Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 766 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 5-15-46 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімінің 2009 жылғы 09 маусымдағы N 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімінің 2009 жылғы 09 маусымдағы N 4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
      1) Заңмен белгіленген мерзімде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
      2) 1992 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық- әдіскерлік сабақтар өткізу;
      3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
      4) «Көкпекті ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының әскери-техникалық оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
      2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. № 2 Көкпекті аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (Қ.Т.Толықбаев) (келісім бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:
      1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұқтаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызып емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;
      2) 1992 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-IV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;
      3) дәрігерлер және орта медицина қызметшілері сырқаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.
      4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е.Жұмажанов) 1992 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.
      5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш.М. Құнанбаев) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын.
      6. Селолық округ әкімдеріне:
      1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.
      7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш.Ахмерова) Көкпекті ауданы бойынша 1992 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.
      8. Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 5-15-34) аудандық «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 2 ақпандағы 6 нөмірінде жарияланған аудан әкімінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 757 «Көкпекті ауданы  бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
      9. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің  орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                               Б. Қожамбетов

      Келісілді:

      Көкпекті аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Ш. Құнанбаев

      Көкпекті аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы                      М. Садықов

      № 2 Көкпекті аудандық медициналық
      бірлестігініңбас дәрігері                  Қ. Толықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады