Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 05 сәуірдегі N 3313 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 сәуірде N 5-13-44 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы N 02-15/30 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2011.02.23 N 02-15/30 хаты).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2 тармақшасына сәйкес,  мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс берушілерге мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Катонқарағай ауданы бойынша 2008-2010 жылдарға мүгедектер  үшін жұмыс орнына квоталар енгізілген шаруашылық субъектілерінің тізімі бекітілсін (№ 1 қосымша).
      3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік  10 күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сәдуовқа жүктелсін.
 

      Аудан әкімі              С.Зайнулдин

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
"05" сәуір 2008 жылғы      
№ 3313 қаулысына № 1 қосымша  

Катонқарағай ауданы бойынша 2008-2010 жылдарға
мүгедектер үшін жұмыс орнына квоталар енгізілген
шаруашылық субъектілерінің ТІЗІМІ


Реттік саны

Шаруашылық субъектілерінің атауы

Жұмыс орнының жалпы саны

Квоталанған жұмыс орындарының саны (3 %)

1

2

3

4

1.

"№ 22 Кәсіптік мектебі" ММ-сі

72

2

3.

"Катонқарағай аудандық № 1 ауруханасы" коммуналдық  мемлекеттік қазыналы кәсіпорыны

160

5

4.

Большенарым ауылындағы "Ленин атындағы орта мектебі" ММ-сі

77

2

5.

"Большенарым ауылдық лицей" ММ-сі

48

1


Барлығы

357

10

      Аудан әкімі аппаратының басшысы          Л.Тоқсанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады