2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 99 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 сәуірде № 3003 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2011.01.26 № 9 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Батыс Қазақстан облысының "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда тұратын мүгедектерді оңалту және оларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-15 шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айсайын тиісті аудандар бюджетінен әлеуметтік көмек төленсін.
      2. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының әкімдері әлеуметтік көмектердің дер мерзімінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы  №27 "2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы бұзылсын.
      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы № 88 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2919 тіркелген, облыстық " Орал өңірі" газетінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 43, "Приуралье" газетінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 44 сандарында жарияланған, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы № 88 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 2 ақпандағы № 37 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 тіркелген, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2006 жылғы 11 ақпандағы № 18 санында жарияланған) күшін жойған деп есептелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады