Түлкібас поселкесіндегі "Мир" көшесінің атын "Әбдірәсіл Ермағамбетұлы" атымен өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 35 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 мамырда N 14-14-53 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 08.12.1993 жылғы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Түлкібас поселкесіндегі "Мир" көшесінің атын "Әбдірәсіл Ермағамбетұлы" атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын Түлкібас поселке әкімі аппаратының бас маманы Ф. Ильясоваға жүктелсін.      

      Түлкібас поселке әкімі                     Қ. Ахметов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады