Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының шекарасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 12/83-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 4 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 қазанда N 14-6-59 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 4 тармағына және 31 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабау ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының 142,0 гектар жеріне, қосымша 13,7 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 155,7 гектар жерге ұлғайтылып ауылдың шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы аудандық мәслихаттың және аудан әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.А. Есіркепов
      Аудан әкімі                                Н.Н. Әжіметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А.Ж. Омаров  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады