Қала мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау, жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 6-6/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 20 мамырда N 5-11-78 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі N 6-2/1 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 6-2/1 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 67  баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 2740 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы шешті:
      1. Қала мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау, жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілсін. (қосымша беріледі)
      2. Зайсан аудандық мәслихаты қабылдаған «Зайсан ауданындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, жерді және жасыл желекті қорғау Ережесін бекіту туралы» 29 қазан 2005 жылғы № 17-1 шешімінің (Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 18 қарашада тіркелген, тіркеу № 5-11-22, аудандық «Достық» газетінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы           А.Ө. Самарқанова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                        Н.Қ. Бейсенов

Зайсан аудандық мәслихатының
2008 жылғы 22 сәуірдегі
№ 6-6/1 шешіміне қосымша

Қала мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы жағдай

      1. Бұл ереженің мақсаты Зайсан қаласында және аудандағы басқа да елді мекендер аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтауды қамтамасыз ету, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртіптерін белгілеу.

2. Қала және елді мекен аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтаудың тәртібі

      2. Меншіктің түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар үнемі өз меншігіндегі немесе жалға алған үйлеріне, ғимараттарына бекітіліп берілген аумақтарды, көшелерді, көше бөлігін, алаңдарды тазалықта ұстап, жиналған қоқысты арнайы белгіленген орындарға шығарып отырады.
      3. Әрбір айдың жұма күні тазалық күні болып ұсынылады.
      4. Көлік иелері автокөліктерін және басқа да көлік құралдарын елді мекендер ішінде таза ұстауға тиісті. Шашылатын, төгілетін және көшені ластайтын басқадай жүктер ұқыптап жабылуы керек. Рұқсатсыз асфальттанған көшемен шынжыр табанды техниканың жүруіне рұқсат етілмейді;
      5. Қалада және елді мекендерде қоғамдық дәретханаларды және қоқыс төгетін орындарды тазалықта ұстауды коммуналдық кәсіпорындар немесе иелері жүргізеді.
      6. Суға шомылатын орындарда және оның жағасында  автомашиналарды, үй жануарларын, ит, мысық, кір жууға рұқсат етілмейді. Барлық меншіктің түріне қарамастан су жағасындығы демалыс және көпшілік көңіл көтеретін орындар иелері көріктендіру жобасына сәйкес қоғамдық дәретхана, қоқыс салатын жәшіктер орнатып, өздеріне бекітіліп берген аумақтарды таза ұстауы қажет.
      7. Автокөліктер тұрағы жоба бойынша қатты қабат төселген, көгалдандырылған, көркейтілген болуы керек.
      8. Контейнер қойылатын алаңдар сәулет, құрылыс және санитарлық заңдылықтарға сай орналастырылып, иелері тазалықта ұстауы қажет.
      9. Қарды тазалау қар жауа басталғаннан басталып, батталып қалуға жол берілмей жүргізіледі. Көліктер және жаяу адам жүретін жолдарға қар мен мұзды үюге жол берілмейді.
      10. Қарды, мұзды көрсеткен орынға, су көздерінің және  аймақтарының былғанбауын сақтап шығарады.
      11. Көше, аялдама бөлігіне, қиылыстарына, өрлерге, көпірлерге механизммен құм шашуды жауапты заңды тұлғалар уақытында жүргізуі тиіс.
      12. Сыртқы көріктендіру сонымен бірге ғимараттарды көркемдеу жұмыстары, құрылыс алаңдарын салу ережелеріне сай жүргізілуі керек.
      13. Көшедегі жарық шамдары, жарықтандырылатын жарнамалар қараңғы түсісімен жағылуы керек.
      14. Бұзылуға және салынуға жататын құрылыстар, алаңдар, бұзғанға немесе салынғанға дейін барлық периметрі бойынша белгілі үлгідегі мықты қоршаулармен қоршалуы керек.
      15. Барлық меншік түріндегі мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар,  басқадай мекемелердің кіре берісінде аттары мемлекеттік тілде  жазылып, жарық нүктелері қойылып, мүмкіндігінше гүлзар егіліп, мереке күндері безендірілуі қажет.
      16. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, қоршаулардың, қақпалардың  көше жақ беттері ағартылып, боялып, көше жақ беттеріндегі алаңқай жолға дейін үнемі таза ұсталуы тиіс.
      17. Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар  иелігіндегі жер асты коммуникация жүйелерінің құдықтарының қақпақтарын жол қабатымен бірдей деңгейде орналастырып, олардың  жабық болуын қамтамасыз етеді.
      18. Қала және елді мекен аймақтарында:
      1) тиісті мекемелердің келісімінсіз тұрмыстық және тамақ қалдықтарын жинайтын алаңшаларды орналастыруға;
      2) көше жаққа мал ұстауға, шөп, ағаш, көмір жинауға, әжетхана орналастыруға, мал қорасын, құс үйшігін салуға;
      3) көшелерге, тротуарларға, құрылыс материалдарын, отын, көмір, шөп, сабан, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды, металл қалдықтарын және тағы басқа заттарды үюге;
      4) көшелерді, тротуарларды, арықтарды, бос жерлерді көң - қоқыс пен басқа қалдықтармен ластауға, жуынды, күл, шлак, кірдің суын және ластанған сұйық төгуге;
      5) су алатын шүмектердің, скважиналардың, құдықтардың қасында кір жууға, шайқауға, техника жууға, мал суаруға;
      6) жол жөндеу және жер қазу, тегістеу жұмыстарын жүргізгенде жасыл желектерге зиян келтіруге, жолдың жүретін бөлігінде ертінді, бетон жасауға; жолға, тротуарларға су жіберуге; жұмыс жүргізуге белгілеп берілген шекарадан шығуға; топырақ, құрылыс материалдарымен ағаштарды, бұталарды, жасыл алаңдарды, су жүретін арықтарды, құдықтарды, геодизиялық белгілерді, жолдарды басып тастауға;
      7) көшелерде, алаңдарда қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
      8) Заңмен белгіленген тәртіпте рұқсатсыз құрылыс жүргізуге, көшелерде жер қазуға;
      9) рұқсат етілмеген жерлерге жарнама, хабарландыру, үндеу парақтарын ілуге; көшелерді, алаңдарды, көпшілік орындарды кез  келген қалдық түрімен ластауға;
      10) белгіленбеген жерлерде сауда жасауға тиым салынады;
      19. Мал мен құс тұратын қоралар және оның маңайы малдәрігерлік – санитарлық талаптарға сай таза ұсталып, мал ұстаудан пайда болған қалдықтарды қоршаған ортаға зиян келтірілмей арнайы орындарға шығарылып отырылуы тиіс;
      20. Мал мен құсты бақылаусыз жіберуге болмайды. Олар бір жерден екінші жерге белгіленген мал айдауға арналған жолдармен айдалуы керек.

3. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың және қорғаудың тәртібі

      21. Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
      1) жасыл желектерді елді мекен бас жоспарына және обьектілерді салудың көркейту сызбасына сәйкес отырғызуы;
      2) өз иелігіндегі ғимаратқа қарасты алаңдардағы жасыл желектерді өсіріп, баптауы;
      3) арық суын пайдалану кестесін сақтауы қажет.
      22. Жасыл желектер аймағында:
      1) құрылыс материалдарымен, топырақ, көмірмен, жасыл алаңдарды, гүлзарларды, газондарды, ағаш діңнің айналасындағы шұңқырларды,  көшеттерді ластауға;
      2) жасыл алаңдармен жүруге, автокөліктер қоюға, ағаштарды, бұталарды сындыруға немесе рұқсатсыз кесуге, гүлдерді жұлуға тағы да басқадай жасыл желектерге зиян келтіруге;
      3) көшелерді, тротуарларды, алаңдарды тазарту мақсаттарымен өсімдіктерге зиян келтіретін тұз, тағы басқа заттарды қолдануға;
      4) мал жаюға;
      5) жасыл желек алаңдарын өндірістік және басқадай қалдық сулармен ластауға;
      6) бау – бақша құралдарын, жабдықтарды, орындықтарды, жәшіктерді, қоршауларды бұзуға;
      7) алау жағуға немесе өртке қарсы тәртіпті бұзуға;
      8) ағаштарға электр тогының сымдарын, тікенді сымдарды, кір ілетін жіптерді бекітуге, шеге қағуға, қабығын сыдыруға;
      9) жасыл желектерді суарғанда арыққа сыймайтын артық су ағызуға жол берілмейді.

4. Қала мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау, жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік

      23. Осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шара қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады