Исатай аудандық әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 220 "Қамысқала селолық округінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Исатай аудандық әкімиятының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 185 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 4-4-125 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық әкімиятының 2011 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық әкімиятының 24.05.2011 № 77 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасындағы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Исатай аудандық әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 220 "Қамысқала селолық округінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылы 24 желтоқсанда N 4-4-81 тіркелді. Аудандық "Нарын таңы" газетінде 2008 жылы 29 ақпанда N 9 ресми жарияланған).
      2. Қамысқала селолық округінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес жалғыз басты, асыраушысы жоқ қарттарға және 18-ге толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызметтер көрсету туралы толықтырулар енгізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Хисметуллинге жүктелсін.
      5. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі                                      З. Сүйнешов

Исатай аудандық әкімиятының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 185 қаулысына қосымша 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Жалғыз басты, асыраушысы жоқ қарттарға және 18-ге толмаған
мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызметтер
көрсету (мемлекеттік қызметтің атауы)
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметінің анықтамасы Жалғыз басты, асыраушысы жоқ қарттарға және 18-ге толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызметтер көрсету (мемлекеттік қызметінің нормативтік құқықтық анықтамасы)
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы): Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де Нормативтік-құқықтық актілерге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306 "Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгі ережесі" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субьектілердің атауы: Қамысқала селолық округі әкімінің аппараты, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, И. Шөкетаев көшесі N 4 үй.
      5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді  аяқталу нысаны: Үйден әлеуметтік қызметтер көрсету.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды       тұлғалардың санаты: Жеке тұрғындар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Шектеусіз.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы Қамысқала селолық округі әкімі аппаратында ақпараттық стенділер ілінді, басқа да қажетті ақпаратты Қамысқала селолық округі әкімі аппаратының бас маманынан алуға болады.
      10. Жұмыс кестесі: Тұтынушылар мен әлеуметтік            қызметкерлердің келісімді кестесіне сәйкес белгіленеді.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету үй-жәй  режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүгедектері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған): Қызмет көрсету тұтынушылардың тұрғылықты үй-жәй орнында. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібі: Қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау, әлеуметтік қызметтер көрсету және жеке оңалту бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүргізу.
      13. Жалғызілікті қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарды анықтау және олардың есебін жүргізу.
      14. Қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      15. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету.
      16. Қызмет көрсетілетін адамдарға олардың құқықтары,  көрсетілетін қызметтер көлемі мен түрі туралы хабардар ету.
      17. Әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Селолық округі әкімі аппаратының тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуде басшылыққа алатын негізгі қағидалары:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетуде қажетті ақпаратты тұтынушыға толық жеткізу, сыпайылық;
      2) азаматтардың тапсырған құжаттарында көрсетілген ақпараттардың мазмұнының құпиялылығын сақтау;
      3) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нәтижесі селолық округ бойынша құрылған арнайы комиссияның жұмысшы тобының анықтамасы бойынша бағаланады.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіз - дігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, мекен-жайы, телефон нөмірі, лауазымды адам: Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылы, И.Шөкетаев көшесі N 4 үй. Телефон: 24-4-24, селолық округ әкімі Б.Мусин.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды адам:  кабинетінің нөмірі: Қамысқала селолық округі әкімінің аппараты, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылы, И.Шөкетаев көшесі N 4 үй. Телефон: 24-4-24, селолық округ әкімі Б.Мусин.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауы, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері: Шағым арыз-шағым тіркеу журналына тіркеледі және 15 күн ішінде қаралып, жауабы беріледі, тел.: 24–4–24, селолық округтің бас маманы С.Омашев.

6. Байланыс ақпараттары

      24. Қамысқала селолық округі әкімі аппаратының байланыс деректері: Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылы, И.Шөкетаев көшесі N 4 үй. Қабылдау бөлмесінің телефоны 24-4-24; Қамысқала селолық округі әкімі аппаратының бас маманының телефоны 24-4-73. Азаматтарды қабылдау кестесі: Тұтынушылардың тілегіне орай аптаның барлық күндері қабылданады.
      25. Тұтынушылар үшін басқа да пайдалы ақпаратты селолық округі әкімі аппаратының бас маманынан білуге болады.

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)


100


90


85

1.2. Қызмет алуға
қанағаттанған тұтынушылардың %
(үлесі)


100


90


85

2. Сапасы

2.1. Қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған тұтынушы
лардың % (үлесі)

100


90


85

2.2. Құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп
айырысулар және
т.б.) % (үлесі)


100


95


90

3. Қол жетімділік

3.1.Қызметті ұсыну
тәртібі туралы
сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)


100


90


80

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100


90


80

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)


-


-


-

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы
түрі бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген шағымдардың % (үлесі)


0,1


0,3


0,5

4.2. Белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)


100


95


90

4.3. Шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

100

95

90

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

95

90

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлер
дің сыпайылығына
қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

100

99

98

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады