2009 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 200 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қаңтарда N 5-6-87 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 663 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2009.06.02 N 663 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1, 20 баптарын және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген ережелерін басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға Аягөз ауданы мен Аягөз қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстың 550 орынға тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса тіркеледі).
      2. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен және жұмыс берушінің атқарған жұмыс есебінен жүргізіледі, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай  және жеке келісім шарт негізінде ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың төлем ақысы атқарған жұмыстың ауырлығын ескеріп, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбек ақыдан кем болмауы керек.
      3. Аягөз ауданының әкімдігінің 2007 жылдың 12 желтоқсандағы № 441 "2008 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (2008 жылдың 08 қаңтарындағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-6-62, № 7 (631) "Аякөз жаңалықтары" газетіне 2008 жылдың 16 ақпандағы жарияланған) қаулысының және Аягөз ауданының әкімдігінің 2008 жылдың 20 ақпандағы № 620 "Аягөз аудандық әкімдігінің 2007 жылдың 12 желтоқсанындағы № 441 "2008 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2008 жылдың 08 сәуіріндегі нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-6-71, № 22 (646) "Аякөз жаңалықтары" газетіне 2008 жылдың 31 мамырында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің  орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Аягөз ауданының әкімі          Н. Әзімбаев

Аягөз ауданының әкімдігінің
12.12.2008 жылғы № 200 қаулысына
қосымша

Төлемді қоғамдық жұмысты ұйымдастыратын ұйым,
мекемелер тізбесі

Жұмыс  беруші нің атауы

Төлемді  қоғамдық  жұмыстың  түрлері

Жұмыс көлемі

Қатысушы саны

Қаржыландыру  көзі

Еңбек  ақы төлемінің мөлшері

Жиыны

ауыл

Бюджет

Жұмыс пен қамт ушы

1

«Шығыс Қазақстан  облысы, Аягөз  ауданы әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекеме, «Аягөз қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме, «Ақтогай кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме, барлық 22  ауылдық  округі әкім дерінің  аппараттары

Аумақ  тазалығы,  құрылыс  жөндеу жұмыстары, қоғамдық  науқандық  жұмыстар  (социологиялық сұраулар жүргізу,  көше бойынша тұрғындардың
әлеуметтік  тұрмыс  жағдайын,  санын  анықтау),  жөндеу  жұмыстарын жүргізу, экологиялық сауықтыру, жеке тұлғалардың есебі  базасымен жұмыс, аумақ тазалығы,  мекеме  тазалығы,  құрылыс, жол жөндеу,  әлеуметтік  мәдени  обьектілерді жөндеу, ауыл шаруашылық  зиянкесімен  күрес  балалар мен жасөспірімдердің бос  уақытын ұйымдастыру, мерзімді  жылыту жұмысы,  күзет,  шаруашылық  жұмыс,  науқандық  аймақтық  жұмыс

1332  шаршы  метр,  бокс 50  шаршы  метр,  аумақ-512 шаршы  метр,  газон 464 шаршы  метр,  шырша  ауданы  1160  шаршы  метр,  күніне  200  өзгеріс  енгізу  500 шаршы метр 968 шаршы  метр,  25-30 үй айына 600  үй, 23  селолық  округ

163

140

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

2

«Аягөз ауданының  прокуратурасы»  мемлекеттік  мекеме

Құжаттармен жұмыс,  мезгілді  жылыту  жұмысы,  мекеме  тазалығы.

282,6  шаршы  метр,  электр  қазандығы , құжат  айналымы  жылына  4325

6


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

3

«Аягөз ауданының  әділет басқармасы»  мемлекеттік  мекеме

Құжаттармен  жұмыс


16


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан
төмен емес

4

«ШҚО  ішкі  істер  департаменті  Аягөз  қаласы  және  Аягөз  аудандық  ішкі  істер  бөлімі» мемлекеттік  мекеме

Сақшы  жұмыстары,  консьерж жұмыстары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,  көш-қон жұмыстарына көмек,  саяжай  учаскелерінде тәртіпті  қадағалауға  көмек.

48  көпқабатты үйге, көшелерге, саяжай учаскелері, барлық ауылдық,  кеннтік  округтер  аймағында

72

62

Бюджет

Жұмыс пен  қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

5

«Аягөз қаласының  қорғаныс  істер  жөніндегі  біріккен  бөлімі»  мемлекеттік  мекеме

Әскери  есепке  тіркеу,  көктемгі,  күзгі  әскерге  шақыру  жұмысы.

Күніне  100  жасөспірімнің  құжатыменжұмыс,  40 шақыру қағаз,  2700 жасөспірімнің  құжаты  әр  шақыруға

5


 

Бюжет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

6

«Аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі»  мемлекеттік мекеме

Мекеме  тазалығы,  ғимараттың  ағымдағы  жөңдеу жұмыстары, науқандық  жұмыс,  күзет,  мұрағатқа  өткізетін құжаттарды әзірлеу, құжаттармен жұмыс.

512 шаршы метр, 6000 іс.

17


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

7

«Зейнетақы  төлеу  орталығы»  мемлекеттік  мекемесі

Құжаттармен жұмыс,  науқандық  жұмыс

6000 іс

8


 

Бюджет


 

Ең төменгі  жалақыдан төмен емес

8

Семей аумақтық  мүгедектер  қоғамының  Аягөз  бөлімшесінің Қоғамдық  бірлестігі  басқарма

Мекеме  тазалығы,  мүгедектердің көрпе,  матрацтарын өңдеу,  огород күзету, үй аралау, мүгедектерге көмек  көрсету, мәдени шараларды өткізу, газет  тарату,  мекеме  жылыту.

Жаңа  жыл-100  сыйлық,  наурыз  -200  сыйлық,  60 адамға ас, 250  адамға  наурыз  көже,  мүгедек- тер күні  420  сыйлық,50 адам -ға газет, 4 га жер,  32 бақша,  2 пеш,  86,1  шаршы  метр

5


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

9

«Аягөз аудандық  ауыл  шаруашылық  бөлімі»  мемлекеттік мекеме

Мекеме  тазалығы,

140 шаршы метр  еденді,  80 шаршы  метр, 2  коридор – 120 шаршы метр,  жалпы  -380  шаршы  метр.

4


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

10

Өскемен  политехникалык  колледжының  Аягөз  қаласындағы  филиал

Аумақ  тазалығы,  мәдени  обьектілерді жөндеу  жұмыстары

1850 шаршы метр - ғимарат

3


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

11

«Аягөзқалалық көп  салалы қазақ мектеп-гимназиясы» мемлекеттік  мекеме

Ағаш егу,  мектеп маңын үшін  топырақ, құм тасу, көк  шөп төсеу,  мектеп  ғимаратыныңағымдағы  жөңдеу  жұмысы  (ақтау,  сылау, сырлау ).

28276  текше  метр,  5610  шаршы  метр

3


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

12

«Қалалық  үйкомшарқұрылыс»  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорыны

Қалалық,  елді мекен,  өнеркәсіп  орындар орналас- қан жерлерді  жинауға,  тұрғын үй  коммуналдық  шаруашылық ұйымдарына  көмек, су  тасқындарына  қарсы шара  жұмысы,  әлеуметтік  мәдени  объектілерді тұрғын  үйлерді  жаңарту,  құрылыс  жұмыстары,  сәулет  ескерткіштер, кешен  аумақтарын  қалпына  келтіру,  өңірлерді  экологиялық сауықтыру,  масштабты  мәдени  шараларды  ұйымдастыруға көмек  көрсету,  шаруашылық  жұмыстар,  жол жөңдеу.

1868 мың. шаршы  метр,  мерекелерге алаңды дайындау

184


 

Бюджет


 

Ең төменгі жалақыдан төмен емес

13

Шығыс  Қазақстан  облысы Аягөз  ауданы әкімдігінің  шаруашылық  жүргізу  құқығына  негізделген  «Аякөз  су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Су  құбырлары,  канализация жүргізу  жұмыстарына байланысты  қосалқы  жұмыстар,  бас  каналдардың көздерін,  арық,  өзендерді  тазалау  жұмыстарына   қатысу, құрылыс, су тасқынына қарсы  шараларды  өткізуге,  көпірлерді,  каналдардың арналарын,  арықтарды,  жылғаларды, өзендерді  тазалауға  қатысу.

312 құдық

15


 

Бюджет


 

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

14

«Дастан»  пәтер  иелерінің  кооперативі

Тұрғын  үйлерді  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу және баспалдақтарды тазалау,  аумақ  тазалығы.

11 тұрғын үйде 42  подъезд,  пәтер

16


 

Бюджет

Жұмыс  пен қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

15

«Шыңғыс» пәтер  иелерінің  кооперативі

Тұрғын  үйлерді  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу және баспалдақтарды тазалау,   аумақ  тазалығы.

9 тұрғын  үй 28  подъездымен  көлемі  20770,6  шаршы  метр

9


 

Бюджет

Жұмыс пен қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан  төмен емес

16

«Арай» пәтер  иелерінің  кооперативі

Тұрғын  үйлерді  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу және баспалдақтарды тазалау,  аумақ  тазалығы.

2200  шаршы  метр,300  тонна

4


 

Бюджет

Жұмыс  пен қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

17

«Бектас» шаруа шаруашылығы

Астық өсіру  бойынша  қысқа  мерзімдік  маусымдық жұмыстар,  өнімді  өңдеу, тасу, тазалау ауыл шаруашылық  зиянкестерімен күрес,  мекеме, аумақ  тазалығы.

50 т. бидай

40 т. ұн

10 т кебек

30 тонна жем

5000т.- 3 қамба

ай сайын

12


 

Бюджет

Жұмыс пен қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес

18

«Еркежан»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік

аумақ  тазалығы,  мекеме  тазалығы,  ғимараттың  ағымдағы  жөңдеу жұмыстары.

5600 шаршы метр.

8


 

Бюджет

Жұмыс пен қамтушы

Ең  төменгі  жалақыдан төмен емес


ЖИЫНЫ



550

202


 


 


 

      Ескертпе:

Қоғамдық жұмыстың шарттары:

      1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 демалыс күнімен қоса 5 жұмыс күнді құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек ақысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы есебінен жұмыссыздың дербес шотына ақша аудару жолымен жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жүзеге асырылады, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, лауазымдарды ауыстыру (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша жоқ болған қызметкердің лауазымын атқару мүмкіндігі, қосымша төлем мөлшері қызметкердің келісімі бойынша жұмыс берушімен белгіленеді, зейнетақы мен әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес жүргізіледі,уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу,денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардыңорнын толтыру.
      2. Төлемді қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтардың еңбекақысы 2008 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жүргізілсін. Қоғамдық жұмыстарда жұмыссыздың еңбегін қолданатын ұйымдар оларға қосымша ақы төлей алады. Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнаманың қоғамдық жұмыстарда еңбек ақы төлеу жағы өзгерген жағдайда төлем мөлшері өзгеруі мүмкін.
      3. Көрсетілген төлемді қоғамдық жұмыстың көлемі орташа статистикалық деп есептелсін.
      4. Ұсыныстар мен сұранымдарға байланысты сол және басқа жұмыстардағы қатысушылардың саны, қатысу ұзақтығы және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізуге жергілікті бюджет қарастырған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                      Мұстафаев Б.У.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады