Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 244 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 тамызда N 14-12-64 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы N 113 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.03.15 N 113 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес кандидаттардың сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленіп, оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыруды қамтамасыз ету ұйымдастырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Қ. Еспенбетовке жүктелсін.      

      Аудан әкімі                                С. Әбдіқұлов          

      Созақ ауданы әкімдігінің
      2008 жылғы 18 шілдедегі
      N 244 қаулысымен бекітілген 

Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру объектілерінің тізімі 

Қ/с

Ауыл әкімшіліктері

Ауылдар мен елді мекендер

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру объектілері

1

Шолаққорған ауыл әкімшілігі

Шолаққорған ауылы

1. "Мыңжылқы" мәдениет сарайы

2. Шолаққорған жалпы орта мектебі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады