балкондер мен лоджия экрандарын бояу, су ағатын құбырларды, шағын архитекторлық нысандарын жөндеу,әкімшілік пен өндірістік ғимараттардың шынылар мен витриндер, терезелер жуу, көгалдандырылған орындарды ұстау, арам шөп жұлу жұмыстарын уақытында өндіруді қамтамасыз ету керек;
      4) су жинау нысандарының маңында ауыл шаруашылық техникаларын және автокөліктерді жууға болмайды.
      5) ЖЖМ, улы химикаттарды, минералды тыңайтқыштарды, шөптерді, сабан шөпті, көмірді, ағашты, жерге төгуге болмайтын құрылыс материалдарын, және басқа да материалдарды жол бойында, көпірде, тротуарларда, көше бойларында шашып тастауға болмайды.
      6) жылу трассасы құдықтарын, су құбырларын, телефон және кабельдік жүйелерді, басқа да жер асты коммуникациялық жүйелерін ашық күйде қараусыз немесе жөндеусіз қалдыруға болмайды.
      7) бекітілген тәртіпке сәйкес құжаттар ресімделгеннен кейін ғана нөлдік циклдер құрылыстарын құрғанда, жер астындағы құрылыстарды қайта құрғанда және жөндегенде, іргелендіргенде грунт алуымен байланысты барлық жұмыс түрлері өндіру керек;
      8) санитарлық–эпидемиологиялыққа қарсы шаралар сақталу керек.
      22. Тұратын пәтерлік үйлердің (бір бөлмелі және көп қабатты) иелеріне үй алдындағы және үйге жататын аумақтарда мына жұмыстарды ұйымдастыруға ұсынады:
      1) күн сайын үй қасындағы қоқта қалдықтарды жинап участікті таза ұстауға;
      2) көлік жүруге ынғайлы орында қоқта қалдық контейнерлерін орналастыру үшін дұрыс қалыпта алаңды  жабдықтандырып ұстауға;
      3) ішкі үй қасындағы аумаққа жататын газондарды ұстау, арам шөп шабу, кепкен ағаштарды кесу, қар алу және қатқан мұзды адамдар жүретін жолдардан, сатылардан, контейнерларға көлік кіретін жолдардан, алаңға жататын іргетастарды ақтау, орындықтарды және алаңдағы шаруашылық жабдықтарын жөндеу, көпірлерді, турбаларды, дренаждарды, су ағатын жырақаларды жинау және тазартуын қамтамасыз ету.
      23. Қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама иелері жинауға, ұстауға, автопавильондарды жөндеуге және жабдықтауға, көгалдандыру алаңдарын даярлауға, шағын архитекторық нысандарын қамтамасыз етеді.
      24. Тұрғын үй, ғимарат және құрылыс иелері қирату кезінде аумақты және құрылысқа жақын орналасқан, қалдықтармен тұрмыстық қоқыстарды жинауға міндетті,

3. Сыртқы көркейту элементтерін ұстау

      25. Құрылыс алаңының және сынық құрылыс орны жұмыс мерзімі біткенге дейін белгілінген үлгілі қоршаудың барлық периметрі бойынша болу керек. Құрылыс алаңдар мен оларға келетін жолдар көркейтілген болу керек, осыдаң шыққан көлік көшені былықтырмау үшін күн сайын қоқыстан және басқа қоқтадан тазарту үшін;
      26. Адамдар қолдану орындарда урналар орнату қажет. Иелері таза және жайлы қалыпта ұстайды.
      27. Канализацияның, су жүйелерінің және басқа да құдықтардың қақпақтары жол деңгей бетімен және ұдайы дүзеу қалпында ұстауын инженерлік жүйелері бар ұйымдардың басшылары ұдайы бақылауға міндетті.
      28. Қатты отпен жұмыс істейтін қазандықтардың иелері ұдайы жер учаскесін тазарту және шлак шығаруды қамтамасыз етуге, өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етіп қатты отынды әдейілеп даярлаған орынға жинап қоюын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Жасыл желектерді ұстау және қорғау

      Жасыл желектер маңызды безендіру және сауықтыру факторы, жалпы халықтық игілік болып саналады. Оларды қорғау және ұстау - әр заңды және жеке тұлғаның міндеті.
      29. Жасыл желектердің және сақтауы ұдайы өндірісі, ағымдағы ұстауы аумақ бөлінген заңды және жеке тұлғалар, жер пайдаланушылар иелеріне жүктеледі.
      30. құрылыс орнына, жер астына коммуникация төсеуге және инженерлі жүйеге, рұқсат арқылы жасыл желектерді шауып тастау және қайтадан отырғызуға болады.
      31. Өндіріс жұмысы кезінде керек:
      1) жасыл желектерді зақым келтіруден қорғау;
      2) жолдарды, тротуарлар, алаңдарды асфальттағанда 1 шаршы диаметрден кем емес шұңқыр қалдыру қажет;
      3) жасыл желектерді күту, соның ішінде:
      қоқыс жинау, тырнауышпен көгал алаңды тазалау, кепкен жапырақтарды жинау, арамшөптерді шабу, бұталарды кесу;
      жер қыртысын жұмсарту, ағаштар орнатуға шұңқыр, ағаштарды ағарту;
      көгал алаңды, гүлзар, жасыл желектерді суару;
      ағаштардың кеуіп қалған бұтақтарын кесу, сынған бұтақшаларын кесу;
      ағаштарды, тал шіліктерді жасарту (мамандардың кеңесі бойынша);
      құрап қалған ағаштар, ауру ағаштарды жою (комиссия актісі бойынша);
      жасыл зонада ағаштарды және тал шіліктерді отырғызу;
      жүйелі түрде ауыл шаруашылық зиянды жәндіктер және ауруларға қарсы күрес, өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша өз күштерімен немесе арнайы ұйымдармен келісімшарт жасап арамшөптерге қарсы күрес;
      Көгал алаңда, гүл алаңдарында және басқа жерлерде көлік тұрақтарын қоюға болмайды;
      Тұрғын үй құрылыс аумағында, гүл алаңдарында, саябақта жапырақтарды жағуға болмайды.
      32. Жасыл желек аумағында рұқсат берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, жер, отын, көмір және басқа заттарды үйге;
      2) көгал алаңды, гүлзарларды ластау;
      3) көгал алаңда жүру, ағаш, тал шіліктерді сындыру, кесу, басқа да механикалық зиян келтіру;
      4) ағаш, тал шіліктерді өз еркімен шабу, кесу;
      5) көп жылдық гүлдер баданасын қазу, гүлдерді жұлу, қоршау орналастыру;
      6) көгал алаңда, гүлзарда авто көлікті қою;
      7) ағаштарға сым, тікенек сым, жіп, әткеншек, жарнама және тақтайшалар жапсыруға;
      8) мал, құс бағу, ит қыдырту;
      9) көгал алаңда, гүлзарда цемент ерітіндісін даярлау;

6. Заңды және жеке тұлғалардың Ережені бұзғанына жауаптылығы.

      33. Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасымен, Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес заңды және жеке тұлғалар осы ережені бұзғанға кінәлілер жауапқа тартылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық» шараларды қолдану, тәртіп бұзушылықтарды олармен тигізген шығынды төлемеу және жіберілген қателерін жою міндетінен босатылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады