2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы 61 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қаңтарда N 14-1-69 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Шымкент қаласы Әділет басқармасының 2010 жылғы 5 мамырдағы N 1-10444/02 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Шымкент қаласы Әділет басқармасының 2010.05.05 N 1-10444/02 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу мақсатында, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
      2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Л.А.Мақашева) бекітілген тізбеге сәйкес 2008 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 13000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      4. Шымкент қаласының қаржы бөлімі (Г.М.Құрманбекова) қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Ү.Аязовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі

Шымкент қаласы әкімдігінің  
2008 жылдың 11 қаңтар      
N 61 қаулысымен бекітілген 

2008 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі

р\с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам

1

4

2

3

1.

Шымкент қалалық әкімдігі, Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

100

2.

Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Жолдар құрылысы және жолдарды жөндеу

90

3.

Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ЖШС "ЛТД-Тұрмыс"

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру

500

4.

Шымкент қалалық 1,2,3 полиция бөлімдері. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесінің, ішкі істер бөлімдерінің жұмысына қатысу

300

5.

Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының білім беру бөлімі, қала мектептері, құрылыс мекемелері

әлеуметтік, мәдени маңызы бар обьектілерді, үйлерді салуға және жөндеуге қатысу

500

6.

Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

180

7.

Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудан әкімдерінің аппараттары, МКҚК "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы". ОҚО ІІД мекен-жай бюросы. Жедел криминалистикалық басқармасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ОҚО бойынша департаменті.

әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

350

8.

Шымкент қалалық әкімдігі қалалық ауруханалар

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру

60

9.

Оңтүстік Қазақстан облысының "СодБи" қоғамдық қоры, "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы

қоғамдық ұйымдарға, қорларға көмек көрсету

120



Барлығы

2200

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарды орташа жұмыс істеу мерзімі 1,5 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кей біріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2008 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгертілуі мүмкін.
      Жұмыссыздардың жалақысы жеке еңбек шарты негізінде 13000 теңге көлемінде қалалық бюджеттен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады