Көше атын беру туралы

Күшін жойған

Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 20 шешімі. Жылыой аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 23 қыркүйекте N 4-2-98 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 24 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2010.12.06 N 24 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына  және Жылыой ауданының 80 жылдық мерей тойына орай есімі елге танымал адамдарды есте қалдыру мақсатында Аудандық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 13 қыркүйектегі N 11 қортындысына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Тұрғызба селосының орталығындағы N 313 (М. Қазанбеков) үйі мен селолық емхана ғимараты аралығындағы көшеге екі мәрте "Қызыл Жұлдыз", "Даңқ" орденінің иегері Айтқұл Жолдыбаевтың есімі берілсін.         2. Айтқұл Жолдыбаев есімі берілген көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау тапсырылсын.
      3. Шешім Әділет басқармасына тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
      Селолық округ әкімі           Н. Балғынбаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады