Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қаңтарда N 5-2-100 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 5 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009.06.22 N 5 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 74-III Заңының 17-бабына және "ҚР әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзуге арналған комиссия мына құрамда құрылсын:

Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы

- қорғаныс iстерi жөнiндегiбасқарманың бастығы, төраға

Азбергенов Сержан Мұхтарұлы

- мемлекеттiк-құқықтық бөлiмніңбастығы міндетін атқарушы,төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Майлыбаев Талғатбек Смағұлұлы

- iшкi iстер басқармасы бастығыныңорынбасары (келiсiм бойынша)

Күшенев Ержан Мүтдәсірұлы

- медициналық шақыру комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)

Сагитова Гулмира Тұрсынғалиқызы

- медбике, хатшы (келiсiм бойынша)

      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Семей қаласының әкімінің 2009.01.23 N 1 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
      2. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
      Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім дәрежесін және алған мамандығын, дене даярлығы деңгейiн анықтау, әскерге шақырылатындарды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орнына түсуi үшiн үмiткерлердi iрiктеу мақсатында жүргізілсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ә. М. Бегалинаға (келiсiм бойынша):
      1) жас жігіттерді медициналық куәландыруды жүргізу үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бұдан әрі - ҚІБ) бөлінген дәрігер-мамандар және орта медициналық персоналға, олардың атқарып жүрген қызметі мен еңбекақысын негізі істеп жүрген жұмысы бойынша сақтау;
      2) емдеу – алдын алу мекемелерiнiң стационарларында жас жiгiттердi ҚIБ жолдамасы бойынша 10 тәулiк iшiнде қосымша тексерудi жүргiзу үшiн төсектер резервiн жасау;
      3) жас жігіттер тексерілуге және емделуге жіберілетін емдеу мекемелерінің тізбесін ҚIБ тапсыру ұсынылсын. Әскери оқу орындарына кандидаттарды тереңдетіп медициналық куәландыруды ҚIБ N 025/У және 025/1/У есеп нысандарын және басқа медициналық құжаттарды ұсына отырып жүргізу;
      4) тіркеу кезеңінде тістерін емдетуге мұқтаж жас жігіттердің ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз ету;
      5) тіркеу аяқталған соң 2009 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде қалалық ҚIБ алынған мәліметтер негізінде емдеуге және медициналық тексеруге мұқтаж жас жігіттерді N 1 және N 2 тізімдер (N 054/У есеп нысаны) бойынша мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруға дейін емдеу мақсатында қаланың емдеу мекемелеріне бекітіп беру ұсынылсын.
      4. Бiлiм бөлiмiнiң бастығы М. К. Дүйсембаева:
      1) әскери – оқу орындарына кандидаттарды кәсіптік-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссиядан өту күніне дейін қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
      2) әскери оқу орындарына кандидаттардың білімін (тест сынағымен) орта мектептің бағдарламасы көлемінде математика, физика, орыс тілі, Қазақстан тарихы бойынша, дене даярлығын тексеру жөніндегі комиссияны құрсын. Нәтижелерін 2009 жылғы 31 наурызға дейін ҚIБ ұсынсын.
      5. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
      1) әскерге шақырылуға деиінгі азаматтарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
      2) әскерге шақырылуға деиінгі азаматтарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алатын шараларды қабылдасын.
      6. Білім мекемелерінің және меншік нысандарына қатыссыз өзге ұйымдардың басшылары (келiсiм бойынша):
      1) 1992 жылы туған әскерге шақырылуға деиінгі азаматтардың көрсетілген мерзімдерде ҚIБ келуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды стационарлық емдеу және амбулаториялық талдауларды жүргізу үшін шақыру комиссиясының жұмысы кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
      7. Ішкі істер басқармасының бастығы Ж. К. Исаділовке (келiсiм бойынша):
      1) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу;
      2) 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында ҚIБ хабарландыруы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 265 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 638 «Мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» біріккен бұйрығының талаптарына сәйкес әскери есепке алынудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді қамтамасыз ету ұсынылсын;
      8. Қаржы бөлімінің бастығы Р. Қ. Кәкiмова бекiтiлген қаржыландырудың 2009 жылға арналған жоспарына сәйкес әскери қызметке тiркеу және шақыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды жүргiзсiн.
      9. Семей қалалақ қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма бастығы Ш. Н. Шахановқа (келiсiм бойынша) 2009 жылғы 11 сәуірге дейінгі мерзімде осы қаулының атқарылуы жөнінде баяндау ұсынылсын.
      10. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      11. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады