"Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 103 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 маусымда N 13-14-61 тіркелді. Күші жойылды - Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 215 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009.12.10. N 215 Қаулысымен

      «Әкімшілік рәсімдеулер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы 1-бабы9-1-бабы15-1-бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұрпатты стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің бекітілуі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» берілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                        А. Әмрин

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
29 мамырдағы № 103
қаулысымен бекітілді

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ереже

      1. Берілген стандарт жұмыссыз азаматтарға аңықтама беру бойынша мемлекеттік қызметті анықтайды (келесіде – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3.Мемлекеттік қызмет – «Халықты жұмыспен қамту туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (келесіде – «ЖҚ және ӘББ» ММ).
      5. Мемлекетік қызметтің аяқталу формасы аңықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет азаматтарына жұмыссыз есепке қою бойынша аңықтайды.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлкеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты және толтыру үлгілері Шал ақын ауданы, Сергеев қаласы, Ыбраев көшесі, 50 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендтерде орналастырылған.
      10. Жұмыс жоспары: дүйсенбіден жұмаға көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібі бойынша алдын ала жазылусыз және жұмыс күннің ішінде тез қызмет көрсетіледі.(сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін.)
      11. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты бірінші қабатта орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру үшін орындар, қажетті құжаттар тізімі және толтыру үлгілерімен стендтер бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін арызданушы ұсынады:
      1) жеке куәлік (паспорт);
      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ыхтиярхатын және ішкі істер органында тіркелгені туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
      3) оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін ұсынады;
      4) анықтама белгіленген үлгідегі арыз;
      5) анықтама үлгідегі;
      6) күні және орындалу мерзімі көрсетілген үзбелі талон беріледі;
      7) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
      «ЖҚ және ӘББ» ММ, жұмыс кестесі мен қабылдау күні: дүйсенбіден жұмаға көрсетіледі: 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, 50 үй, телефон: 8-715-34-2-18-31.
      13. Барлық қажетті өтініштер бланктері «ЖҚ және ӘББ» ММ қабылдау бөлмесінің мамандарында;
      14. 12 тармақта тізбеленген құжаттар «ЖҚ және ӘББ» ММ құрылымдық бөлімшесіне беріледі; «ЖҚ және ӘББ» ММ, мекен-жайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, 50 үй.
      15. Құжатты тапсырған өтінушіге қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген үзбелі талон беріледі;
      16. Қызмет көрсетудің әдісі – жеке бару.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, 50 үй
      17. Ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы мемлекетік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз болады:
      1) арызданушымен берілген мәліметтердің күмәнділігі;
      2) жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелмеуі.

3. Жұмыс принціпі

      18. қызметті тұтынушыға қатысты басшылық жасайтын мемлекеттік органның жұмыс қағидалары:
      жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алуға;
      сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
       мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне арқа сүйей алады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «ЖҚ және ӘББ» ММ, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбраев көшесі 50 үй телефон: 8-715-34-2-18-31, электрондық пошта мекен-жайы ro-shal@mail.online.kz мекен-жайы бойынша «Шал ақын  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
      22. Шағым беріледі:
      «ЖҚ және ӘББ» ММ-нің бастығына, мекен-жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбраев көшесі 50 үй телефон: 8-715-34-2-16-91, электрондық пошта мекен-жайы ro-shal@mail.online.kz
      Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бастығына, мекен-жай:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, телефон 8-715-46-56-48, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
      23. Шағымдарды қабылдауды және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын қарастыруды растайтын құжат: шағымның қабылдануы туралы талон, азаматтардың үндеулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: «ЖҚ және ӘББ» ММ, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбраев көшесі 50 үй телефон: 8-715-34-2-16-91, электрондық пошта мекен-жайы ro-shal@mail.online.kz

6. Байланыс ақпарат

      24. «ЖҚ және ӘББ» ММ-нің бастығы, мекен-жай: Солтүстік
Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбраев көшесі  50 үй телефон: 8-715-34-2-16-91, электрондық пошта мекен-жайы: ro-shal@mail.online.kz
      ЖҚ және ӘББ» ММ-нің бастығының орынбасары, мекен-жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбраев көшесі 50 үй телефон: 8-715-34-2-15-37, электрондық пошта мекен-жайы: ro-shal@mail.online.kz
      Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бастығы, мекен-жай:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, телефон 8-715-46-56-48, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
      25. Тұтынушыларға қосымша қызметтер туралы ақпарат:
      келген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру;
      жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;
      жұмыссыздарды кәсіби оқуларға жіберу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады